Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет7/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Қажетті материалдар мен құралдар:
Ет-пептонды агар және Сабуро ортасы құйылған Петри табақшалары, залалсыздандырылған тұзақтар, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, спирттік шам, микроскоптар.
Тапсырмалар:

  1. Ауа микрофлорасымен танысу.

  2. Оқу ғимаратының әр түрлі бөлмелеріне қойылған Петри табақшаларындағы өскен микроорганизмдердің колонияларын сипаттау.

  3. Микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу.

  4. Бөліп алған культуралар мен коллекциядағы штамдардың клетка морфологиясын салыстыру (әртүрлі туысқа жататын бактериялар).

  5. Бөліп алған микроорганизмдердің клетка морфологиясын бекітілген препараттар дайындап зерттеу, суреттерді салып, түсініктеме беру

Бақылау сұрақтары

  1. Ауадан микрооранизмдерді бөліп алу қалай жүзеге асады?

  2. Микроорганизмдердің макроморфологиясын сипаттау әдістері қандай?

  3. Клетка морфологиясы зерттеу қалай жүзеге асады?

  4. Бөліп алған микроорганизмдердің культуралары мен коллекциядағы штамдардың клетка морфологиясын салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Зертханалық сабақ № 5.


Бөліп алған микроорганизмдер культураларының морфологиясын зерттеу.
Зерханалық сабақтың мақсаты – микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зертханалық сабақтың міндеті – микроорганизмдердің клетка морфологиясын зерттеу, бөліп алған микроорганизмдердің культуралар мен коллекциядағы штамда рдың клетка морфологиясын салыстыру (әртүрлі туысқа стрептомицеттер мен микроскопиялық саңырауқұлақтар).
Актиномицеттер грамоң микроорганизмдердің үлкен тобы, олардың клеткалары тармақталуға қабілетті. Көптеген актиномицеттер қоректік ортаға еніп өсетін субстратты мицелий түзеді. Ауалы мицелийдің гифтерінің ұшында споралар немесе споралар бар спорангийлер қалыптасады. Актиномицеттер спора арқылы, клеткалардың бөлінуі немесе тармақталуы арқылы көбейеді.
Спора түрін, спора формасын зерттеу үшін актиномицеттердің колониясынан таңбалы препарат дайындайды. Таңбаны ауада кептіріп, жалында бекітеді де, фуксинмен бояп, сумен жуады. Микроскоп арқылы препаратта мицелийдің бөліктері, спора түзу түрі, споралардың формалары көрінеді. Саңырауқұлақтар эукариотты организмдерге жатады, мицелиалды құрылымға ие. Олар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Саңырауқұлақтарды зерттеу кезінде «жаншылған тамшы» препараты қолданылады. Заттық шыныдағы су тамшысына сірке қышқылын тамызып, оны араластырады. Сірке қышқылын саңырауқұлақтардың конидийлері сумен нашар суланатындықтан қосады. Бактериологиялық иненің көмегімен колониялардың агарсыз аймағын алады да, тамшыға салып, мицелийлерін ақырын жаяды, жабынды шынымен жауып, 8х, 40х объективтерімен, микроскоппен қарайды. Колонияларды микроскоптау кезінде мицелийдің бөлінуіне, спорангийлердің құрылысына, спора пішініне назар аударады және мицелий диаметрін анықтайды.

Ескерту: 1- Actinoplanes; 2-A morphosorangium; 3 – Spirillospora

Сурет 14 – Актиномицеттердің ауалық Сурет 15 – Актиномицеттердің


спорангийлері мицелийлері

Ескерту: 1 – Trichoderma; 2 – Cladosporium; 3 – Altenaria; 4 – Fusarium; 5 – Stachybotris; 6 – Stemphylium; 7 – Verticillium; 8 – Oospora; 9 – Cephalosporium; 10 – Botrytis; 11 – Phoma; 12 Mycogone; a – конидиилер.
Сурет 16 – Жетілмеген саңырауқұлақтардың конидиносецтерімен конидийлері

Ескерту: 1 – гифалардағы мицелийлер; 2 – мицелийсіз гифалар;
Сурет 17 – Ашытқы саңырауққұлақтарының хламидоспоралары

Ескерту: 1 – вегетативті мицелий; 2 – конидифоралар; 3 – стеригмалар; 4 - конидийлер
Сурет 18 – Aspergillus (а) және Penicillum (б) туысы саңырауқұлақтарының конидийлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет