Сабақ тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс


ҚБ: «Смайлик» әдісі. Саралау әдісі: Қарқын



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#87985
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс

ҚБ: «Смайлик» әдісі.
Саралау әдісі: Қарқын
3-Тапсырма. Топтық жұмыс. Күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
БО: «Жеміс себеті» әдісі.
Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді
1- топ. Еркін және еріксіз тербеліске мысал келтір.
2-топ.Резоананс пайдасын көрсет.


3-топ. Резонанс құбылысына зиянды әсеріне мысал келтір.
Дескриптор:

  • Еркін және еріксіз тербеліске мысал келтіреді

  • Резонанс пайдасын біледі

  • Резонанс құбылысына зиянды әсерін өмірден таба алады.

ҚБ: «От шашу». (дұрыс жауап берген оқушыға барлығы шапалақтайды)
Саралау әдісі: Диалог және қолдау көрсету


4-Тапсырма. Жұптық жұмыс. Өмірден келтірілген мысалдарды талдап, түсіндіру.
БО: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
1. Күйші әуелі домбырасын «күйге келтіріп» алады. Оның мәні неде? (Қатар екі ішекті резонанстың қалпына келтіреді)
2. Көпірден адамдар сап түзеп өтуге болмайды.Неге олай? (Көпірдің меншікті жиілігімен сап түзеушілердің жиілігі теңеліп резонанс болуы мүмкін. Ал резонанс көпір үшін қауіпті.)
3. Неге инағашпен су көтеріп келе жатқанда, адамның белгілі бір жүрісінде шелектен су лықсып төгіле бастайды? Су төгілмеу үшін не істеу керек? (Резонанс нәтижесінен шелектегі судың тербеліс амплитудасы артады. Су төглмеу үшін оның бетіне жеңіл қалқығыш тастау керек. Сонда ол тербелісті өшіреді. Немесе жүру тәсілін өзгертеді.)


Дескриптор:

  • Резонанс құбылысын туралы өмірден таба алады;

  • Резонанс құбылысының пайдасын табады;

  • Резонанс құбылысының зиянды жақтарын анықтап, болдырмау жолдарын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет