Сабақ Сабақты жүргізу әдісі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма орындау, көрнекілік, өзіндік жұмыс, өлеңді жаттату


Тақырып бойынша хронологиялық кетемен жұмыс



бет4/4
Дата25.12.2021
өлшемі26,66 Kb.
#105135
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
махамбет №1

Тақырып бойынша хронологиялық кетемен жұмыс:




Жылдар

Негізгі оқиғалар

Оқиға ізімен туған жырлар

1

1803жыл

Махамбет батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы,Бектай құмында туған.Дауылпаз ақын,жауынгер,ұйымдастырушы,ерлік пен азаттық поэзиясының ірі өкілі




2

1824-1828

Махамбет Жәңгір хан ордасында

«Жалған дүние»,«аспандағы бозторғай»,«Хан емесің, қасқырсың»,

3

1829 -1830жыл

Махамбет Калмыков түрмесінде қамауда болады

«Зыңданда»

4

1831жыл

Түрмеден қашып шығады

«Әй Исеке,Исеке»

5

1833жыл

Көтеріліске дайындық

«Арғымақтың баласы»,«Орай да борай қар жауса»,«Атадан туған аруақты ер», т.б.

6

1836жыл


Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі

«Бағаналы терек»,«Соғыс»

7

1838жыл шілде

Көтерілістің жеңіліс табуы

Исатайдың қазасы



«Мұнар күн»,«Жабығу»,«Қоштасу»,«Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым»

8

1838жыл наурыз

Махамбеттің қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтілуі

«Күн қайда», «Махамбеттің баймағамбет сұлтанға айтқаны»

9

1846жыл

Махамбет дүниеден өтті




10

1908, 1912, 1925 жж




«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе» атты күй жинақтары жарық көрді

11

1939—89 жж




8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді

Түсіндірме сөздік

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат.

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі

Терлік – тоқымның астына салатын киіздің бір түрі .

Малта – сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз
Түйінді сөздер”




Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереулі атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік – азаттық үшін күрес.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей


Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы жыр арқылы айқын анық жырлап тұр.

Үйге тапсырма: Ереулі атқа ер салмай- жаттау.

https://youtu.be/aBsOxaf6vC4 сілтеме бойынша деректі фильм тамашалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет