Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті



бет6/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11758
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мерзiм____________

Тақырып: Халық даналығы

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану

Қасиеттер: халық даналығын сақтау, бағалау.

Сынып



Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» «адамгершілік» кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. отбасылык дәстүрлер туралы түсінік беру;

2. өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

3. отбасылық дәстүрді сыйлауға, құрмет тұтуға тәрбиелеу




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Өсиет әңгіме» бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Хан баласы «халық даналығын» қалай табады?

2.Халық даналығына нелер жатады?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Дана адам деп қандай адамды айтамыз?

2.Халық даналығына нелер кіреді?




5.Дәйексөз

Сабақта айтылган негізгі ойлар дәйексөздіц мағынасын түсіндірумен түйінделеді

Мұғалім тақтаға «Жақсы дәстүр - жақсы өмір жемісі» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Балалар, қолдан келгенше жақсы сөздерді жиі айтып, жақсы әдеттер мен жақсы әрекеттерді жиі қайталаған дұрыс. Содан барып жақсы дәстүрлер пайда болады. Жақсы дәстүрлер жақсы өмір сүруді білдіреді. Өйткені жақсы ортадан жақсы дәстүрлер шығады. «Жақсы дәстүр - жақсы өмір жемісі» дегеннің мағынасы осыдан шыққан.

Балалар дәптердің соңында беріленген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Даналық сөздерді оқып,суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.



  1. Оқу – білім бұлағы,білім- өмір шырағы.

  2. Адам деген – ардақты ат.

  3. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

  4. Адам арын ойлайды.

  5. Оқу –инемен құдық қазғандай.

  6. Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.

  7. Адамның сұлулығы – шыншылдығы.

Ойын. «Отбасындағы жақсы сөздер»

Әр отбасында жақсы сөздер айтуды дәстүрге айналдыру мақсатында мынадай ойын ұйымдастырылады.

Мұғалім үстелге жеке-жеке әріптер жазылған қағазға әріптері көрінбейтіндей етіп жайып қояды. Әр оқушы кезегімен шығып қағаздың біреуін таңдайды, қай әріп шықса сол әріпке басталатын отбасында күнде айтылып жүрген жақсы сөздерді айтады. Мысалы, «А» әрпі шықса «Адал бол!», «Ағаңды сыйла!», «Айналайын!», «К» - «Кешіріңіз», «Кешірімді бол!», «Күнім менің!» және т.б. Ең көп сөз атаған бала ойынның жеңімпазы болады.





7.Топпен ән айту. 3 мин.Айбатыр Сейтақтың өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Қонақасы» аңыз әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Мерзiм___________

Тақырып: Халқым менің қонақжай

Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану

Қасиеттер: қонақ күту, қонақты сыйлау, дәстүрді құрметтеу.

Сынып


Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «туыстық», «достық», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. қонақ күту дәстүрі, қонақасы туралы түсінік беру;

2.қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;

3.қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Қонақасы» аңыз бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Балалар, қалай ойлайсыңдар, қарт төртінші бөлігін кімге қалдырады?

2. «Қонақасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3. Сыбаға деген сөзді қалай түсінесіңдер?

4. Қонақ күтуден адамның кандай жақсы қасиеттері көрінеді?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

Мұғалім сабақтың тақырыбына аша түсу үшін әңгімелесу тәсілін ұйымдастырады.

Өлең мазмұны мұғалімнің оқушыларға сұрақ қойып, олардан жауап алуымен толықтырылады.

-Қонақ деп кімді айтамыз?

- Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Халқымыздың тағы да қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

- Өлеңде қонаққа қандай құрмет көрсету туралы айтылған?

Балалардың жауаптары.






5.Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Жақсы қонақ - құт, береке» халық даналыгы, деп жазып қояды.

Балалар, сендердің ойларыңша кандай қонақты жақсы қонақ деп атайды?

Балалардың жауаптары.

- Иә, ертеде қазақтар үйіне жақсы адам келсе, сонымен бірге үйге қуаныш, бақыт, жақсылық келеді, деп қуанатын болған. Өйткені жақсы адам конаққа жақсы ниетпен, жылы тілекпен, мейірімді жүрекпен барады. Дастарқан басында жақсы сөздер айтып көңілді отырады, айналасына күлкі, куаныш сыйлайды. Халықтың «Жақсы қонақ - күт, береке» деп айтуы осыдан қалған.

Балалар енді, дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындагы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.

Осы сабақты мұғалім былайша қорытады.





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын. «Қонақты карсы алу»

Оқушылардың өздерін қонақ күту дағдысын қалыптастыру үшін мына ойын жүргізіледі.

Балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ қонаққа келген достарын, екінші топ қонаққа келген жақын туыстарын, үшінші топ ата-аналары үйде жоқ уақытта қонаққа келген туыстарын күтуді рөлдерде ойнап көрсетеді.

Дәптермен жұмыс Дәптерде жұмбақ шешуінің суреттері (доп, күн, өрмекші) берілген, олардың тұстарына қалдырылған бос жолдарға жұмбақтың берілуін (мазмұнын) жазыңдар.

Домалап кетеді,

Қайта домалап жетеді. (Доп.)

Қараңғыны түреді,

Ылғи жалғыз жүреді. үн.)

Шидей ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы тор құрады. (Өрмекші.)





7.Топпен ән айту. 3 мин.«Қазақы дастархан» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Күн мен гүлдер» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мерзiм


Тақырып: Табиғат-әсемдік әлемі

Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: табиғатты сүю.

Сынып 2 «б»


Сабақ мақсаты: «Табиғат», «сұлулық» адамгершілік құтуралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.табиғат сұлулығы туралы түсінік беру;

2. табиғат әсемдігіне қызығушылықтарын арттыру;

3. табиғатты сүюге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Күн мен гүлдер» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Гүлдерді, шөптерді кім және қалай оятады екен?

2.Осы көріністі өздеріңнің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстырып, айтып беріңдер.



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?

2.Адам табиғатты түсіне ала ма?

3.Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





5.Дәйексөз

Мұғалім табиғат сұлулыгының адам өміріндегі мәнін дәйексөздің мағынасын ашу арқылы тусіндіреді.

Мұғалім тақтаға

«Жарқын жаз, гүл көктем.

Абзал қыс, ерке күз» Н.Әлімқулов, деп жазып қояды.

- Табиғаттың бар жаратылысы, құбылысы адамға тән теңеу-лермен айтылады. Себебі адамның көп мінезі табиғаттағы құбы-лыстарға, әрекеттерге ұқсайды. Тіпті жаздың жарықтығы, ыс-тықтығы ашық жарқын адамға ұқсайды. Әдемі, сұлу жандарды гүлге, көктемге балайды. Қыстың кең тынысын, ақ қарын абзал адамға, самалымен желпіп еркелететін күзді ерке балаларға ұқсатады. Табиғаттағы сұлулық адам жүрегінен орын алса, сол адамның жаны сұлу болады.

Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын. «Қошемет»

Оқушылардың сабақтың мазмұны бойынша түйген ойларын ойын арқылы бекітеді.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ортға шыгып бір сөзді айтып, қолындғы добын бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған бала сол сөзді табиғаттыц құбылысына, затыиа әрекетіне теңеп айтады. Мысалы, мұғалім «Ана» деп айтса оқушы «Ана күндей», «Айжан» десе, «Айжан гүлдеи» деп айтуы мүмкін. Айта алмай қалған бала айып тартады, оқушылардың сұрауы бойынша аң, құстардыц бірінің әсем дауысын салады немесе сұлу қимылын көрсетеді.





7.Топпен ән айту. 3 мин.«Табиғат анамыз» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Өсиет әңгіме» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Мұғалім табиғат сұлулыгының әсерін оқушыларга сезіндіру мақсатында релаксациялыя тәсіл ұйымдастырады.

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.
Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат
сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.




Мерзiм


Тақырып: Табиғат – денсаулық мекені

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану денсаулығын бағалау.

Сынып 2 «б»


Сабақ мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.табиғаттың денсаулыққа әсері туралы түсінік беру;

2.денсаулығын нығайтуға ұмтылысын арттыру;

3.денсаулығын бағалауға тәрбиелеу




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Өсиет әңгіме» көрінісі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?

2.Табиғаттың саялы орманын неліктен денсаулық мекені деуғе болады?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

Балалар, біз бүгін «Табиғат - денсаулық мекені» деген тақырыпта әңгімелесеміз. Денсаулық құпияларын еске түсіріп көрейікші. Табиғатқа қатысты қандай денсаулық құпиялары естеріңде қалды? Сендер өз денсаулықтарыңды нығайтуда сол құпияларды орындап жүрсіндер ме






5.Дәйексөз

Тақтада « Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз» Р.Сәтімбекұлы, деп жазып қояды.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жаттығу-ойлану

Оқушылар мұғалімнің түсіндіруінен алған білімдерін жаттығу-ойлану арқылы бекітеді. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оларга мынадай тапсырма беріледі.



1-топқа: Таза теңіз, көлдердің ластануына, суының таза болмауына адамның қандай зиянды әрекеттері бар? Оны болдырмауға бола ма? Ол үшін не істеу керек?

2-топқа: Табиғи теңіз, көл суларының табиғилығы мен тазалығын сақтап қалуда адамның қандай пайдалы әрекеттері бар? Сендердің сондай әрекеттер жасаған кездерің болды ма?

Ойлануға үш минут уақыт беріледі. Балалар топ арасында өзара келісіп, өз пікірлерін кезегімен эісария етеді.

Мұғалім оқушылардың пікірлеріне ризашылыгын білдірін, олардың ойларын түйіндейді.

- Балалар, жарайсыңдар! Осындай денсаулық мекеніміздің
бірі - табиғи суларымызды сақтап қалу да өзіміздің қолымызда.

Мұғалім көрікті әсерлер де денсаулық мекені болатындығын түсіндіреді.



- Табиғаттағы денсаулық мекенінің бірі «Көрікті жер» елін көру үшін дәптерімізді ашайық. Дәптерде табиғаттағы ең әдемі, ең көркем әсерлер, адам тамсанып қарайтын өздеріне ұнайтын көріністер бар.

- Балалар, табиғаттағы көрікті жерлерді денсаулықтың мекені дейтін себебі табиғат әсемдігі адамның жанын сұлуландырады. Сұлу табиғатқа қарап жүрегіңе мейірім, көңіліңе қуаныш, жаныңа жұбаныш толады. Жаның сұлу болса, ешқашан жаман ой ойламайсың, ауыру-сырқауды еске алмайсың, тіпті ауырғаныңды да ұмытып кетесің. Адам табиғаттағы әсемдікпен үйлесіп, соған ұқсағысы келеді. Қазір біз де бір сәт өзімізді ең әдемі гүлдің орнына қояйық та, өлең
жолдарының мазмұнына сәйкес қимылдармен гүлдер биін билейік




7.Топпен ән айту. 3 мин.«Біз осылай өсеміз» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Жел» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Табғаттың денсаулыққа әсерін оқушыларға сезіндіру үшін релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.



- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңңар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шаршағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар, сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар... Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздагы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл-ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жүпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Таза ауамен дамылсыз еркін тыныстаймыз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай. Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шың сезініп тұрмыз.Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.Мұғалім саялы орманның денсаулық мекені екендігін оқушылардың ұғынуын мақсат тұтып, мынадай сұрақтар қояды.

  • Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?

  • Табиғаттың саялы орманын неліктен денсаулық мекені деуғе болады?

  • Сендер осындай табиғат аясында серуендеп көрдіңдер ме? Сонда қандай сезімде болдындар?

Балалардың жауаптары.

Мұғалім балалардың жауаптарын өз ойымен түйіндей отырып, саяхаттың әрі қарай жалғасатынын хабарлайды және көлдің денсаулыққа әсері түсіндіріледі.



- Ал енді, балалар, көп уақыт өткізбей табиғаттың «Таза көлді» еліне жолға шығайық. Бір қызығы, бұл ауылды іздеген адам тек қана жаяу жүріп баруы тиіс.

Балалар сынып ішінде қатарға тұрып, сыныпты парта арасымен аралап жүріп шыгады. Сол уақытта мұғалім тақтада жабық тұрған плакаттың бетіндегі қағазын алады да, «Балалар, тоқтаңдар «Таза көлді» елге жеттік» дейді.



- Балалар, теңіз, көл, өзен сулары - табиғи су. Табиғи суда шомылу денсаулығынды шынықтырады. Табиғи суға жиі шомылсаң денең шымыр болады. Күндіз күнге шағылысып айнадай жалтырап жатқан теңізге, көлге қарасаң көңілің көтеріліп, қуанышқа бөленесің. Күн шығып келе жатқан таңғы сәтте қарасаң көгілдір, таза да мөлдір су көзінді демалдырады, жаныңды жай тапқызады. Өмір тек қана жақсылықтан тұрадығой деген ойға шомасың. Теңіз шуылы, сыбдыры, тебіренісі, тербелісі, толқындары адам мінезі сияқты өзгеріп тұратынын байқап, тамсанасың. Мұның бәрі жаңа саулық береді. Ал жаның сау болса, тәнің сау болады дегенді бәріміз де білеміз. Ал осындай таза көл жағалауында дене шынықтыруын жасаудын денсаулыққа пайдасы көп.




Каталог: uploads -> doc -> 09bb
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09bb -> Сабақ №38 Күні, айы, жылы Сабақтың тақырыбы: Түр. Түрдің критерийлері. Популяция
09bb -> 1. Қазақ тілінде қанша әріп бар екенін белгілеңіз а 40 в 32 с 36 д 41 е 42
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман Сабақтың мақсаты Білімділік
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет