Сабақ Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы



Дата07.05.2017
өлшемі57,77 Kb.
#15856
«ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №8

ҚАШАҒАН Күржіманұлы АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП»

мемлекеттік мекемесі

АШЫҚ САБАҚ

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

Тақырыбы: «Тамақ өнеркәсібі»

Байболова Гүлжамал Жалауқызы

2014/2015 оқу жылы

Пәні: География Сыныбы: 9 «Ә» Күні: 28.01.15ж

Сабақтың тақырыбы: §31. Тамақ өнеркәсібі

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстанға тамақ өнеркәсібі құрылымы, салалары, таралу аймақтары жөнінде түсіндірі

2. Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан – жақтылыққа ізденімпаздыққа баулу, тыңдау және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сілтеме

Е. Ахметов, Н.Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев, Алматы «Мектеп»,2013ж; 163-169 беттер

Ресурс парақтары;



Оқыту нәтижесі

Жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сын тұрғысынан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеялар

«Ас адамның арқауы»

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Қызығушылықты орнату

(3 минут)


Ұй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау» сұрақтары

(10 минут)
Мағынаны тану

(20 минут)

Сергіту сәті

(1 минут)

Тапсырма

(10 минут)

Бағалау

(1 минут)


Рефлексия

(1 минут)


Оқушыларды ортаға шығарып, бүгінгі сабақта бір – біріне сәттілік тілеткізіп, сурет қиындылары арқылы топқа бөлгізіп, топ ережесін құратқызу. Топ басшысын сайлау.

І топ: Ет, Ұн тарту өнеркәсіптері
ІІ топ: Қант, сүт өнеркәсіптері
ІІІ топ: Балық өнеркәсібі, қосымша
Ұй тапсырмасын тексеру барысында «Ой қозғау» сұрақтарын суреттердін астында жасырылған, топтарға таңдатқызады.

Әр топқа тақырыпшаларды бөліп береді. І топ: Ет, Ұн тарту өнеркәсіптері. ІІ топ: Қант, сүт өнеркәсіптері. ІІІ топ: Балық өнеркәсібі, қосымша Оқып болған соң жұппен, топпен талқылатқызып, бір оқушыға түсінік айтқызады. Басқа топ мүшелері толық мәлімет алу үшін сұрақтар береді.



Сұрақтары:

Ет өнеркәсібінің сұрақтары
1.Тамақ өнеркәсібінің ең ірі саласы?
2. Мал (ет) өнімдерінің құрамында не болу керек?
3. Ет өнімдері қайда дайындалады?
4. Алысқа тасымалдауға жарайтын ет өнімдері
5. Ең ірі ет комбинаты қайда?
6. Тез бұзылатын ет өнімдері?
7. Ет комбинатын қандай үстаныммен орналастырамыз?

Сүт өнімдері
1. Тамақ өнеркәсібі индустриясының салаларының ішінде нешінші орында?
2. Сүт өнімдерін ата?
3. Сүт заводтарын қайда, қандай ұстаныммен орналастырамыз?
4. Өсімдік майы неден алынады?
5. Маргарин майы қалай дайындалады?

Балық өнеркәсібі
1. Балық өнеркәсіптері Қазақстанның қай қалаларында орналасқан?
2. Балық өңдейтін ірі кәсіпорындар?
3. Қай өнеркәсіпте балық консервіленеді?
4. Арал мен Мойнақ кәсіпорындары неге тоқтап тұр?
5. Қара уылдырық қай балықтан алынады?
Ұн тарту – жарма өнеркәсібі

1. Ұннан жасалатын өнімдер?


2. Қазақстанның астықты өлкелері?
3. Қазіргі кездегі ұн тарту комбинаттары қай қалаларда?
4. Нан өнеркәсіптерін қайда және қалай орналастырамыз?
5. Макарон зауыттары?

6. Кластер дегеніміз не?

7. Италияның макарон жасайтын технологиясы мен жабдықталған фабрика?

Қосымша салалар

1. Кондитер өнімдеріне не жатады?


2. Қазақстандағы ірі кондитер фабрикалары?
3. Шарап, шырын жасайтын зауыттар?
4. Минералды, бұлақ суларын өндіретін өнеркәсіптер?
5. Темекі комбинаты Қазақстанда қай жерде орналасқан?

6. «Филип Моррис Қазақстан» бұл қандай компания?


Тақтадан оқушылардың ой өрісін сергіту мақсатта «Жылқы тура өлең жолдары» бейнетаспа көрсету
Топтық тапсырма беру, ресурс парақтарын тарату.

1- топ: Өз облысымыздағы қандай тамақ өнеркәсіптерін білеміз?

2- топ: Өнеркәсіптерді орналастыру факторларын табу

3- топ: Қазақ жерінде ауыл шаруашылығын дамытудың болашағы туралы «Егер мен ауыл шаруашылық маманы болсам» деген тақырыпқа эссе жазу


Топ басшыларының басшылығымен жетон арқылы мұғалім бағалайды
Стикерге сабақтан алған екі ұнаған және бір ұсыныс жазғызады. Сабақтың аяқталғаның хабарлайды.

Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді, топқа бөлініп, топ ережесін құрайды. Топ басшысын сайлайды.


Сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді.

Бөлген тақырыпшаларды оқйды, жұппен, топпен талқылап, бір оқушы түсінік айтады да, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар бойын сергітеді

Оқушылар берілген топтық тапсырманы бірге орындайды.

Оқушыларды бағалайды

Рефлексия жазады



Кейінгі тапсырмалар

1. § 31. Тамақ өнеркәсібі

2. Картамен жұмыс



Пән мұғалімі: Байболова Г.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет