Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 14 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: 3



Дата06.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#79717
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ


Тақырыбы:
Менің елім

Мектебі: «№27 мектеп-лицей» КММ




Күні, айы: 20.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Курмангалиева Күмісжан Оралбековна




1-сынып «К»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 14

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: 3




Оқу бағдармасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не? туралы екенін түсіну.
1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен ойын білдіру.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/жіктік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.




Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:
Тақырып бойынша әріптерден сөздер құрастыра алады, сөздерге сәйкес сурет таңдай алады.




Оқушылардың басым бөлігі:
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастыра алады. Тақырып бойынша сөздердің аудармасын біледі. Жіктік жалғауын мұғалімнің көмегімен дұрыс қолдана алады.




Кейбір оқушылар: Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.




Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы




(МК, Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Жатқа тілек –өлең айту.
Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламын!

Сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғалім оқушылардың назарын карта, ту, Бәйтерек суреттерге аударады. Суреттерді көрсету арқылы сұрақтар қояды.


- Бұл ненің суреті? - Мынау не?
- Сонда сабағымыз не туралы болмақ?
- Отан- туған жеріміз- еліміз туралы.
- Отан туралы қандай өлең білесіздер?
Отан деген- туған жер,
Отан –ана,
Отан- үлкен,
Қазақстан- туған ел!



А 4 форматындағы суреттер



Сабақтың ортасы









(МК,Т) Мұғалім топтарға әріптер жазылған қызыл және көк қима қағаздарды таратады. Оқушылар олардан мағыналы (Отан, отбасы, табиғат) сөздер құрастырады. , Қызыл қима қағазда- дауысты, көкте- дауыссыз дыбыстарды білдіретін әріптер жазылған. Оларды .А3 парағына жабыстырады. Әр топ құрастырған сөзге сәйкес сурет таңдайды. Осы сөздерге дыбыстық талдау жазады.

Мұғалім оқушылардың орындаған тапсырмаларын бағалау критерийлерімен таныстырады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, сөзге ауызша дыбыстық талдау жасайды.


-әріптерден дұрыс сөз құрылды
- тақырыпқа сәйкес сурет таңдалды
- сөзге дұрыс дыбыстық талдау жасады
Сергіту сәті: интерактивті тақтадан видео көрсету арқылы қимыл- қозғалыстарды қайталайды.
(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суреттерді көрсетіп атауын айтады, оқушылар хормен қайталайды: Мынау-үй. Осы үлгі бойынша келесі сөздерді үй, ағаш, гүл, тау, күн, ай, жұлдыз сөйлемге қойып айтып жаттығады.
(Т) Мұғалім оқушыларға үй, ағаш, гүл, тау, күн, ай, жұлдыз салынған суреті бар карточкалар таратады. Оларға Мынау не? Сен не саласың? -деген сұраққа «әдемі, сары, үлкен» сөздерімен тіркестіріп жауабын жазуды түсіндіреді.

Мұғалім оқушылардың орындаған тапсырмаларын бағалау критерийлерімен таныстырады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, А3 қағазға жазған сөйлемді оқиды..


-суреттерді атауын дұрыс жазды
- сурет атауына тиісті сөз тіркестірді
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтады.
(Ж) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша мәтінді тыңдап, қайталап, үлгі бойынша айтып үйренеді:
Мен сурет саламын. Мынау – тау. Мынау – ағаш. Мынау – гүл.
Мынау – үй. Бұл – Қазақстан. Қазақстан – менің елім.
(МК,Ұ) Мұғалім «Попкорн» ойын шарттарымен таныстырады. Оны орындау арқылы оқушылар сабақтағы жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(МК,Ұ) Мұғалім тақтада ілулі тұрған суреттерді айтқызу арқылы, артында жасырулы әріптерден «Жарайсың!» деген сөз құрастырады.
Әр топ оқушылары сабақ барысында жинаған жұлдызшаларды санайды, жеңімпаз болған топты анықтайды.

А 3 форматындағы қағаз, желім


Қызыл жұлдызша

Бейне-ролик


Оқулық
Карточкалар
Ағаш, гүл, күн, тау, ай, жұлдыз
А 4 форматындағы қағаз, қарындаш

Қосымша тапсырма


«Попкорн» ойыны

Сабақтың соңы


(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату. Оқушылар сабақта нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Жапырақ түрінде сары және жасыл стикерлер әр оқушыға таратылады. Тақырыпты түсіндім, бәрі ұнады- жасыл жапырақ стикерді ағашқа, тақырыпты түсінбедім, ұнаған жоқ- сары жапырақты ағаштың асты жағына жапсырады.

А3 форматты қағазда ағаш суреті, сары, жасыл жапырақ түрінде стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет