Сабақ Қаракемер мектеп- балабақшасы Тақырыбы: Күні: Пәні: Сауат ашу Сыныбы: 1 " Ұ " дыбысы мен әрпі



Дата18.02.2017
өлшемі8,28 Kb.
#10012
түріСабақ
  • Ашық сабақ
  • Қаракемер мектеп- балабақшасы
  • Тақырыбы:
  • Күні:
  • Пәні: Сауат ашу
  • Сыныбы: 1
  • " Ұ " дыбысы мен әрпі
  • Балаларды Ұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғындыру. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
  • Балалардың бойында табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Білімділік
  • Дамытушылық
  • Тәрбиелік
  • Сабақтың түрі: аралас сабақ, пәнаралық байланыс түрінде (Табиғат, өмірмен, музыкамен, дене тәрбиесімен).
  • Сабақтың әдісі – тәсілдері: ойын элементтері, көрнекілік,
  • сұрақ – жауап, сөздік.
  • Көрнекі құралдар: сандықтар , кеспе әріптер, суреттер, буындар, үлестірмелі материалдар, бейне роликтер ,текшелер т.б.
  • Сабақтың барысы
  • І Ұйымдастыру кезеңі
  • Балалар, сәлемдесу туралы мақал – мәтелді еске түсірейікші “Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені ”
  • Сәлемдесу:
  • Мен талапты баламын,
  • Дайын дәптер, қаламым.
  • Есептерді шығарып,
  • Жазуларды жазамын.
  • “Кім тапқыр”ойыны
  • Оқушылар өткен әріптерге байланысты , дыбыстардың дауысты ,дауыссыз екенін анықтап қызыл көк текшелермен көрсету.
  • ІІ Өткен сабақты еске түсіру
  • Ж
  • Ж
  • Ж
  • Сөздерді оқы:
  • Жа
  • қ
  • с
  • ға
  • “Алма теру” ойыны
  • Оқушылар алма ағашындағы алмаларды теру арқылы, алмадағы әріптерге байланысты сөз ойлап айту.
  • А
  • Т
  • Ғ
  • Ш
  • С
  • Р
  • П
  • Жаңа сабақ
  • Қане, балалар жұмбақ шешейік.
  • Ұя, ұлу, ұшақтың
  • Басын бастап беремін.
  • Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
  • Ортасында келемін.

\ \ \

  • Ұ
  • Ұ
  • Ұ
  • Ендеше бүрінгі қонаққа келетін дыбыс Ұ дыбысы екен.
  • Ұ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
  • Жуан ба , жіңішке ме?
  • Жуан дауысты дыбыс.
  • Оқулықпен жұмыс
  • Ұ ЛУ ҰЛУ СҰЛУ.
  • ұ лар БҰТАҚ БҰҒЫ
  • ұ лан ҚҰРАҚ Бұлақ
  • ұ шақ СҰРАҚ Бұл бұл
  • Ұұ
  • "Құстың ұясы" ертегісі
  • а) Балалардың ісі дұрыс па?
  • б) Құстарға қандай қамқорлық жасау керек?
  • -Балалар қазір біз құстарға қамқорлық жасап, “ұя”салып көрейік.

Өзіндік жұмыс

  • Суреттерге дыбыстық талдау
  • жасау
  • Сергіту жаттығуы:
  • Қане, қанат жазайық,
  • Қарлығаш болып ұшайық.
  • Ұшып-ұшып алайық
  • Орнымызға қонайық
  • Дәптермен жұмыс
  • Ұұ
  • “Сиқырлы сандық”
  • Оқушыларға Ұ дыбысына байланысты сөздерді алып, сиқырлы сандыққа сәйкес келетін сөздерді салу
  • V. Жаңа сабақты қорытындылау
  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп деп нені айтамыз?
  • Бүгін қай әріппен таныстық?
  • Назар қойып
  • тыңдағандарыңызға
  • көп рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет