ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы
Ойлан. Мақсаты: Кез келген заттың үш күйде де бола алуын анықтау. Денелердің барлығы бірдей бір күйден басқа күйге ауыса алмайтындығын түсіну.
Жетекші сұрақтар арқылы бір заттың қалай бір күйден екінші күйге ауысқаны туралы ой қозғайды. Қорытынды жасайды.
Егер мұз түйіршіктерін қолға ұстаса, не болады?
Егер ыдысқа су құйып, оны отқа қойса не болады?
Темірді қыздырғанда не болады деп ойлайсыңдар?
Барлық денелер бір күйден екінші күйге ауыса алады ма, қалай ойлайсыңдар?
Ағашты қыздырса, не болады?