1. Білімдік: оқушыларға тақырып бойынша сапалы білім беріп, өз ойларын айта алуға жетелеу, сөздік қорларының сапасына мән беру, олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелей отырып, ауызекі тілді сөйлеуге дағдыларын қалыптастыру.
2. Тәрбиелік:оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу, табиғаттың адам өміріндегі маңызын, қадірін түсіндіру, тілге деген қызығушылығын ояту, оларды білімқұмарлыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың тілін дамыту, білімдерін толықтыру, сөздік қорларын байыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін, олардың белсенділігін арттыру.
4. Сабақтың міндеті:тақырыптың негізін түсіне отырып, жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді өмірде қолдануға дағдыландыру.
5. Сабақтың көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, сөздіктер оқулықтар, үлестірмелі қиықшалар, таблица, интерактивті тақта, тірек сызба.
І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру,оқушылырдың назарын аудару, сабақтың тақырыбымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстыру ) 2 мин