Сабақтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру ға, олардың денсаулығын нығайт уға



бет2/2
Дата10.11.2023
өлшемі27,57 Kb.
#190937
түріСабақ
1   2
Байланысты:
4АПТА ҚМЖсынып сагаты 10.10 2023Ж

«Жағдаяттарды шешу»
1 оқушы:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
ІІ оқушы:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап. Сұрақ: Алма неге Айгүлге олай айтты.Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?
ІІІ оқушы
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
4 оқушы:Асханада Айгүл тамақ жеп отырып, балалармен сөйлесіп, қатты күліп отырды.Ұстазы оған жақын келіп, -Айгүл, асханаға сен не үшін келдің?-деп сұрады. Айгүл үндемей қалды.Сұрақ: -Айгүл неге үндемей қалды? Оған қандай кеңес бере едіңдер?
«Уақыт шеңбері» Тамақтану туралы ырым- тыйым, мақал- мәтелдерін оқушылар ортаға салады

Оқушылар «Ашық микрофонға» шығып өз ойларын айтып, білімдерімен бөліседі. Слайдқа назар аударып, сұрақтарын қояды.
Оқушылар жұмбақтың шешімін табады


Шапалақтау әдісі

https://www.canva.com/design/DAFwIkzluOY/R0kLGMkb0svIYrkU-TOnEQ/edit?ui=eyJHIjp7fX0



Сабақты бекіту

Ал қазір «Дұрыс тамақтанудың» кестесін құралық. Әр топқа кеңестер жазылған карточкалар беріледі. Егер оқушылар келіссе, тақтаға апарып жапсырады.
Қорыту: Адам баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі - денсаулық болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы мықты әрі күшті, ой-өрісі кең болады.

«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөліседі

Шапалақтау әдісі

https://www.canva.com/design/DAFwIkzluOY/R0kLGMkb0svIYrkU-TOnEQ/edit?ui=eyJHIjp7fX0



Үй жұмысы

«Менің салауатты өмір салтым» тақырыбына эссе жазу немесе постер құрастыру

Келесі сабақта сыныптастарымен бөлісу

Шапалақтау әдісі

https://www.canva.com/design/DAFwIkzluOY/R0kLGMkb0svIYrkU-TOnEQ/edit?ui=eyJHIjp7fX0




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет