Сабақтың мақсаты : Оқушылардың адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу



бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#6931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
«ОРМАНҒА САЯХАТАЙЫҚ».

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Көптеген гүлдердің жайқалып өсіп тұрғанын көреміз, жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Міне, біз орманға да жеттік, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Түбіне барып отырығыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның тыныштығына көңіл бөліңіз. Осы ағашпен сырласыңыз. (Осы жерде 1-2 минут үзіліс жасау)

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді қадірлейтінімізді, бірде, бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, дәлізден өтіп, сыныпқа келіп өз орныңызға жайғасып, отырыңыз. Осы тыныштық, қанағат, мейірім, махаббат сезімдерін жүректеріңде сақтаңыз.



Жайлап көзімізді ашып, күлімсіреңіз!



Орманға қалай барып келдіңіздер?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет