Сабақтың мақсаты: Отбасылық оқу мәдениеті - білімді кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру ,адам өміріндегі маңызы мен пайдасын түсіндіру . Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру. Оқу мәдениетін қолдау мен дамытуда жалпы қоғам мен отбасының назарын аудару.
Міндеттері: - Кітап оқу рухани азығы, оқу кеңістігінің аясын кеңейту.
- Отбасымен бірге кітап оқып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
- Ата-ана баланың кітап оқуына ықпал жасай отырып, әдеби кітап оқуға деген ынтасын жетілдіру
Күтілетін нәтиже: Отбасы мүшелерінің оқыған кітаптарын ұрпақтарға үлгі етсе, кітап оқуға деген көзқарасы өзгереді.
Оқырмандар оқыған кітаптары туралы насихаттаса, жас оқырмандар саны артады.
Ата- әжемен бірге оқыған ертегілер , аңыздар баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып , ой-өрісі кеңейтеді.
Кітап оқу барысында баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпес із қалдырады.
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ Халық ауыз әдебиеті: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
Қазақ халық ертегілері:
«Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен маймыл», «Құлақ», «Қасқыр мен жігіт», «Шал мен дәу», «Жақсы мен Жаман», «Жігіт пен Мыстан», «Төрт дос», «Тапқыр бала», «Алтыншашты Тотамбай», «Қара қылыш», «Мерген атқыш», «Ақылды қыз», «Әби мен Тәби», «Түлкі мен әтеш», «Қаңбақ шал».
Орыс халық ертегілері: «Шалқан», «Кірпі», «Алтын жұмыртқа», «Бауырсақ», «Түлкі мен шаян», «Мысық, әтеш және түлкі», «Ақымақ қасқыр», «Қорыққанға қос көрінер», «Маша мен маймақ», «Аяз», «Түлкі мен тырна», «Аққу-қаздар», «Хаврошка», «Қарша қыз», «Түлкі мен сұр қасқыр», «Түлкі мен қоян», «Шаруа мен аю», «Шортанның бұйрығымен».
Әлем халық ертегілері: «Үш торай» (ағылшын халық ертегісі), «Ағайынды үш қыз» (татар халық ертегісі), «Күшіңе емес, ақылыңа сен» (белорусь халық ертегісі) , «Көкек» (ненец халық ертегісі), «Күнге қонаққа барғанда» (словак халық ертегісі).
Қазақстан және ТМД елдері жазушыларының әңгімелері: Ыбырай Алтынсарин «Аурудан аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш», «Бір уыс мақта».