Оқулық: Б.Қапалбек., Ш.Ерхожина., М.Жолшаева
Алматы «Мектеп», 2020 ж. – 215 бет.
Сабақтың мақсаты:
11.3.2.1 – стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,тезис.аннотация,рецензия жазу
11.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу,тыңдаушыларға ықпал ете білу,шешен сөйлеу
Бағалау критерийі
Стиль түрлерін ажырата алуы.
Шығармашылық жұмыстардың талапқа сай орындалуы.
Ойды анық жеткізу жолдарын жаза алуы.
Теориялық бөлім
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Практикалық бөлім
1-тапсырма.
1-тапсырма, 118-беттегі «А» және «Ә» мәтіні. Екі мәтінді оқи отырып кестені толтыр.
Әртүрлі көркемдік құралдарды тиімді пайдаланып, «Мәдени мұра» бағдарламасы менің өлкемде» атты шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жаз.
3-тапсырма.
Көпшілік алдында сөйлеуде ойдың айқын болуы үшін не қажет? Тізімді жалғастырыңдар.
Тақырыпты жетік білу.
Өзіне деген сенімділік.
Әр сөзді өз мағынасында дәл қолдана алу.
Дескриптор :
- Мәтіндерді оқып стиль түрлерін ажырата алады.
- Шығармашылық жұмыстарынің бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
- Тақырып бойынша жеке көзқарасын тізбектеп жазады.
Кері байланыс
Орындаған тапсырмаңды мұғалімге электронды пошта немесе телеграмм мобильді қосымшасы арқылы жібер.