Сабақ мақсаты:Оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Жақсы сөз, сыпайылық, мейірімділік дұрыс әрекет екендігін түсіндіру.
2.Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.
3.Жақсы сөз айтуға, сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) АКТ мүмкіндігі, суреттер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Тыныштық сәті.
.«Орманға саяхат»
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, мектептен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.
Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен,мектепке қарай аяңдаймыз. келіп өз орнымызға отырайық.
Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап
Сабақ барысын талдау:
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабаққа шолу
3.Дәйексөз. « Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану».
3.1. Хормен оқу.
3.2. Дәптерге жазу.
3.3. Дәйексөздің мағынасын ашу.
- Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінер едіңдер?
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен:
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тіліктер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.