Сабақ тақырыбы: Допты беру және қабылдау Сабақтың мақсаты мен міндеттері



Дата28.06.2017
өлшемі44,23 Kb.
#20499
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы: Допты беру және қабылдау

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылардың спортқа деген қызығущылығын ояту;

  • Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту;

  • Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, жан-жақты дене тәрбиесі даярлығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу;

  • Оқушылар бойына адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру.

Өткізетін орны: спорт зал

Сыныбы: 7

Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, баскетбол добы, кедергілер т.б.




Сабақтың мазмұны

Мөлшерлеме

Әдістемелік нұсқаулар


І. Дайындық бөлімі

І. Дайындық бөлімі

1.Сыныпты қабылдап алу.Сапқа тұрғызу.

Оқушылармен сәлемдесу.Кезекші мәліметімен танысу.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2.Саптағы бұрылу жаттығулары: «оңға бұрыл!», «солға бұрыл!», «кері бұрыл!», сол иықпен алаңды айналып алға қадам бас!».

3.Жұру бағытында орындалатын жаттығулыр:



  • Қол жоғары, аяқтың ұшімен жүру;

  • қол белде, өкшемен жүру;

  • қол белде, ішкі, сыртқы қырымен жүру;

  • қол желкеде, жартылай отырып жүру;

  • қол тізеде, солға, оңға секіру;

  • спорттық жұрыс.

4. . Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

- тізені жоғары көтеріп жүгіру;

- өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;

- аяқтың басын алға сілтей жүгіру;

- оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру;

- артпен жүгіру;

- жәй жүгіру;

- спорттық жүріс;

- тыныс алу жаттығулары.

5. Жалпы дамытатын жаттығулар:

а) б.қ. аяқ алшақ, қол белде. 1-4 оңға,солға, 5-8 солға басты айналдыру;

ә) б.қ. қол иықта 1-2 алға, 3-4 артқа айналдыру;

б) б.қ. оң қол жоғары, сол қол төмен, 1-2 оң қолды, 3-4 сол қолды керу;

в)б.қ. қол бүгулі кеуде тұста, 1-2 оң бүгулі, 3-4 түзу күйінде артқа керу;

г) б.қ. қол кеуде алдында, 1-2 қолды бүгіп артқа 3-4 оңға /солға/ бұрылып сілтеу;

д) б.қ. қол белде. Белді оңға-солға айналдыру;

е) б.қ. аяқ бірге, қол алда. 1-оң аяқты сол қолдың ұшына, 2-сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу;

ж) б.қ. қол белде, 1-отыру қол алда, 2-тұру қол белде;

з) б.қ. нт. 1-4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылу.





Оқушылардың спорттық

киіміне,тәртібіне,бұйрық- тың дұрыс орындалуына назар аудару.


Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Арақашықтықты сақтау.

Қолды бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру. Денені тік ұстау қол бел тұста.

Арақашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу, кеудені тік ұстау, қол бел тұста. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау. Алаңды толық пайдалану.

Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау. Барынша артқа керу, шынтақты бүкпей иық көлемінде ұстау.

Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.




15

ІІ. Негізгі бөлім

Доппен арнайы жаттығулар.

Доп беру әдістері:

1.Допты екі қолмен кеуде тұсына беру

-алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;

-кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;

- допты екі қолмен кеудеден беру.

2. Допты екі қолмен төменнен беру. Доп берудің бұл түрін бір-біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.

3.Допты бір қолмен беру. Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.

4. Допты ұстау

- допты ұстанған бетте тез әріптесіне беру;

-допты ұстау кезінде орнықты тепе-теңдікті сақтаған қалыпта және кез-келген еркін қозғалатындай ыңғайда болу керек;

-допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанды ұшып келе жатқан допқа қарсы бағыттау керек.

5. Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны.

Баскетбол ойыны 5*5




25

Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.


Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру.

Білезікті бос ұста, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді.


Кеуде аздап алға қарай еңкейген күйде болады.
Ереже бойынша ойын.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Демалу жаттығулары. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Спорт зал ішінен саппен шығып кету.



5


Оқущылардың жетістігін айту мадақтау.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет