Кирик Л.К 8 сынып өзіндік жұмыс №9 «Есептер жинағы» деңгейлік есептер шығарады.
Бастапқы деңгей Спирт қандай температурада қатаяды?
Алюминий ыдыста мыс кесегін балқытуға бола ма?
Көрсетілген кестеде қандай заттың балқу температурасы ең жоғары?
Неліктен суық өңірлердің ауа температурасын өлшеу үшін сынаптық термометрлердің орнына спирттік термометрлерді қолданады?
1000 0С температурада күміс пен вольфрам қандай күйде (қатты немесе сұйық) болады?
Мыс ыдыста қандай металдарды балқытуға болады? 2-3 мысал келтіріңдер.
Көрсетілген кесте бойынша қандай заттар 0 0С-ден төмен температурада балқиды?
Мыс ыдыста қалайыны балқытуға болады?
Көрсетілген кестеде қандай заттардың балқу температурасы ең төмен?
Алюминий ыдыста мырышты балқытуға бола ма?
Орта деңгей
Бастапқы температурасы 320С , массасы 100 г қалайыны балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?
100С температурада алынған, 2 л суды мұзға айналдырғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Жоғары деңгей Сыйымдылығы 100 л, температурасы 30 0С ванна дайындау үшін, температурасы 800С су және температурасы -200С мұз пайдаланылды. Ванна дайындау үшін қолданылған мұздың массасын анықтаңдар. Ваннаның жылу сиымдылығын және энергия шығынын ескермеңдер.