2. Атақты адамдардың қанатты сөздерінен 10 сөйлем мысал жазып, толық грамматикалық талдау жасаңыз. Абайдың қанатты сөздері: Өмір, уақыт туралы Алланың өзі де – рас, сөзі де – рас.
***
Өмір – мұхит, уақыт толқын.
Өмірдің алды – ыстық , арты – суық,
Алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық.
***
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл.
***
Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та, бар қалан.
***
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе.
Күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір,
Ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал.
***
Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
***
Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
***
Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.
***
Менімен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.
***
Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
***
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан.
3. Сызба, таблицалармен жұмыс. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Осыған байланысты қазақ тілің нәтижелі үйрену үшін, оның оқыту әдістемесін жете түсіну – үлкен мәселе. Қазақ тілінің грамматикасын оқытуда, менің ойымша, оқушының сөйлеу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздерді немесе сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ тілінде сауатты , жақсы, жетік сөйлеу үшін сөздерді бір – бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуді қалыптастыруда мұғалім оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастурымен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін де дамытады. Сауатты, дұрыс жазу талабы – емле ережесін сақтау. Сондықтан оқышуға жазудағы сауаттылықты, емле мен тыныс белгілерін дұрыс қолданыту үйрету – басты міндет.
Осыған орай, оқушыларға сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі мен сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгеру негізі мақсаттың бірі болып табылады. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлемнің бәрі сөзден құралады. Бұл мақсатқа жету үшін, оқушыға грамматикадан теориялық мәлімет беру жеткілсіз. Грамматикадан алған мәліметті оқушыға сөз бен сөзді байланыстыруда, сөйлем құрауда қолдануға қажет. Сол арқылы тілдің грамматикалық құрылысы бойынша сөйлеу – жазу дағдысын берік қалыптастыру негізі болып саналады. Сонда ғана оқушы өз ойын қазақша дұрыс жеткізумен бірге, басқаның да айтқанын түсіне алады. Сондықтан мен грамматиканы оқытқанда тірек сызба конспектілеріне көп көңіл бөлемін.
«Жалғаулар» тақырыбын өткенде тірек сызба жасаймын. Тірек сызбаларды оқушылар 5- сыныпта меңгеріп, 11 – сыныпқа дейін қолдана алады. Тірек бел гілерін өзім құрастырамын. Мысалы:
1-ұяң дыбыстар
2-қатаң дыбыстар
3-үнді дыбыстар
4-дауысты дыбыстар
͡ -түбір белгісі
? –жіңішке белгісі
5- сыныпта «Зат есімнің көптік жалғауы» деген тақырыпты өткенде, келесі тірек сызба арқылы сабақты түсіндіремін.
1. ͡ 1,3+дар; қыз+дар
2. ͡ 2 +тар; кітап+тар
3. ͡ 4, й , р+лар бала+лар, ой+лар
͡ 4, й, р+лер әже+лер, үй+лер
Тірек сызба конспектілеріне қарап оқушылар жаттаған ережелерді естеріне түсіріп, мысал келтіре алады. Осы тірек белгілерді басқа грамматикалық тақырыптарды өткенде де пайдалануға болады. Мысалы:
-Сын есімнің шырайлары;
-Етістіктің шақтары;
-Тәуелдік, жіктік жалғаулар.
Оқушылар көрнекі құралсыз тек ауызша айтылған анықтаманы түсінбейді, түсінбеген нәрсесін тыңдамайды, содан барып сабаққа деген зейін жоғалады. Сондықтан да тірек сызбаларды сабақта қолданудың маңызы зор.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1997.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.
3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986
4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.
5. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики. М.,2008.
6. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя. М. 2011.
7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.
8. Милославский И. Г. Морфологические категории современного русского языка М. 2008.
9. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 2012.