Сабақ: №12 Мектеп: №38 қазақ орта мектебі Күні



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі199,01 Kb.
#130858
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
13.10 9 кл ҚМЖ қазақ т
Документ, 1 ОСӨЖ Досайқызы Венера ҚТӘ-401 абайтану (1), ӘМІРҒАЛИ ДИАНА БҚБ-303 ОСӨЖ және СӨЖ 3 БХ, Презентация (ддм
Пәнаралық байланыс:

Тарих, экономика, география, биология

Алдыңғы оқу:

Жаһандану дәуірі мен ана тілі

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт:

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері:

Басталуы
5 минут

Сәлемдесу.
Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу.Үй тапсырмасын тексеру.
Топқа бөлемін: «Жыл мезгілдері»
Оқушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.

Жыл мезгілдері суреттері.

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
1-тапсырма.
Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс ғаламдық қауіп-қатердің әршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:
1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер: • Соғыс және бейбітшілік мәселелері; • Этнологиялық мәселелер; • Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі; • Космос пен Әлемдік мүхитты бейбіт игеру мәселелері;
2. Жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер: • Демографиялық мәселе; • Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі; • Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі; • Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;
3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер: • Экологиялық; • Шикізаттық; • Энергетикалық; • Ауа райы және т.б. мәселелер. Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастарды реформалау. Алғашқысы экологиялық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарт тар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қауымдастықты әділ демократиялық негізде реформалауды көздейді.




Сабақтың ортасы
10 минут

Қолдану . 3 топқа тапсырмалар беру.
1 топқа. Мәтіндегі мәліметтерді «Балық қаңқасы» әдісімен түсіндіру.

2 топқа «Егер ..., онда не болар еді?» Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен жаһандану мәселесіне байланысты бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы, ----«Егер барлық мемлекетте робот жасау ісі қатты дамыса, барлық жұмысты роботтар атқарса, Жер бетінде не өзгеріс болар еді?» -- --«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»
- «Егер, демографияда халық саны өте тез көбейсе немесе туу көрсеткіші күрт төмендесе не болар еді?» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.
3-топқа «Ертегі құрастыру» Бастаушы жаһандану тақырыбан байланыстырып ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалған топ мүшелері бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

Оқулық,қабы рғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Сабақтың аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

«5-минуттық эссе» әдісі
Түсінік:
Меніңше, жаһандану ... білдіреді.
Жаһандану үрдістерін білу қажетті мәселеге айналды, себебі ...
Жаһандық мәселелер ретінде ................ есептеймін.
Жаһандық мәселелер ................ басты әсер етеді.
Қазақстанға әсері:
Жаһандану Қазақстанға келесі жолдармен, яғни ............................. әсер етті(өткен шақ).
Жаһандану Қазақстанға келесі жолдармен яғни, .............................. әсер етуде(осы шақ).
Жаһандану Қазақстанға келесі жолдармен, яғни.............................әсер етеді(келер шақ).




Бағалау

5-минут



Кері байланыс
3 минут




Үйге тапсырма: №2-тапсырма

Сабақтан алған әсерлерін «Бес саусақ әдісі» арқылы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет