Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет67/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Әуезов. Кешкi дөң басында.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: М. Әуезовтің, Ә. Нұрпейісовтің шығармаларымен танысу, табиғатты суреттеу, шығармаларды өзара салыстыру.
міндеті: табиғат ерекшелігімен танысу, суреттеу, шығармаларды өзара салыстыра білу. Сөйлеу тілін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты сүюге, әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Психологиялық ахуал

1. Ұйымдастыру кезеңі. Көшбасшыға сөз беріледі.
Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. ООМ бойынша жұмыс.
2. Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру
Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою.
ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Ө. Тұрманжанов кім?
2. қандай шығармасымен таныстық?
3. малсақ сөзі нені білдіреді?
4. Атасы немересіне не тапсырды?
5. Немересіне не айтты?
6. Қозыны қайда қамау керек?
7. кімге алғыс айту керек
8. Иттің атын ата.
9. жақсы жігір несімен жағады?
10. немересіне атасына не айтты?
11. қозылары қандай?
12. Несін қағады?
13. маңайдағы ағайын қалай мақтасын дейді?
14. атасы неге мәз болды?
15. бұл қай уақытта болды?
16. Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген.
17. мал шаруашылығына байланысты қандай еңбектер атқарасың?
18. Малды не үшін өсіреміз?
19. қойдың төлін ата.
20. Қойдың пайдасын айт
21. балаға мінездеме бер.
3 Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі

Жаңа сабақ.


Бүгінгі сабақта біз М. Әуезовтің және Ә. Нұрпейісовтің шығармаларымен танысамыз. Екі әңгіме де кешкі мезгілге байланысты екен."Кешкі дөң басында" және «Кеш» деп аталады.
Авторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру.

Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.


Тірек сөздер: жаздың, сеңдей, күнбатысқа, шарлайды, қызуынан, бақташылар, сауыншылар.

Тірек сөздерді есте сақтау 30 секунд.


Дәптерге жазу. Дәптер алмасу, тексеру.
ООМ бойынша бағалау. Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек.

4 Ұғынуды ұйымдасты - ру. Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.


3 - 4 сыныптар: мәтіннің бір бетіне 4 минут;.

5 Түсінудің біріншілік тексеруі Қарама - қарсы сұрақ қою.


1. Оқиға қай мезгілде болған
2. Қандай ауа біліне бастады?
3. Күн ұясына қалай кіріп барады? әлсізденіп
4. қандай бұлттар енлелеп тұр? Жұқалтақ, ұзынша
5. аспан қандай? Қара көк тұңғиық
6. кейбір жерлері қалай жайнайды? Қызулы өрттің жалынындай
7. тауларды қалай суреттейді? Көлеңке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай
8. дөң басы қандай? ерекше көңілді
9. кешке жақын қандай ауылдан шығамыз? У - шу көбейіп
10. биік сары дөңге көтерілгенде қандай сезімде боласың?
11. Кейбір жерде аспан қалай көрінеді? Төніп, жерге қонып, жақындағандай
12. Көтерілген биік таулар қалай көрінді? Іріктеліп, аспанға созылғандай
13. Самал жел қайдан еседі? Батыстан
14. Адамдар, жан – жануарлар туралы не айтады?
15. Кешкі самалға кімдер мән бермейді?
16. Бақташылар қалай келеді?
17. Күн ұзақ жайылған малдар қалай келеді?
18. аяқ астындағы шөпке неге қарамайды?
19. сиырлар неге асық?
20. сауыншылар қалай дайындалады?
21. ненің иісі мұрын жарады?
22. Күн адамға қандай болып көрінеді?
23. ұясына жақындаған сайын күн қандай болады?.

Үшіншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.


6 Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Сыни сұрақ.
24. Оқиға қыста болған жоқ
25. Бойды сергіткен салқын ауа біліне бастады ия
26. Күн ұясына әлсізденіп кіріп барады. ия
27. Жұқалтақ, ұзынша бұлттар енлелеп тұр ия
28. Қара көк тұңғиық аспан толқынданады. ия
29. кейбір жерлері қызулы өрттің жалынындай жайнайды. Ия.
30. таулар көрінбей қалды. жоқ
31. дөң басы көңілсіз. жоқ
32. кешке жақын у - шу көбейген ауылдан шығамыз?
33. биік сары дөңге көтерілгенде төмен түскендей боласың. жоқ
34. Кейбір жерде аспан төніп, жерге қонып, жақындағандай болады. Ия
35. Көтерілген биік таулар Іріктеліп, аспанға созылғандай. Ия.
36. Самал жел солтүстіктен еседі. Жоқ батыстан
37. адамдар күйдірген күн көзінен біржола құтылғандай. ия
38. Кешкі самалға балалар мән бермейді. Ия.
39. Бақташылар малдарын ауылға беттеп келеді. Ия.
40. Күн ұзақ жайылған малдар ауылға асықпайды. Жоқ.
41. аяқ астындағы шөпті қалдырмай жеп келеді? Жоқ.
42. сиырлар сауғанша асық ия.
43. сауыншылар дайындалып жатыр. Ия.
44. гүлдердің иісі мұрын жарады. Ия.
45. Күн адамға доп сияқты көрінеді. Ия.
46. ұясына жақындаған сайын бүкіл шығысты қып – қызыл түске бояды. Жоқ.

Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.



7 Талдау. Уақыт 5 минут. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі.
Бесінші белгілеу.
8 Түйсіну
1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бесiк жыры

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы , алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Салт – дәстүрді құрметтеуге , адамгершілікке , мейірімділікке , тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары.

Психологиялық ахуал

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді қайталау.
Тест тапсырмалары.
1. Осы тараудағы Абай өлеңін ата?
2. «Қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай айды айтамыз?
3. Шыбынсыз айларды ата?
4. «Дала» өлеңінің авторы кім?
5. Таң алдында ататын жұлдыз. 
6. Ғабит Мүсірепов кім? 
7. Малды жақсы көретін бала? 
8. Жаз айларын ата?
9. Жыл мезгілін ата?
10. Нөсер деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бесік жыры туралы түсінік
Бесік Жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Бесік жырын мәнерлеп оқып беру
2. Мазмұнын талдау. Сұрақ - жауап әдісі.
а. Анасы баласын қалай жұбатады?
ә. Анасы баласының кім болуын қалайды?
б. Өлең неліктен «Бесік жыры»деп аталған?
3. Іштей оқу
4. Тізбектеп оқу
5. Мәнерлеп дауыстап оқу
V. Сергіту сәті.
Өлең «Әй - әй бөпем, әй бөпем» өлеңін тыңдау
6. Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін, дәптерлеріне
теріп жазу.
Ұста, балуан, ғалым, әртіс.

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет