Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


Қазіргі заманғы сабақта сақталатын принциптер



бет17/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
10. Қазіргі заманғы сабақта сақталатын принциптер

Дидактикалық принциптер — оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдылықтарына сәйкес мазмұнды ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар. Принциптерде оқытудың нормативтік негіздері беріледі. Сонымен бірге оқыту принциптері, дидактика категориялары ретінде белгіленген мақсаттарға сәйкес, заңдар мен заңдылықтарды қолдану жолдарын сипаттайды. Ережелер — белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жалпы принциптерге негізделген педагогикалық іс-әрекет бейнесі. Әдетте, оқыту ережесі қандай да бір оқыту принципін жүзеге асырудың жекелеген жақтарын ашып көрсететін жетекші қағидалар болып табылады. Оқыту ережелері педагогиканың теория иерархиясында төменгі сатыда орналасады. Бұл теориядан практикаға өтетін бөлік болып табылады. Ережелер оқыту принциптерінен шығады. Принциптер оқыту ережелері арқылы жүзеге асырылады. Ежелден-ақ педагог-ғалымдар ұстаным барысында жоғары және берік нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқытудың жалпы принциптерін аныктауға ұмтылды.

Қазіргі кезде оқыту принциптері дидактикалық үдерістің белгілі бір тұжырымдамасын қүра отырып, жүйе құрайтыны белгілі. Мұндай жүйеге жататын принциптер белгілі бір логикалық негізде құрылады. Я.А. Коменский принциптер жүйесін оқытудың табиғи үйлесімділік принципіне сәйкестендіре анықтады. А.Дистервег дидактикалық принциптерді: 1) оқыту мазмұнына; 2) оқы-тушыларға; 3) оқушыларға қойылатын талаптар ретінде қарастырды. К.Д. Ушинский оқытудың қажетті жағдайлары ретінде өз уақытындағы, бірте-бірте, органикалық, тұрақтылық, меңгеру қатаңдығы, анықтығы, өзіндік іс-әрекеті, тым күрделі не қарапайым болмауы т.с.с. мәселелерді анықтады. Сол сияқты дидактикалық принциптер қатарына оқыту саналылығы мен белсенділігін, көрнекілігін, реттілігін, білім жэне дағдылар беріктігін атап көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет