Сабаққа керек құрал-жабдықтар: Тақтада Мұқағали Мақатаевтың суреті ілулі тұр. Астында ақынның сөзі жазылған



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі63 Kb.
#130982
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали баян

Өмір деген не десем?
Өмір деген не десем,
Өмір деген осы ма?
Үрейлендің неге сен?
Үрікпе, жаным, шошыма!
Өзіңе-өзің жүк артып
Өмір деген тер төгу.
Бір нәрсеге құмартып,
Бір нәрседен жеркену.
Біреулерді алдау да
Біреулерден алдану.
Қор боп өтпей жалғанда
Қолдан келсе, жан бағу.
Кейде шалқып шаруам,
Кейде қашып берекем.
Өмір деген-жаным-ау,
Өзім екем, мен екем...
«Поэзия! Менімен егіз бе едің?»
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім, жоғалған замандардан.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедім, сағаттан да
Сені іздедім.
Іздемей тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
« Халыққа хат »
Туған халқым!
Қатемді кешір менің
Сенің арқан-сескенбей,есіргенім
Егерде жырың болмай,ұрың болсам
Алақанға саласың несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені
Уа,жұртым!
Кешір мені! Кешір мені!
Күзде
Сен- менің тынысым ең, тынысым ең,
Сен үшін өмір сүріп, тырмысып ем.
Жыл құсымен оралған жаным менің
Бірге аттанып кетесін жыл құсымен.
Күзі келіп, өмірдің жазы қайтып,
Қазы қайтып аттанар назы айтып,
Айдың көлдің бетінде сызат қалар
Қазы қайтып келгенше жазылмайтын.
Құстар кетті қоштасып көліменен
Жеріменен, тауымен, көгіменен
Жаным менің тағдырым жазбағайды,
Қош айтысар кезенді сеніменен
Қызылы жоқ қырманда- күзде міне,
Қайтқан құстың қараймын тізбегіне
Бара жатыр аттанып аққу қаздар
Біздің жақтан күдерін үзгені ме?
6. Қорытынды:
Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адамен табиғатпен бірге өлетініне кәміл сенемін .
Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады .. Ол – ақын. Ақырғы сөз соныкі.
Сабақтың соңында «Сәби болғым келеді» әні орындалады.
1.Құс та болғым келмейді қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған.
2.Тар бесігі – кең жаһан, тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.
3.От та болғым келмейді жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.
4.Қанат қағып өмірге ұшарымда,
Кесілмесе бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ ананың құшағында.
7. Үй тапсырмасы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет