Сабақтың тақырыбы: §10 Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу



бет2/2
Дата11.01.2017
өлшемі292,86 Kb.
#6665
түріСабақ
1   2

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

(мұғалім және оқушының іс-әрекеті)

І. Ұйымдастыру

1. Қызығушылықты ояту

а) Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды дайындау, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, белсене араласуын, зейін қойып тыңдауларын, топ ережесін еске түсіру.

ә) Сынып оқушыларын І, ІІ, ІІІ топқа бөлу
ІІ.Мағынаны тану

1)Топтастыру стратегиясын пайдаланып «Жылу берілуінің түрлері» тақырыбынан өткенді қайталау


Жылуөткізгіштік

Конвекция

Жылу


берілуінің

түрлері

Сәулелену

2) І топ «Жылуөткізгіштік» тобы

ІІ топ «Конвекция» тобы

ІІІ топ «Сәулелену» тобы

Әр топ оқушылары өз топтарының аттарына байланысты анықтама беріп, мысалдар келтіріп, шағын постер қорғайды, түсінік жасайды.

Өткенді қайталау

3) Компьютерлік слайд арқылы §9. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру

1.Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін не деп атаймыз?

Жылу мөлшері

2. Жылу мөлшерінің белгіленуі – Q

3.1г суды 1°С –қа қыздыру үшінберілетін жылу мөлшері- калория

4.1 калорияда қанша жылу мөлшері бар? 1 кал = 4,19Дж

5.25 килоджоуль -? джоуль 25кДж = 25000Дж

6. «калория» сөзінің мағынасы – латын сөзінен «жылу», «қызу»

ІІІ. Жаңа сабақ §10. Заттың меншікті жылусыйымдылығы.

Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу



  1. Кіріспе

  2. Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?

  2. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай?

  3. Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» топтар бірін-бірі пікірлерін, бағалауын тыңдай білу

Әр топ өз топтарынан лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды.. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы






Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы












У. Тәжірибе жасау Электронды оқулықпен жұмыс

Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
УІ. Есептер шығару 6-жаттығу Оқулықпен жұмыс
І топ «Жылуөткізгіштік» тобы 6-жаттығу №1 есеп
Бер : Су Q = cm (t2 - t1)

c= 4200 Дж/кг* °С Q = 4200 Дж/кг* °С · 0,25кг · 5 °С =5250Дж

m =250г=0,25кг

t1= 5 °С

т/к Q-? Дж
ІІ топ «Конвекция» тобы 6-жаттығу №2 есеп
Бер : Жез Q = cm (t2 - t1)

c= 400Дж/кг* °С Q = 400 Дж/кг* °С · 0,2кг (365 °С- 15 °С) =28000Дж

m =0,2кг

t2= 365 °С

t1= 15 °С

т/к Q-? Дж


ІІІ топ «Сәулелену» тобы 6-жаттығу №3 есеп
Бер : Су Q = cm (t2 - t1)

Q =84 кДж=84000Дж m = Q /ct

c= 4200Дж/кг* °С m =84000 Дж/4200Дж/кг* °С · 10 °С =2 кг

t1= 10 °С

т/к m -? кг
ҮІІ. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)



Жұптар берілген формуланы және өлшем бірлікті түсіндіреді.

  1. 2) 3)

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

Сергіту сәті : «Физика халық ауыз әдебиетінде» (ертегі тыңдау)

1-оқушы


Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар көсе ұзақ әңгіме айтып отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді :

Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім.

Дәмнен ауыз тиіңіздер.

Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады;

Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суиды, ал бауырсақ тез суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.

Сұрақ Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?

2-оқушы Ертегі «Күн астындағы күнекей қыз»

«Байқаса екі ұртында кішігірім бір көлдің суындай су қалған екен, бүркіп-бүркіп жіберіп еді, қызыл жалын демде басылып, темір үй лезде суына қалды»

Сұрақ Ертегі үзіндісінен нені байқадыңдар?

Судың меншікті жылусыйымдылығын темірдің меншікті жылусыйымдылығымен салыстырайық


VІІІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»


1

Білу

Заттың меншікті жылусыйымдылық дегеніміз не?



2

Түсіну

Заттың меншікті жылусыйымдылығының формуласын ата?


3

Қолдану

Массасы 2 л суды 200-тан 800-қа дейін қыздыру үшін қаншама жылу мөлшері қажет?


4

Талдау

Массалары бірдей темір мен шойынды 500-қа дейін қыздыру қажетті жылу мөлшерін салыстыр?


5

Жинақтау

Қаттың жылусыйымдылығы нені көрсетеді?




6

Бағалау

Дене температурасының жылу мөлшерін есептеуде қаншалықты қажет?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ІХ. Кері байланыс (Рефлексия)

Кейінгі тапсырмалар

І топ «Жылуөткізгіштік» тобына 6-жаттығу №4

ІІ топ «Конвекция» тобына 6-жаттығу №9



ІІІ топ «Сәулелену» тобына 6-жаттығу №10

Кейінгі оқу

§10 Заттың меншікті жылусыйымдылығы Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу


Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет