Сабақтың тақырыбы : Қиял Мақсаты: Қиял туралы ұғымдарын кеңейту, адамның қиялы мен оның дамуын, түрлерін зерттеу



бет3/3
Дата24.12.2021
өлшемі24,81 Kb.
#104742
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Психология
Минимальные расчетные показатели на 2021 год, Кеңшілік Бақытжамал
Тыныштық сәті 7 мин

«Теңізге саяхат»

- Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым –қайғысыз күліп - ойнап, теңіз жағалауында жүрсіз.

Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.

Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл - күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді айтып, сыр тарқатып отырсыздар. Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты қуаныштысыз. Сіз өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.

Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімге бөлендіңіз? Не сезінгендеріңізді бөліссеңдер де болады.


  1. Жаңа сабақты бекіту

-Тыныштық сәті кезінде қандай қиялдың түрін кездестірдіңіздер?

-Қиялдың қандай түрлері бар?



-Қиялды дамытудың қандай жолдары бар?

8. Рефлексия Бес саусақ

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым? 
Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен? 
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 

  1. Бағалау

  2. Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет