5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §40. Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының шешендік сөз өнерінің қыр-сырын түсіндіру, қазақ тілінің байлығын, құдіреттілігін, сонымен қатар Қазақ халқының рухани мәдениетінің ерекшелігі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: өз ойларын түйіндей білуге үйрету, тарихи әңгіме жаздыру арқылы негізгі ойларын ықшамды түрде жаза білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: жүйелі түрде сөйлеуге, шешендікке баулу, тілдік қорларын дамыту, ана тілінде таза сөйлеуді насихаттау, қазақ тіліне деген құрмет, сүйіспеншілікті ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Қазақтың ұлттық мерекелері», «Наурыз» деп тақтаға жазып қойып, сынып оқушыларының көпшілігін қатыстыра отырып әңгіме өткізу. Әңгімелесу барысында көбінесе тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мерекелері, сонымен қатар наурыз мерекесі жайында оқушылардың жеке көзқарастарын білемін. Барлығын тыңдап болған соң мұғалім үй тапсырмасын қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып емін.
Тақта ортасында «Өнер алды- қызыл тіл» деп жазылған плакатты іліп қоямын.
Содан кейін оқушыларға қағаз таратып, осы қағаздарына плакаттағы жазуға байланысты әрқайсысына үш сөзден жазуды тапсырамын. Жазып болған қағаздарын айналдыра плакатқа жапсырамын. Осы сөздердің кейбіреуін дауыстап оқып беремін. Оқушылардың жазғандарының ішінен аталған нақыл сөзге жақынырағын таңдап алып, жазған оқушыдан мағынасын сұраймын. Оқушылармен бірлесе отырып плакатқа жазылған сөздерді пайдалану арқылы ортақ талқыға саламын.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Сөз өнері дегенді қалай түсінесін?
2. Қазақ тілінің қандай касиеті бар деп ойлайсың?
3. Шешендік өнер қалай қалыптасады деп ойлайсың?
Сұрақ берген оқушылар жауабын тыңдап, олардың ойын білгеннен кейін жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Қазақ тілі әлем халықтарының тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Мұны бір кездері белгілі шығыстанушы ғалым, түркітанушы В. В. Радловтың өзі мойындап кеткен. Атақты ғалым қазақ тілінің құдіретін Еуропадағы ғажап тілдердің бірі француз тілімен салыстырған. Осындай бай тілге иелік еткен қазақ халқында сөз өнері, оның ішінде шешендік өнер барынша жақсы дамығаны белгілі. Бұрынғы кезде қазақ халқында сөздің жүйесін тауып сөйлеу, орынды сейлеу өзінше бір өнер саналған. Шешендік өнер жалпы алғанда адамға жас кезінен, балалық шақтан бастап қалыптасады. Жас кезінен бастап шебер сөйлей білу, сезді орынды қолдану жалпы қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі болып саналған.
Тақтаға Аяз би, Алдаркөсе, Жиренше деп жазып, оқушылардан олар туралы не білетінін сұраймын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң оны толықтыра отырып түсіндіремін.
Бұлар ерте кезден бастап қазақ халқының шешендік өнерінде өзіндік орны бар кейіпкерлер болып саналады. Аталған кейіпкерлер негізінен аңыз-ертегілерде кездеседі. Осындай әдеби кейіпкерлер арқылы шешендік сөздер қазіргі күнге дейін жетіп отыр.
Осыдан кейін оқушылардың дәптерлеріне Асан қайғы, Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау сөз жазғызып, бұл жайлы не білетіндерін естеріне түсірулерін тапсырамын.
Оқушылардың айтқандарын тыңдап болғаннан кейін, аталған тарихи тұлғалар туралы оқушыларға қысқаша айтып беремін.
Қазақ халқында «бұрынғы билер мен шешендерден қалды» деген асқан шеберлікпен айтылған, қазақ тілінің байлығын паш еткен қанатты сездер өте көп. Бір ғана XV ғасырда ғұмыр кешкен атақты ойшыл Асан қайғының өзі артына, келер ұрпаққа тағылымы мол сөздерді көп қалдырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өздерінің шешен де мірдің оғындай сөздерімен қазақ елін сыртқы жаулардан қорғауда, ел арасында ауызбіршілікті сақтап мемлекеттің іргесін берік ұстауда мол үлес қосқанын біз өткен сабақтардан білеміз.
Тақтаға төмендегідей сөздерді жазамын:
«Сөз тапқанға қолка жоқ».
«Сөз сүйектен өтеді».
Бұл мақалдың мағынасын оқушылардан сұраймын. Оны одан әрі толықтырып негізгі мағынасын түсіндіріп өтемін.
Қорытынды кезең.
Қорытындылау үшін оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
1. Қазақ тілінің құдіреттілігі дегеніміз не?
2. Қазақ халқының мәдени өмірінде шешендік сөз өнерінің алатын орны қандай?
3. Шешендік адамда қай кезден бастап қалыптасады деп ойлайсың?
4. «Тілінің майын тамызып», «Тілі мірдің оғындай» дегенді қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі сабақтан біз өзімізге қажетті не алдық?
Бағалау:
Үй тапсырмасы:. 40-параграфты оқу. Қазақ тілі, сөз өнері жайында мақал-мәтелдер жазып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §41. Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ең алдымен оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топқа бүгінгі тақырыпқа қатысты ат қоямын.
II. Өткенді қайталау.
Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаймын. Алдымен өткен сабақтың тақырыбын оқушылардан сұраймын.
Тақтаға «Сөз өнері» деп жазып, әр топқа ақылдаса отырып осыған байланысты өз ойларын қағаз бетіне түсіруді тапсырамын. Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын дауыстап сыныпқа оқып береді. Жазғандарына қарай бағалап отырамын.
Сонымен қатар үйге берілген мақалдарын оқытамын. Қай топтың мақал-мәтелді көбірек жазғандарына көңіл бөліп отырамын.
Соңында үш топқа сөз өнеріне байланысты мақалдар беріп талдатамын.
I топқа «Жақсы сөзге жан семірер».
II топқа «Қаһарлы сөз - қамал бұзар».
III топқа «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ».
Соңында топтардың берген жауаптарына қарай бағалай отырып, өткен сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Сөз өнері - халық қазынасы, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпақка жалғасып келе жатқан мұра. Сөз өнері - рухани байлық, адамзат игілігі. Халқымызда сөз өнері, шешендік өнер ежелден жақсы дамыған, оны білу арқылы қазақ тілінің, яғни біздің ана тіліміздің бай тіл екеніне көзіміз жетеді.
III. Жаңа сабақ.
Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып түсіндіремін. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Тақтаның бір жағына үш топты бағалау парағын іліп қоямын.
Алдымен мұғалім үш топқа ортақ сұрақ қойылады:
Қазақтың ұлттық ән-күй өнері жайлы не білеміз?
Ақылдаса отырып әр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Және де топтың тағы бір мүшесі оны толықтырады. Берген жауабына қарай бағалау парағына бағасын қойып отырамын.
Келесіде әр топқа бір парақ қағаздан беріп, өздері білетін қазақтың ертеден келе ән-күйлерін жазып шығуды тапсырамын. Мұны уақытпен белгілеп, бір мезгілде тоқтатамын. Әр топтың жазған ән-күйлерінің санын бағалау парақшасына жазып қоямын.
Бұдан әрі сабақты баяндау жоспарын тақтаға жазып сабақты түсіндіреміні.
1. Дала әуендері.
2. Ұлттык музыка аспаптары.
3. Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.
Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген. Бұдан әрі оқушыларға біраз халық әндері мен күйлерін жазғызып шығамын.
Жоспардың екінші бөлімі бойынша топпен жұмыс істетемін. Ұлттық музыка аспаптарын жазғызып шығамын: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, жетіген т.б.
Үш қағазға әр түрлі музыка аспабының атын жазып, жасырып қоямын. Оны әр топтың бір мүшесі келіп алады. Сол таңдап алған аспап туралы әр топ ақылдаса отырып қандай жағдайда қолданатынын, неден жасайтынын атап шығу керек. Бұдан әрі осы аспап жайында әр топ бір-біріне сұрақ қояды.
I топ - II топқа
II топ - III топқа
III топ — I топқа
Осы аспаптардың қандай жағдайда қолданатыны және қасиеті жайында оқушыларға әңгімелеп беремін. Жоспардың үшінші бөлімі бойынша топтардың арасында шағын жарыс өткізіледі. Мұнда да уақыт белгілей отыра белгілі әншілер мен күйшілердің атын жазып шығуды тапсырамын. Оның арасында әр топтан бір оқушыдан шығарып, ән жолдары жазылған парақ беріледі. Онда осы әннің авторын табу керек.
Әр топтың жауабы мен топ мүшелерінің жауабын тыңдай отыра, бағалау парақшасына бағасын қойып отырамын.
Әншілер мен күйшілер жайында қыскаша әңгімелеп беремін.
Ертеден келе жатқан музыка өнерінде әншілер мен күйшілердің алатын орны ерекше. Қазақ халқы оларды қай заманда болсын қадірлеп өткен.
Әнші-сазгерлер: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Майра, Әсет т. б.
Күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Дина т. б.
Ән-күй өнерінің даму тарихы, олардың түрлері жайында айта отырып оқушыларды оқулықпен жұмыс істетемін. Әр топтың мүшелеріне мәтінді дауыстата оқытып, бірігіп талқылатамын.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында әр топқа карточка таратылады.
Ондағы сөздер:
1. Ән - Ақан сері.
2. Күй - Құрманғазы.
3. Музыкалық аспап - Қорқыт.
Аталған сөздерді байланыстыра отырып ой өрбіту тапсырылады. Бұдан кейін әр топқа бүгінгі тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтарды қояды. Артынан тақырыпқа жалпылама шолу жасап сабақты қорытындылаймын. Қазақ халқының дәстүрлі әндері жазылған күйтабақты тыңдай отырып қорытындылаймын.
Бағалау. Тақтада ілінген бағалау парақшасын пайдалана отырып және оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып, мұғалім білім деңгейін бағалаймын.
Үй тапсырмасы:
1. 41-параграфты оқу.
2. Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 42. Халықтың ауызекі шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауызекі шығармашылық туралы, тарихты жазудағы орны жайында мәлімет бере отырып, халқымыздың ауызша шығармаларын насихаттап, шежіренің маңызын, қырларын ашу.
Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамытуға жәрдемдесу, танымдык ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: халықтың бай шығармашылық өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, тарихи-шығармашылық дәстүрге баулу, тарихи әңгімелер арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Ш. Уәлиханов, М. Ж. Көпейұлы портреттері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беремін:
1. Дала әуендері дегенді қалай түсінесіңдер?
2.«Адам дүниеге әнмен келіп о дүниеге әнмен аттанады» деген сөздің мағынасын түсіндір.
3. Әншілер мен күйшілер бұрынғы кезде неліктен халыққа өте жақын болған?
4. Қазақтың қандай ұлттық музыка аспаптарын білесің? Оларды неден жасайды?
5. Күйлерді қандай күйлер деп бөледі? Неге олай атайды?
6. Қазақтың әнші, күйшілерінің ішінен кімді ерекше атайсың? Оның себебін түсіндір.
Дәптерлеріне жазған әншілер мен күйшілердің шығармаларын тексеріп шығып, бірнеше оқушыға оқытып бағалап отырамын.
Үй тапсырмасын қорытындылап, өткен сабақтан алатын өнегелеріміздің көп екенін ескертіп өтемін.
II. Жаңа сабак.
Сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырып өтемін. Сабақты түсіндіруде төмендегідей жоспар құрып аламын.
Сабақ жоспар:
1. Ауызша тарих - ежелгі дүние айнасы.
2. Көне мұралар.
3. Шежіре
Жоспар бойынша түсіндірмес бұрын оқушыларға сұрақ қоямын.
Тарихты біз қалай оқып, білеміз?
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң одан әрі толықтырып өтемін.
Тарихты біз негізінен үш түрлі дерек арқылы біле аламыз:
1. Заттай дерек (археологиялық зерттеу).
2. Жазбаша дерек.
3. Ауызша дерек (аңыз, өңгіме, жыр, фольклор т.б.).
Сабақты ретімен түсіндіреді. Ауызша тарих - бізге дейін жеткен рухани мұра. Біздің ата-бабаларымызда тарихты, өткен оқиғаны ауызша айту дәстүрі өте ерте кезден қалыптасқан, және де оны үнемі дамытып отырған.
Ауызша тарих:
Ауызша деректер жазу пайда болғанға дейінгі кезде адамдардың тарихын, өз білгендерін, бастарынан кешкендерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың ең басты құралы болған. Өте ерте кездегі тарихи оқиғалардың көбі дерлік бізге ауызша тарихи деректер арқылы жеткен.
Ең алғаш жаратушы туралы аңыздар пайда болса, кейіннен батырлар туралы эпостық жырлар дүниеге келген.
Ауызша тарихты зерттеуде Ш. Уәлиханов, М. Көпейұлы, М. Тынышбяев сияқты белгілі ғалымдар мол үлес қосқан. Халық аузындағы аңыздарды, жырларды, шежірелерді жинақтап, қағаз бетіне түсірумен айналысқан ғалымдар бірқатар нәтижеге жеткен. Мысалы, Ш. Уәлиханов «Манас» эпостық жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын қағаз бетіне түсірген.
Тас бетіне түсірілген тарих ретінде белгілі Орхон-Енисей жазулары, ондағы Күлтегін, Бумын қаған, Тоныкөк құлпытастардағы жазу бүгінгі күнге дейін жеткен ірі тарихи мұра. Әлемге әйгілі «Одиссея», «Илиада», «Манас» т.б. жыр-поэмалар алдымен ауызша тарап кейіннен барып қағазға түсірілген.
Ауызша тарих айтудың бір түрі ол - шежіре. Шежіре Қазақ халқының шығу тегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан көне ғылым. Кейінгі кезде XIX ғасырдың аяғында шежіре қағаз бетіне түсіріле бастады. Шежірені зерттеуде, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуде М.Көпейұлы, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев сияқты ойшыл ғұламалар көп еңбек сіңірген.
Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты бірнеше оқушыларға дауыстатып оқытып сыныппен бірігіп талдаймыз.
Қорытынды кезең:
Сұрақтар:
1. Ауызша тарих дегенді қалай түсінеміз?
2. Ерте кездегі тарихи оқиғалар қазіргі кезге қалай жетті?
3. Қандай көне мұралар, жыр-эпостарды білесіңдер?
4. Шежіре дегеніміз не?
5. Қазақ халқында ауызекі шығармашылық қалай дамыған?
Оқушылардың жауабын толықтыра отырып тақырыпты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1. 42-параграфты оқу.
2. Эпостық жырларды тыңдап немесе оқып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 43. Қазақ халқының наным-сенімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын қайталау.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйге берілген тапсырма тексеріледі. Халықтың ауызекі шығармашылығы жайында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып жауабын аламын. Үйде оқып не тыңдап келген эпостық жырларын бір-екі оқушыға оқытып талдатамын. Бұдан кейін үй тапсырмасын қорытындылай отыра жаңа сабаққа көшемін. Сонымен қатар өткен сабақты өтілетін жаңа оқу материалымен байланыстыра кетемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылады.
Сабақ жоспары:
1. Ежелгі діни түсініктер.
2. Қазақ халқының алғашқы сенімдері.
Алдымен тақтаға «Дін» деп жазып бұл туралы оқушылардың не ойлайтындарын дәптер бетіне бір-екі сөйлеммен түсіруді тапсырамын.
Содан оқушыларға жазғандарын оқытып, олардың ішінен кейбіреуін бір сөзбен тақтаға жазып қоямын. Оқушылардың жазғандарына шолу жасай отыра жаңа сабақты түсіндіріп етемін.
Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.
Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дөуірінде пайда болған.
Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.
Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.
Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.
Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай - Ахурамазда. Қасиетті кітабы - «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.
Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.
Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.
VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.
Айтып болғаннан кейін оқушыларға төмендегідей кестені толтыртамын.
Діни нанымдар
|
Қазақстан жеріне тарауы, негізгі қасиеттері
|
Заратуштра
|
|
Төңірге табыну
|
|
Христиан, будда
|
|
Ислам діні
|
|
Осыдан кейін діннің адам баласына пайдасы туралы шағын әңгіме өткіземін. Онда мынадай мәселелерге көңіл бөлген дұрыс:
1. Дін Аллаһтың әмірі
2. Діннің тәрбиелік мәні.
3. Дін - бейбітшілік жаршысы.
4. Діни құндылықтар.
Мұнда бағыт бере отырып, көбінесе оқушыларды сөйлетемін. Оқушыларды көтермелеп отырамын.
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту максатында карточқаларды пайдаланамын.
Ондағы сұрақ үлгілері:
Дін дегеніміз не?
Табиғат күштеріне табыну дегеніміз не?
Алғашқы адамдардың наным-сенімдерінің түрлері қандай болған?
Адамдардың отқа табынғандарын неден байқауға болады?
Түркілердің алғашкы сенімі Тәңірге табынудың ерекшелігі неде?
Ең ежелгі діни сенім Зәрдүш қалай пайда болып, тараған?
Христиан, манихей діндері қалай тараған?
Ислам діні Қазақ жеріне қалай келді?
Бағалау: Үй тапсырмасы:§ 43. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті./2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салады.
Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.
Сұрақтың үлгілері:
Дін қалай пайда болды?
Адам баласы алғашқыда неге табынған?
Адам баласы табиғат күштерінің алдында неліктен дәрменсіз болды?
Ежелгі түркілер неге табынған?
Заратуштралық дін тараған өлкені ата.
Ислам діні қазақ жеріне қалай тарады деп ойлайсыңдар?
Орта ғасырда қазақ жеріне басқа да діндер қандай жолмен тараған?
Сонымен қатар үйге берілген сөзжұмбақтарын тексере отырып, бағалап шығамын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабак.
Жаңа сабақтын тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақ жоспар.
1. Қазақ баспанасы.
2. Қазақтың ұлттық киімдері.
3. Ұлттық қолөнер бұйымдары.
Ең алдымен оқушыларға «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң өз сөзіммен толықтырамын.
Мәдениетті екіге бөлуге болады:
1. Рухани мәдениет.
2. Материалдық мәдениет.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оныңщ ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.
Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.
Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.
Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, гщндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.
Қазақтың ұлттык, киімдері материалдык, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киім-дер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттык киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т.б.
Бұдан әрі әр ұлттық киімнің қандай уақытта қолданылатыны жайында мәлімет беремін.
Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң пысықтау үшін оқушыларға мәтінмен жұмыс жасатамын. Тақырыпшаларды оқушыларға дауыстатып оқыта отырып, бірлесе талдау жасаймыз.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?
Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?
Қазақ әйелдерінің ұлттык киімдерін ата.
Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?
Әр оқушының жауабын тыңдап, оны толықтырып отырамын. Оқушылар жауаптарынан кейін өткен сабаққа жалпылама шолу қорытынды жасаймын. Онда бүгінгі сабақта өткен басты мәселелерге тоқтала отырып, тақырыпты бекітемін.
Бағалау:
Ү й тапсырмасы:
1. 44-параграфты оқу.
2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Үшінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ортағасырлық Қазақстанның сәулет құрылыстарының қандай ерекшеліктері бар?
2. Наурыз мерекесі қашан және қалай тойланады?
3. Қазақ қоғамындагы шешендердің рөлі қандай болды? Қандай би-шешендерді білесіңдер?
4. Ауызша тарих айту дәстүрі дегеніміз не? Оның қазақ тарихын жазудағы маңызы неде деп ойлайсыңдар?
5. Ертедегі қазақ арасына тараган наным-сенімдер туралы не білесіңдер? Тәңіршілдік дегенді қалай түсіндің?
6. Қазақ киіз үйінің құрылысын сипаттпап беріңдер.
7. Киіз үйдің қандай іш жиһаздары бар? Оларды кімдер, қалай жасады?
8. Қазақтың қандай зергерлік қолөнер бұйымдарын білесіңдер? Олар неден жасалды?
Достарыңызбен бөлісу: |