Сабақ жоспары: Жалпы рецептура. Рецепт, құрылысы



бет1/3
Дата11.09.2022
өлшемі28,57 Kb.
#149200
түріСабақ
  1   2   3

1 практикалық сабақ


Тақырыбы: Жалпы рецептура. Қатты, жұмсақ, Сұйық және егуге арналған дәрілік қалып түрлеріне рецептерді жазып үйрену (4 сағат).


Сабақ жоспары:

  1. Жалпы рецептура.

  2. Рецепт, құрылысы.

  3. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік түр, дәрілік шикізатқа түсінік.

  4. Қатты, жұмсақ, Сұйық және егуге арналған дәрілік қалып.



Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Практикалық медицина саласы үшін қолданылатын дәрілік заттардың тәжірибелік зерттеудің нәтижелерін пайдалана отырып, олардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикаларының маңызын бағалауды үйрету. Рецепт, рецептің құрылысы және бланк түрлері жөнінде, жалпы рецепт құрастыру ережелері, қатты және жұмсақ дәрілік заттардың концентрацияларын көрсету тәсілдерін, қатты дәрілік заттар мен жұмсақ дәрілік заттарды оқытуды, жіктелуін, дәрілік қалыптардың жазылу ережелері туралы білім қалыптастыру және рецепт жазуды үйрету.


Сабақтың мазмұны:
1. Фармакологияның бір басты саласына фармацияжатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді.
Фармацевтік химия – бұл дәрілік заттардың химиялық құрлысы мен қасиетін, сонымен қатар препараттардың емдік ықпалын алу үшін биологиялық маңызды зататрды зерттейтін ғылым. Фармакогнозия – табиғи өсімдік, жануарлар мен минералды өнімдердің биологиялық белсенділігін, яғни алғашқы өндеулерден алынған дәрілерді зерттейтін ғылымның саласы.

Рецептура– бұл дәрілік түрдің рецептте жазылу ережесі туралы фармация бөлімі. Рецептура дәрігерлік және фармацевтік болады. Дәрігерлік рецептура, препаратты алу үшін дәрігердің дәріханаға жүгіну мақсатына тағайындалған. Фармацевтік рецептура, технолог-фармацевт үшін фармакопия негізінде зауыттарда препараттарды дайындау.


Фармакопея – дәрілік препараттарды дайындаудың және олардың міндетті түрде белсенділігі анықталумен болатын бірыңғайландырылған ережелері бар арнайы кітап. Онда препараттың сапасын анықтайтын стандарттар жиынтығы мен нормалар келтірілген. Сонымен қатар физико-химиялық қасиеттері мен улы және күшті әсер ететін заттар мен басқа да көрсеткіштердің балалар үшін бір реттік және тәуліктік мөлшері кесте түрінде берілген. Мемлекеттік фармакопия ретінде РФ Х және ХІ (1 және 2 том) фармакопиясы қолданылады.


Дәрі-дәрмектерді рецептте жазудың бірнеше түрлері бар:


1. Официнальды немесе ресми (латын тілінде officina – дәріхана) өндірісте шығарылатын, тұрақты құрамы бар, фармакопея мақалаларында келтірілген дәрілік заттар.
2. Магистральды (латын тілінде magister – оқытушы) дәрігердің нұсқауы бойынша жасалатын дәрілер.
Сонымен қатар, рецепттің жазылу мынандай болады:

1. Қарапайым, емдік әсері бар бір препарат жазылады.


2. Күрделі – емдік әсер бар бірнеше препараттар


3. Қысқартылған түр.


4. Кең түрдегі.


5. Мөлшерленген және мөлшерленбеген.


Рецепт- дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген, жазбаша нұсқауы мен жолдамасы. Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат. Рецептура бланктерінің түрлері, олардың қолданылуы және есепке алынуы, сонымен қатар рецептураға қатысты басқада сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 289 бұйрығында көрсетілген. Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің үш түрі бар: дәрілерді толық құнына беретін (кәдімгі бланк), дәрілерді жеңілдікпен беретін (жеңілдік бланк), наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі. Дәрілер тегін келесі жағдайларда жазылып, босатылады: Ұлы Отан соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне, 3 жасқа дейінгі балаларға, көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін, экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді. Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады: қатерлі ісік пен қан аурулары, қант диабеті, психикалық аурулар (І-ІІ топтың мүгедектері), мерез, туберкулез, алапес, ИЖПС, АИВ-инфекциясы. Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін (ресми бланк) бланкты толтырған, соңында дәрігердің қолы, жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек. Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.


Дәріхана – дегеніміз тез бұзылатын қарапайым дәрілерді (ерітінділер, қайнатпа, тұндырма, тұндырма ж.т.б.) дайындайтын, сонымен қатар фармацевтикалық өндірістерде дайындалған дайын дәрілік препараттарды сақтау мен науқастарға дәріні босататын медициналық мекеме. Сол сияқты, дәріхана халықты санитарлық және гигиеналық нәрселермен, танатын материалдармен және басқа да медицина тауарларымен қамтамасыз етеді.
Дәрілерді мөлшерлеу. Дәрі – дәрмектер негізінен белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан, дәрілер әр түрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіштік мөлшерлерімен дайындалады.
1) рецептте 1 грамм дәрінің салмақтық саны 1,0 (грамм) – 1000 мг (миллиграмм).
2) 0,1 г – 100 мг (миллиграмм).
3) 0,01 г – 10 мг.
4) 0,001 г – 1 мг
5) 0,0001 г - 100 мкг (микрограмм).
6) 0,00001 г - 10 мкг
7) 0,000001 г - 1 мкг
8) 0,0000001 г – 100 нг (нанаграмм).
9) 0,00000001 г – 10 нг
Дәрілердің шоғырлауы (топтаулы түрде тұратын заттарды айтады), бұларды үш тәсілмен белгілейді.
1) Пайыздықмөлшер – дәрілік заттың 100 мл-дегі құрамы, масылы, 3% тетрациклин майы, бұл 100 мл-де 3 г дәрілік зат болады; 0,05% прозерин ерітіндісі - 100 мл-де 0,05 г болады.
2) Қатынастық мөлшер – дәрілік заттың салмағын 1 граммда алады, кез келген көлемде (1:10, 1:100, 1:1000). Мысалы, 200 мл суда 1:10 емен қабығының қайнатпасы, яғни 200 мл-де 20 г бар.
3) Салмақтық-көлем қатынаста (мысалы, 20,0 — 200 ml, яғни 200 мл-де 20г дәрілік зат бар).
4) Биологиялық әсерлі мөлшер (дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлері, мұны ЕД (Еденица действия - әсерлік бірлігі) және МЕ (Международная единица –халықаралық бірлік) ББ (Биологиялық бірлік). Мысалы, Окситоцин – 5 ЕД гормоналдық дәрі (5 реттік толғақтық күші бар), жүкті әйелдерге босану кезінде қолданылады.

2. Дәрі-дірмектер ретінде қолданылатын жеке химиялық қосылыстар дәрілік зат деп аталады. Емдік ықпалға және алдын алу шараларына қол жеткізуге қажетті, тәжірибеде қолдану үшін қолайлы дәрі-дәрмектерді дәрілік түрлер деп аталады. Белгілі түрде дайындалған дәрі-дәрмектер, дәрілік препараттар деп аталады. Дәрілік өнім ретінде әртүрлі заттарды қолданады: өсімдік (жүрек гликозиді ж.т.б.), жануар (қалқанша безінің гормоны ж.т.б.), минерал (кальций препараттары) бактериялық (антибиотиктер) және химиялық синтез жолымен (фенобарбитал).


Дәрілерді қолдануға ыңғайлы болу үшін және шикі заттарға дұрыс қолайлы түрдің берілуімен, қалыптасқан ресми түрінде шығарылатын дәрілік түрлер болады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:
1. Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, капсула және т.б.
2. Жұмсақ дәрілік түрлер: май, паста, балауыз және т.б
3. Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, экстракт, линимент және т.б.
4. Егуге арналған дәрілік түрлер: ампула мен флакондарда шығарылатын сұйық және ұнтақ түріндегі дәрілер.
5. Басқада дәрілік түрлер: баллондағы аэрозольды, көз қапшықтары және т.б.
2.1. Қатты дәрілік түрлер
2.1.1.Ұнтақтар (Pulveres) – бұл ішуге және сыртқа қолдануға арналған, сеппелі қасиетке ие қатты дәрілік түр. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:
а/ Қарапайым ұнтақтар – құрамында тек бір ғана зат болады.
б/ Күрделі ұнтақтар – құрамында екі және одан да көп заттар болады.
в/ Мөлшерге бөлінген ұнтақтар. Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3 – 0,5 г болады, ал одан төмен кезінде, оған бейтарап заттар (емдік әсері жоқ зат) қосылып, ұнтақтың осы жалпы салмағына жеткізілуі керек. Мысалы: Морфиннің мөлшері өте аз (10 мг), ал ұнтақтың жалпы салмағы 0,3 г болу керек, сондықтан қант қосылған түрінде жазылады.
Rp.: Morphini hydrochloridі 0,01
Sacchari 0,3
M.f.pulv.
D.t.d. N. 5
S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.
#
Мысалы: Анестезиннің мөлшері бөлінген және салмағымен бірдей, қарапайым жазба ретінде беріледі
Rp.: Anaesthesini 0,3
D.t.d. N. 10
S.1 ұнтақтан күніне 3 рет.
#
г/ Мөлшерсіз ұнтақтар. Мысалы, тальк жалпы салмағы 50 г сеппе түрінде қолданылады. Мырыш тотығы мен тальктің мөлшерсіз жалпы салмағын сеппе түріндегі жазбасы.
Rp.: Zinci oxydi 10,0
Talci 40,0
M.f. pulv.
D.S. Ұнтақ түріндегі сеппе.
#
2.1.2. Таблеткалар (Tabulettae) – дәрілік заттарды немесе дәрілік қоспаларды және көмекші заттарды зауытта тиісті машинамен қысу және жабыстыру арқылы жасалған, мөлшерленген қатты дәрілік түр. Таблеткалар сақтауға және қолдануға ең қолайлы дәрілік түр. Мысалы: Атропиннің таблеткалық түріндегі жазбасы.
Rp.: Atropini sulfatis 0,0005
D.t.d. N. 20 in tab.
S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, тамақ ішер алдында.
#
Кейбір таблеткалардың ішінде емдік мақсатпен қосылған бірнеше заттар бар, сондықтан олардың жалпы коммерциялық аты жазылады. Мысалы: Цитрамон П (ацетилсалицил қышқылы 0,24 г; парацетамол 0,18 г; кофеин 0,03 г; какао 0,0225 г; лимон қышқылы 0,005 г) таблетка түріндегі жазбасы.
Rp.: Tabulettas «Citramonum П» № 20
D.S. 1 таблеткадан бас ауырғанда.
#
Мысалы: Апрессинің қапталған (Obductis) түріндегі жазбасы.
Rp.: Apressini 0,01
D.t.d. N. 20 in obd.
S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет.
#
Мысалы: Аспирин мен кофеиннің күрделі таблетка түріндегі жазбасы.
Rp.: Acidi acetylsalicylici 0,25
Coffeini 0,05
D.t.d. N. 20 in tab.
S. 1 таблеткадан күніне 3 рет.
#
2.1.3. Драже (Dragee) – ішке қолдануға арналған, дәрілік заттар мен көмекші заттарды қант грануласына бірнеше рет қабаттау жолымен алынған қатты дәрілік түр. Көмекші заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағам бояғыштары қолданылады. Драже салмағы 1,0 г. аспауы керек. Мысалы: Д витаминінің драже түріндегі жазбасы.
Rp.: Dragee Ergocalciferoli 500 ME
D.t.d. N. 30
S. 3 дражеден күніне 1-2 рет.
#
2.1.4. Капсула(Capsulaе) – мөлшерленген ұнтақ, баттас тәрізді заттарды, гранулалы немесе сұйық заттар үшін, ішке қолдануға арналып жасалған қаптағыш. Капсулада жағымсыз иісі, дәмі бар немесе тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттарды шығарады. Мысалы: 0,1 г. бромкамфорасы мен 0,05 г. хинидин сульфат ұнтағынан тұратын желатинді капсуланың жазбасы.
Rp.: Bromcamphorae 0,1
Chinidini sulfatis 0,05
M.f. pulvis
D.t.d. N. 20 in capsulis gelatinosis
S. 1 капсуладан күніне 2 рет.
#
2.2. Жұмсақ дәрілік түрлер
2.2.1. Майлар (Unguenta) – тұтқыр консистенциялы және сыртқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түр. Майларды әр түрлі дәрілік заттарды түр беруші затпен, яғни вазелин, ланолин сияқты майлы негіздермен араластыру арқылы жасайды. Майлы негіздерге дәрілік заттармен жақсы араласатын, жағылымы жоғары, бірақ дәрілік заттармен химиялық қосылысқа түспейтін, ауа мен жарық сәулесінен қасиетін жоғалтпайтын бейтарап заттар жатады. Рецепт көбінесе қысқаша түрде жазылады. Мысалы: Тетрациклин майының қысқаша және ашық түріндегі жазбасы.
Rp.: Ung. Tetracyclini 5% - 10,0
D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек.
#
Rp.: Tetracyclini 0,5
Vaselini ad 10,0
M.f. unguentum
D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек.
#
2.2.2. Паста (Pastae) – дайындау кезінде 25%-дан - 60- 65%-ға дейін ұнтақ тәрізді заттардан тұратын, дене температурасында жұмсаратын май қосылған баттас май. Қысқа жазбасы маймен бірдей, ал рецептті ашып жазғанда айырмашылығы болады. Мысалы: Анестезин пастасы, тек ашылған түріндегі жазбасы.
Rp.: Anaesthesini 0,5
Amyli
Zinci oxidi aa 5,0
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.S. Жараның үстіне салуға.
#
Мысалы: Анестезин пастасы, тек қысқаша түріндегі жазбасы.
Rp.: Pastae Anaesthesini 5% - 10,0
D.S. Жараның үстіне салуға.
#
2.2.3. Балауыз (Suppositoria) – мөлшерленген, бөлме жылуында қатты, ал дене жылуында еритін, тік ішекке (suppositoria rectalia) арналған, жалпы салмағы 3,0 г және қынапқа арналған (suppositoria vaginalia), жалпы салмағы 4,0 г болатын жұмсақ дәрілік түр. Балауыздар үш түрлі жазбамен шығарылады. Ресми, коммерциялық және жалпы түріндегі жазбалар.
1) Балауыздың ресми түріндегі жазбасы.
Rp.: Suppositorium cum Metronidasolо 0,5
D.t.d. N. 10
S. 1 балауыздан жатар алдында.
#
2) Балауыздың коммерциялық түріндегі жазбасы.
Rp.: Suppositoria «Anaesthesolum» № 10
D.S. 1 балауыздан жатар алдында.
#
3) Балауыздың жалпы тік ішекке арналған жазбасы.
Rp.: Nystatini 125000 EД
Olei Cacao 3,0
M.f. suppositorium rectale

D.t.d. N. 6


S. 1 балауыздан жатар алдында.
#
4) Балауыздың жалпы қынапқа арналған жазбасы.
Rp.: Nystatini 250000 EД
Olei Cacao 4,0
M. f. suppositorium vaginale
D.t.d. N. 6
S. 1 балауыздан жатар алдында.
#

2.3. Сұйық дәрілік түрлер.


2.3.1. Ерітінділер (Solutionеs) – деп қатты дәрілік заттарды немесе сұйық дәрілік түрлерді сұйықтықта еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде тазартылған суды (Aqua destillata), этил спиртін (Spiritus aethylicus) немесе сұйық майларды: зәйтүн, шабдалы, вазелин (Olеum Olivarum, Persicorum, Vaselini) қолданады. Қолданылуы бойынша ерітінділер сыртқа (көз, құлақ тамшылары және жууға, шаюға арналған ерітінділер) және ішке (тамшы, ас қасықпен – 15 мл, шәй қасықпен – 5 мл, десерт қасықпен – 7,5 мл, мөлшерлі стақанмен) қолданылатын болып бөлінеді. Тамшылар 5-10 мл, ал басқа мақсатпен қолданылатын ерітінділер 50-100мл мөлшерде босатылады.
1) Сульфацил-натрийдің сулы ерітіндісі түріндегі жазбасы.
Rp.: Sol. Sulfacyli-natrii 30% - 10 ml
D.S. 1-2 тамшыдан көзге күніне 3 рет.
#

2) Салицил қышқылының спиртті ерітіндісі түріндегі жазбасы.


Rp.: Sol. Acidi salicylici spirituosae 1% - 40 ml
D.S. Теріге жағуға.
#

3) Токоферол ацетаттың майлы түріндегі жазбасы.


Rp.: Sol. Tocopheroli acetatis oleosae 30% - 20 ml
D.S. 10 тамшыдан ішуге күніне 2 рет.
#

2.3.2. Суспензиялар (Suspensiones) – ерімейтін, ұсақ бөлшектелінген қатты дәрілік заттардың қандайда бір сұйықтықта қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр. Суспензия дисперсионды орта (су, өсімдік майы, глицерин) мен дисперсионды фазадан (аталған ортада ерімейтін қатты дәрілік заттардың бөлшектері) тұратын дисперсионды жүйе. Суспензияны ішуге, жағуға және буынға егуге қолданылады. Мысалы: Гидрокортизонның суспензия түріндегі жазбасы.


Rp.: Susp. Hydrocortisoni asetatis 2,5% - 5 ml


D.S. Көз тамшысы. Күніне 3-4 рет 2 тамшыдан.
#

2.3.3. Тұнбажәнеқайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған.


1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы.


Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 – 180 ml
D.S. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге.
#

2) Емен қабығының қайнатпа түріндегі жазбасы.


Rp.: Dec. corticis Quercus 20,0 – 200 ml
D.S. Ауыз қуысын шаюға.
#

2.3.4. Тұндырма (Tincturae) – өсімдік өнімінен қыздырусыз, спирт арқылы 1-2 аптадай тұндырып, жасалған сұйық дәрілік түр. Тұнба мен қайнатпаға қарағанда тұндырма анағұрлым тұрақты, сол себепті оның сақталу мерзімі ұзақ. Көбінесе тамшы ретінде 5-тен 30-ға дейін қолданылады. Мысалы: Сасық шөптің (пустырник) тұндырмасының жазбасы.


Rp.: Tincturae Leonuri 25 ml


D.S. 20-40 тамшыдан күніне 3 рет.
#

2.3.5. Сығынды (Extracta) – өсімдік өнімінен экстрагент көмегімен (спирт, эфир және хлороформ) алынған құнарландырылған сығынды түрде жасалады. Сығындылар үш түрлі болады: сұйық (Extractі fluidі), қою (Extractі spissі) және құрғақ (Extractum siccum). Мысалы: Итжидектің құрғақ сығынды түріндегі жазбасы.


Rp.: Extracti Belladonnae sicci 0,015


Sacchari 0,3
M.f.pulv.
D.t.d. N. 12 in charta cerata
S. Күніне 1 ұнтақтан 3 рет.
#

2.3.6. Қоспа (Микстура - Mixturae) – бірнеше дәрілік түрлерді (қатты, сұйық, майлы т.б.) сулы ерітінділерді араластырып, тек ішуге және жағуға қолданылатын сұйық дәрілік түр. Қоспа көбінесе ашық түрде жазылады. Мысалы: пепсин және тұз қышқылының аралас қоспа түріндегі жазбасы.


Rp.: Pepsini 2,0


Acidihydrochloridi dilute 5 ml
Aq. destill. 200 ml.
M.D.S. 1-2 ас қасықпен күніне 2-3 рет тамақпен бірге.
#

2.3.7. Сұйық майлы дәрі (Линимент – Linimenta) – қою сұйықтық түрдегі, бір тектес қоспадан тұратын, сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түр. Мысалы: Терпентин (скипидар) майы, хлороформ және метилсалицилат араласқан май түріндегі жазбасы.


Rp.: Ol. Terebinthinae


Chloroformii aa 15 ml
Methylii salicylatis 10 ml
M. f. linim.
D.S. Жағу үшін арналған.
#

2.4. Егуге арналған дәрілік түрлер


2.4.1. Егуге арналған дәрілер (pro injectionibus) -егу арқылы дәрілік заттарды ағзаға енгізеді: тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, күре тамырға, жұлынға ж.т.б. Егуге арналған дәрілік заттарды тікелей қолданар алдында дайындайды. Бұндай жағдайларда дәрілер арнайы залалсыздандырылған шыны ыдыста (ампулада немесе флаконда) ерітінді немесе ұнтақ түрінде шығарлады.


Ампулада (ampullis) 1 мл-ден, 10 және 50 мл-ге дейін, ал ішіндегі дәрі ерітінді немесе ұнтақ түрінде болады.


Rp.: Sol. Novocaini 0,5 % - 5 ml
D.t.d. N. 10 in ampull.
S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.
#

Флакондар (рецептте флакон жазылмайды) 200 мл-ден, 500 және 1000 мл-ге (1 литр) дейін болады. Мысалы: тримекаиннің флаконды жазбасы.


Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml


D.t.d. N. 2
S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.
#

2.5.Аэрозоль және басқада дәрілік түрлер.


2.5.1. Аэрозоль (Aerosolа) – бұл аэродисперсиялық жүйе, онда ауа, газ немесе газ қоспаларынан тұратын дисперсиялық орта мен көлемі 1 мкм-ден бірнеше ондаған микрометрге жететін қатты немесе сұйық дәрілік бөлшектерден тұратын дисперсионды фазадан жасалған. Мысалы: «Эфатин» аэрозоль жазбасы.
Rp.: Aerosolum «Ephatinum» N. 1
D.S. Тәулігіне 3 рет бүркеуге.
#

2.5.2. Көз қаптағыштары (Membranulae ophthalmicae) – көз сұйықтығында еритін, белгілі мөлшердегі дәрілік заттардан тұратын, залалсыздандырылған полимерлі қаптағыштар. Көз тамшыларынан айырмашылығы: дәрілік заттарды дәл мөлшерлейді, препараттың емдік құнарлығын ұзақ сақтайды, залалсыздығын жеңіл сақтайды, тұрақтылығы жоғары.


Басқада түрлер: крем (Crem), гель (Gel), лосьон (Lotionеs), гранулалар (Granulae), карамель (Caramtl), пластырь (Emplastrum), сироп (Sirupus), тамшылар (Guttae), шырыш (Mucilagines), бальзам (Balsama), шырын (Succi) және т. б.
Rp; Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0
D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.
#

Rp.: Gel Fiucinolone acetonide 0,025% - 15,0


D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне тәулігіне 2 рет жағу үшін.
#

Rp.: Lotionis Mometasone 0,1% - 20 ml


D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.
#

Rp.: Granuli Ibuprofeni 0,6 – 3,0


D.S. Грануланы алдын –ала 100 мл суға ерітіп, күніне 1 шай қасықтан 3 рет.
#




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет