Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : адам. Жер. ҒАлам



бет4/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#24078
1   2   3   4

«Еркін жауап» әдісі.

Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларды орында.

1. Мазмұнға атау бер.

2. Мазмұнды абзацтарға бөліп, жоспар құр.

3. Берілген мазмұн бойынша сұрақтар құрастыр.

4. Мазмұнның жалғасын ұсын.



Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында көптеген ауыртпалықтар мен жоқшылықтарды басынан кешірді. Қазақ халқы жаппай аштық пен қуғын-сүргіннен зиян шекті. ХІХ ғасырдан бастап патша үкіметі Ресейдің ішкі губернияларынан орыс шаруаларын жаппай Қазақстанға көшірді. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Кытайдан Жетісуға ұйғыр мен дүнгендердің ірітоптары қоныс аударды. Мыңдаған адамның Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға көшіп келуінің салдарынан халықтың құрамы өзгерді. Осылайша, Қазақстан көпұлтты мемлекетке айналды, яғни көп мөлшерлі этносты мемлекетке айналды. Қазақ даласының шексіз жазықтары түрлі ұлттарды бір шаңырақ астында біріктіреді. Қазақстан Республикасы аумағында 17 миллионға жуық адам тұрады. Олардың барлығы да ерте замандардан қазіргі күнге дейін татулық пен бейбітшілікте өмір сүріп келеді. Тарихи жағдайлардан кейін Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдеріне туған ұясы болып қалды. Кейбіреулері мұнда өз еркімен келді, ал кейбіреулерін мәжбүрлеп әкелді. Біздің елдің тарихы мыңдаған келімсектердің аман қалу үміті болмаған кездерін, аштықты, күйзелісті және амалсыздық сезімдерін есінде сақтайды. Алайда боранды далада оларды жылытып, тамақтандырған, соңғы бір тілім нанын бөліскен риясыз қазақ халқы болды. Бүгінгі күні түрлі этнос өкілдері Қазақстанды өздерінің Отаны санайды әрі басқа ұлт өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп, олардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтейді. Мемлекет 500-ден аса ұлттық-мәдени бірлестіктерді қолдау жолында аз күш салып жатқан жоқ.



ДЕСКРИПТОР

Балл

1

Мәтінге атау берді

1

2

Мәтінге жоспар құрды

1

3

Мәтінді жалғастырды

1

4

Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырды

1




Оқулық.

1.Қазақстан Республикасының физикалық картасы.



2.Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің суреттері.





Сергіту сәті

«Чунга-чанга» мультфильмінен үзінді.

Мультфильм кейіпкерлерінің қимылдарын қайталау.



АКТ



4. Тапсырма. (Т)

«Көптеген таңдау». Жауаптың бір немесе бірнеше дұрыс нұсқасын таңда.

1. Африканың шеткі нүктесі арқылы Үндістанға теңіз жолын іздеген саяхатшылар есімі:

А) Афанасий Никитин Б) Бартоломеу Диаш В) Васко да Гама Г) Христофор Колумб

Д) Фернан Магеллан

2. Бұл ғалымдар бар өмірін Орталық Азия және Қазақстан аумағын зерттеуге арнады:

А) Николай Пржевальский Б) Александр Гумбольдт В) Пётр Семёнов-Тян-Шанский

Г) Шоқан Уәлиханов Д) Витус Беринг

3. Моңғолоидтық нәсілдің белгілері:

А) ірі, жалпақ бет Б) жұмсақ, ашық түсті шаш В) терісінің түсі қара Г) ашық көзді

Д) жалпақ мұрын

4. Адамдардың бостандығы мен теңсіздік құқығын зерттейтін ұйым:

А) Солтүстік Атлант келісім ұйымы Б) Шанхай Ынтымақтастық ұйымы

В) Біріккен Ұлттар Ұйымы Г) Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы

Д) Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы





ДЕСКРИПТОР

Балл

1

4/2

1

2

4/3

2

3

4/4

3




АКТ.

Тест тапсырмалары жазылған парақшалар.




Сабақтың соңы

10мин

  1. Кері байланыс. «3, 2, 1» әдісі. 3 – үйренгені, 2 – білгені , 1 – түсінбегені .




  1. Үйге тапсырма: А. Ашық тест құрастыру. В. «Нәсілдер теңдігі» эссе жазу. С. Адамның сыртқы келбетінің қоршаған ортаға қарай өзгеруі және Нәсілдердің теңдігі бойынша мәліметтер жинақтау.

Стикер-жапыстырма қағаз.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


БІЛЕТІН БОЛАДЫ:

Қабілеті жоғары оқушылар салыстыру, қорытынды жасау сондай-ақ шығармалылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін таба білетін болады.


Бағалау парағы бойынша бағалау.

Жалпы 13 бал

10-13-«5»

7-9-«4»


3-6-«3»

1-2-«2»


Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып АКТ құралы интербелсенді тақтаны денсаулыққа зияндылығын және нормативке сай 10 минут қолдану.

Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша

рефлексия







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет