Сабақтың тақырыбы: 2217 • 205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарға көбейту дағдысын қалыптастыру; оқушылардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығара білу кабілетін жетілдіру.
Сабақтың барысы: Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.
Ауызша есептеу.
Уақыт өлшем бірліктеріне өрнектеуге берілген тапсырма
726 мин = 12 сағ 6 мин 2 тәул. 18сағ = 66сағ 987 ж = 9 ғ 87 ж
7 мин 25 с = 445 с 29 тәул. = 4 апта 1 тәул. 9 ғ 58 ж = 958 ж
6375 жыл = 63 ғ 75 ж 39 тәул. = 5 апта 4 тәул. 6 тәул. = 144 сағ
Ауызша орындалатын жаттығуларга №8 есепті қосыңыз. Шаршының әр қабырғасын 2 есе арттырсақ, оның ауданы неше есеге артады? (Жауабы: 4 есе).
Жаңа материалмен танысу.
№1 а) Көбейтудің қалай орындалғанына назар аудар. Бұл жерде үш таңбалы санға көбейткен кезде неліктен тек қана екі толымсыз көбейтінді жазылған? Түсіндір.
|
|
|
22
|
22
|
11
|
77
|
|
|
|
*•
|
|
22
|
00
|
55
|
|
|
|
11
|
11
|
00
|
88
|
55
|
|
|
44
|
44
|
33
|
44
|
|
|
|
44
|
55
|
44
|
44
|
88
|
55
|
| 2217 санын бірліктерге көбейтемін. Бірінші толымсыз көбейтінді______ шығады. Оны
астына жазамын.
Сандағы ондықтар саны 0-ге тең. Кез келген санды 0-ге көбейткенде 0 шығады. 2217 саны
______ көбейтемін, шыққан толымсыз көбейтіндіні __________астына жазамын. __________ қосамын
- Екі таңбалы санға көбейту алгоритмін оқы және толықтыр. Неліктен бұл жерде үш таңбалы санға көбейткенде тек екі толымсыз көбейтінді жазылған? (Өйткені екінші көбейткіш 205-те ондықтар разряды жоқ. Ендеше бірліктерге көбейткеннен кейін бірден жүздікке көбейтіп, нәтижені жүздіктердің астына жазамыз). Көбейткен кезде толымсыз көбейткіші екеу болатын осындай сандарға мысалдар келтіріңдер (105, 603, 408 және т.б.)
Алғашқы бекіту.
№1 (ә) жаттығуды озат оқушылар өз бетінше, ал қалғандары жан-жақты түсіндіре отырып, тақтаға және дәптерге
орындайды.
1 235•201 2 541• 205 4 078 • 103
5 261 • 105 2 311 • 203 4 703 • 201
Өткен материалмен жұмыс.
№6 - теңдеулер. Тақтада жан-жақты түсіндіру арқылы орындалады. Оқушылар жұптасып жұмыс істей отырып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрады.
№4 есептің шешуін жазбай, өрнекті ғана жазып, қандай амалмен орындалатынын көрсетеді.
№5 есепті сыныппен бірлесіп орындаймыз.
1)50 + 30 = 80 (тг) - ашықхат пен хатқалтаның бағасы.
2)1 600: 80 = 20 (дана) - хатқалта қанша болса, ашықхат та
сонша
50 • 20 = 1 000 (тг) - ашықхаттарға төленді.
30•20=600(тг) - хатқалталарға төленді
Өзіндік жұмыс.
№3. Есептеп, дұрыстығын тексереді.
Деңгейі жоғары оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар
1-нұсқа 2-нұсқа
30294:34=891 20 834 : 22 = 947
56699:59=961 35 721 : 63 = 567
2574•512=1317888 8 206 • 174 = 1 427 844
3108•331=1028748 5 671 • 295 = 1 584 445
Үй тапсырмасы. №4 (4 өрнек құру). Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: мүмкіндігінше көбірек өрнек құруды жалғастыру.
Тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бағанга жазылған өрнектерді салыстыру қажет.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарға көбейтуге үйрету; оқушылардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.
Сабақтьң барысы: Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.
Мына түрдегі тапсырма түрлері:
а) Сандарды оқы.
254 200, 8 321 3541, 504 008, 2 000 485, 44 026 085, 746 456 000.
ә) Бұл сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, ондық мың, жүздік мың, бірлік миллион, неше ондық миллион, жүздік миллион барын атап бер.
Жаңа материалмен танысу.
Көбейтудің жаңа түрін оқулыққа (№1) сүйене отырып түсіндіру қажет.
Түсіндіру кезінде әр жағдайда неше толымсыз көбейтінді бар екеніне назарларын аудару керек.
2413•210=506730 2 521 • 430 = 1 084 030
8321•102=998520 2 413 • 201 = 485 013
2521•403=1015963 8 321 • 120 = 848 742
Бұл мысалдардың ұқсастығы неде? (Екінші көбейткіштің жазуында 0 цифры бар. Үш таңбалы санға көбейткенімізге қарамастан, тек екі толымсыз көбейткіш жазылған)
Бұл мысалдардың айырмашылығы неде? (Бірінші жағдайда екінші көбейткіште бірліктер жок, ал екінші жағдайда ондықтар жоқ).
Өткен материалмен жұмыс.
№3 (ә) есепті кесте түрінде жазуға болады.
Азық-түлік
|
Бағасы (1 кг)
|
Саны
|
Қүны
|
Кәмпит
Печенье
|
?тг.
160 тг.
|
85 кг
248 кг
|
?тг
? тг
|
66 880 тг
|
Оқушылар ұжымдасып талдап болғаннан кейін, есептің шешуін өз бетінше жазады:
160 • 248 = 39 680 (тг.) - печеньенің құны.
66 880 - 39 680 = 27 200 (тг.) - кәмпиттің жалпы құны.
27 200 : 85 = 320 (тг.) - 1 кг кәмпиттің бағасы.
Бұл есепті теңдеу құру арқылы шешуге болады. 1 кг кәмпиттің бағасы х бол сын делік.
х • 85 + 160 • 248 = 66 880
х • 85 + 39 680 = 66 880
х • 85 = 66 880 - 39 680
х • 85 = 27200
х = 320 (тг.) - 1 кг кәмпиттің бағасы.
№3 (а) есепті өзіндік жұмыс ретінде тапсыруға болады.
3 400 : 8 = 4 250 (тг.) - 1 қаптың бағасы.
51 000 : 4 250 = 12 (қап) - барлығы.
№6 тапсырма. Теңдеулерді оның құрылымын және сандық материалды талдау негізінде ауызша шешуге болады.
№7 тапсырманы балалар өз бетінше орындайды.
V1 = 5• 2• 12 = 120 (см3) V2 = 2 • 2 • 2 = 8 (см3)
V3 = 5 • 3 • 2 = 30 (см3) V4 = 16 • 7 • 3 = 336 (см3)
№2 - практикалық жүмыс. Есеп қандай ретпен орындалатыны жауабы талқыланғаннан кейін шығарылады.
Үй жұмысы: №6, №3 (ә) немесе 4 (ә). Шығармашылық деңгей: «Үш таңбалы санға көбейту» тақырыбы бойынша «Футбол» ойынының үлгілерін құрастыру.
№8 есепті шығару үшін сағат циферблаты қажет. Ол 12 рет сағат тілі нешені көрсетсе, сонша рет соғады. Яғни, 1 + 2 + 3 + 4 + 5... + 12 жөне 11 рет 1 реттен (сағат 1-ден 12-ге дейін әр жарты сағат сайын) соғады. Барлығы 89 рет соғады.
Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдері
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдерін орындау қабілетін қалыптастыру; балалардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шешу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың барысы:
Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.
«Футбол» дидактикалың ойыны. Ұлдар мен қыздар командасы қарсыластарына үйден құрастырып келген мысалдарын береді. Есептердің шешуін қатесіз тапқан команда жеңіске жетеді.
«Үндемес» ойыны. Жаппай жұмыс
Тәуліктің бөлігі үлкен бе, әлде бөлігі ме? Қанша үлкен?
Сағаттың J- бөлігі кем бе, әлде бөлігі кем бе? Неше минутңа кем?
Метрдің бөлігі артық па, әлде бөлігі артық па? Неше сантиметр артық?
2 134 • 124 мысалын жазып алып, шешуін табыңдар. Оны қалай тексереміз? (бөлу арқылы). Тексеріңдер. Оқушылар жазады: 264 616 : 124.
Қандай өзгеріс байқадыңдар? (Бұл - үш таңбалы санға бөлу). Сабақтың тақырыбын белгілеңдер (көп таңбалы сандарды үш таңбалы санға бөлу).
Оқу материалы мен танысу.
Жаңа материалмен танысу.
№1(а) тапсырмасы бойынша есептеу тәсілімен танысу. Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.
Бірінші толымсыз бөлінгіш 451.451-ді213-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын. Ол үшін 4 ондыкты 2 ондыққа бөлемін, нөтижесі 2-ге тең. Оны тексеремін (213 • 2 = 426). Қалдықты тексеремін. Ол бөлгіштен кіші (25 < 213). 5 цифрын түсіремін. Екінші толымсыз бөлінгішті 213-ке бөлемін. Ойлаймын: 2 ондықты 1 жүздікке бөлсем, 1 саны шығады. Тексеремін (*** • 1 = ***). Қалдықты табамын. Ол бөлінгіштен (** < 213). цифрын түсіремін. Үшінші толымсыз бөлінгішті бөлеміз.Тексеремін. Қалдың нөлге тең. Бөлінді тең.
Алғашқы бекіту.
№1ә тапсырманы тақтаға және дәптерге жан-жақты түсіндіре отырып шығарады.
Өткен материалмен жұмыс.
№2 - белгілі қашықтың пен жылдамдық бойынша уақытты табуға арналған екі жай есептен және сандарды айырымдық салыстыруға арналған есептен тұратын құрама есеп. Есеп Қазақстан географиясының материалы негізінде құрылған және оның алдында Отанымыздағы туристік орындар туралы әңгімелесуге болады.
№3 (а) есепті сыныппен бірге орындаймыз.
17 - 12 = 5 (м) - екі мата орамының айырмасы.
3 750 : 5 = 750 (тг) - 1 м матаның бағасы.
750 • 12 = 9 000 (тг) - 1-орамға төленген ақша.
750 • 17 = 12 750 (тг) - 2-орамға төленген ақша.
№3 (ә) есепті мына жоспар бойынша өз бетінше шешуге беріңіз:
Қоңыр матадан неше метр артық жұмсалды? 2 952 - 1 536 = 1 416 (м)
1 костюм тігу үшін қанша мата жұмсалды? 1 416 : 472 = 3 (м) - 1 костюмге жұмсалды.
Қанша сүр костюм тігілді? 1 536 : 3 = 512 (с. к.)
Қанша қоңыр костюм тігілді?2 952 : 3 = 984 (қ. к.)
№4 тапсырманы орындау алдында балалардың арасында жалпы сауалнама жүргізуге болады:
-Фигураның көлемін қалай есептейміз?
-Фигураның көлемі, биіктігі мен ені белгілі болса, оның ұзындығын қалай табамыз?
Содан соң оқушылар кесте бойынша есептер құрастырып, оларды шешеді.
а
|
6 см
|
16 дм
|
15 м
|
12 м
|
10 мм
|
35 дм
|
46 см
|
b
|
4 см
|
2 дм
|
2м
|
Зм
|
4 мм
|
2 дм
|
30 см
|
һ
|
2 см
|
4дм
|
3 м
|
2м
|
4 мм
|
1 дм
|
20 см
|
V
|
48 см3
|
128 дм3
|
90 м3
|
72 м3
|
160 мм3
|
70 дм3
|
27600 см3
|
№6 өзіндік жұмыс (1 нұсқа - 1-баған, 2 нұсқа) №8 есептің жауабы. Сызбада қанша тіктөртбұрыш бар?
а) 18 тіктөртбұрыш ө) 18 тіктөртбұрыш
Үй тапсырмасы. №5. Шығармашылык, деңгейге арналған тапсырма: №8.
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын бекіту; әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау қабілетін дамыту; математикаға деген қызығушылықты ояту.
Сабақтың барысы: Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.
Ауызша есептеуге №1 тапсырманы ұсыныңыз.
Математикалық диктант.
• Оқушы кітаптың 18 бетін оқып шықты. Бұл - кітаптың бөлігі. Кітаптың жалпы неше беті бар?
14 пен 30-дың көбейтіндісін 3 есе арттыр.
240 пен 80-нің бөліндісін 3 есе арттыр.
3 ай жылдың қай бөлігін құрайды?
10 қапта 1 т қант бар. Үш қапта неше килограмм қант бар?
9 бен 8 сандарының көбейтіндісі 4 пен 6-ның көбейтіндісінен артық.
240 минутта неше сағат бар?
360 пен 9 минуттың бөліндісін 7 есе арттыр.
Шаршының ауданы 25 см2-ге тең. Оның периметрін табыңдар.
Гүлкөмбенің ұзындығы 5 м, ал ені одан 2 м кем. Гүлкөмбенің ауданы мен периметрін табыңдар.
Жаңа материалды оқулықтағы №2 (а, ә) тапсырмаларға сүйене отырып түсіндіруге болады.
Үш таңбалы санға бөлудің қалай орындалғанын қарап шық. Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.
Бірінші толымсыз бөлінгіш 3 918. 3 918 санын 653-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын. Ол үшін 93 жүздікті 6 жүздікке бөлеміз. Тексереміз 653 -6 = 3 918.Бөлінгіш тең.
ә) Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.
Бірінші толымсыз бөлінгіш 1 375. 1 375 санын 573-ке бөлемін.
Бөліндіге цифр таңда. Ол үшін 13 жүздікті 5 жүздікке бөлеміз, 2 саны шығады. Оны тексеремін (573 - 2 = 1 146).Қалдықты тексеремін. Ол бөлгіштен кіші (229 < 573). 2 цифрын түсіремін. Екінші толымсыз бөлінгішті 2 292-ге бөлемін. Ендеше 22 жүздікті 5 жүздікке бөлсек, 4 шығады. Тексеремін. Қалдық нөлге тең. Бөлінді тең.
Алғашқы бекіту.
Үш таңбалы санға бөлу алгоритмін қайталау үшін оқулықтағы №2(ә) тапсырманы пайдалануға болады. Тапсырма тақтаға және дәптерге орындалады.
Өткен материалмен жұмыс.
№3 - өзіндік жұмыс, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
208 500-44 455:523 = 208 415
(124 638 + 80 294) + (9 507 - 9 179) = 205 260
56 058 + 452 • 325 = 202 958
№4 - түсіндіре отырып жазамыз.
№5 есепті оқушылар өз бетінше орындап, тексереді. Егер балалар өрнекті бірден құра алмаса, оларға шешуін амалдармен жазуға рұқсат етіңіз.
а)1) 4 500 • 6 т 27 000 (г) = 27 (кг) - жұмсалған күріш.
2) 27 + 32 = 59 (кг) - әкелінді.
ә) 1) 85 • 2 = 170 (б.) - күріш салынған бәліш.
2) 170 - 85 = 85 (б.) - артык,
б)1) 34 : 17 = 2 (кг) - үн салынған қағаз қапшық.
75 : 25 = 3 (кг) - күріш салынған қағаз қапшық.
3 - 2 = 1 (кг) - ауыр.
№6 есеп тақта мен дәптерге орындалады, жан-жақты түсіндіріледі.
Үй тапсырмасы. №5, №7 (4-6-теңдеулер).
Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтық мақсаты: оқушыларды үш таңбалы санға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру; әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру; бөлу мен көбейтудің жазбаша тәсілдерін меңгеру деңгейін, қалып қою және куып жету қозғалысына берілген есептерді шығару дағдыларын тексеру.
Сабақтың барысы
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
«Білім сандықшасы» дидактикалық ойыны. Оқушылар сабаққа дейін параққа жазып сандыққа салып қойған сұрақтарын кезекпен оқиды. Қалғандары жауап береді.
Ауызша жаттығуларға бақылау және тексеруге арналған дәптердегі математикалық диктантты қосуға болады.
Жаңа материалмен танысу.
Жаңа материалды оқулыңтағы №2(а) тапсырма бойынша немесе соған ұқсас тапсырмалар арқылы түсіндіреміз. Алғашқы бекіту.
№2(ә). Мысалдар жан-жақты түсіндіріліп, тақтаға және дәптерге орындалады.
Өткен материалмен жұмыс.
№3 - жұпта орындалады. №5 есеп - ұжымдың жұмыс.
10км2 = 10 000 000 м2
50 : 5 = 10 (м2) - 1 г мұнай өнімі зиянын тигізетін аудан.
10 000 000 : 10 = 1 000 000 (г) = 1 (т) мұнай өнімі көлемі 10 км2ауданды алып жатады.
№4 есепті оқушылар екі нұсқа бойынша түрлі тәсілдермен орындайды:
1-нұсқа:
Бірінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді?
Екінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді?
Екі саяжолдан барлығы қанша литр су буланады? 67 • 19 + 67 • 35 = 3 618 (л)
2-нұска.
Екі саяжолда барлығы қанша қайың ағашы бар?
Бұл қайыңдар бір күнде канша литр суды буға айналдырады? (19 + 35) • 67 = 3 618 (л)
Өзіндік жұмысты бақылау және тексеруге арналған дәптерде орындаймыз.
№8 тапсырма (есептеудің тиімді тәсілімен танысу) жан-жақты түсіндіріле отырып, тақтаға және дәптерге орындалады.
Пайымдау тәсілі: 37 • 3 = 111 екенін білген оқушы 37 мен 6 сандарының көбейтіндісін таба алады. Екі көбейтіндіде де бірінші көбейткіш бірдей, ал екіншісі 2 есе артты. Ендеше, көбейтінді де 2 есе артады - 222.
Үй жұмысы: №7, 6. Шығармашылық деңгейге арналған тапсырмалар: «Футбол» ойынына арнап тапсырмалар әзірлеу.
Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелерді анықтау
Сабақтың мақсаты: кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер туралы түсінік қалыптастыру; үш таңбалы санға көбейту мен болу дағдыларын нығайту; әртүрлі есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың барысы
Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.
№1 тапсырма ауызша орындалады. Математикалық диктант:
• Азайғыш 100 000. Айырманың мәні 52 000. Азайтқышты табыңдар.
560-ты 43-ке азайт.
1 000 саны шығу үшін қандай саннан бірлікті алып тастау керек?
490-ды 14 пен 5 сандарынын, көбейтіндісіне бөл.
Тіктөртбұрыштың периметрі 72 см, оның ені 16 см. Тіктөртбүұрыштың ауданы нешеге тең?
Сағаттың 15 бөлігі неше минутқа тең?
5 тоннада неше килограмм бар?
Тышканның жүрегі 2 минутта 260 рет соғады. Оның жүрегі 6 минутта неше рет соғады?
№8 тапсырманың негізінде көркем жазу минутын ұйымдастыруға болады:
310 320 330 340 350 360 370 380 390
302 312 322 332 342 352 362 372 382 392
Ауызша жаттығу: үш суретті бір-бірінің үстіне қойса ақ түсті неше торкөз қалады?
Егер оқушылар қиналып жатса, суретті пленкаға көшіріп, шешуін көрсетіп беруге болады.
№2(а). Суреттегі фигураларды (нүктелер мен кесінділер) қандай топтарға, нүктелерді қандай топқа бөлуге болады? Оқушылар «кесіндіге тиісті немесе тиісті емес нүкте» түсінігімен таныс емес. Сондықтан олар «кесіндіде нүкте бар, нүкте басқа жерде түр» деп айтуы мүмкін.
С I
•H D
Жаңа материалмен танысу
Мұғалім оқушыларды жаңа терминмен таныстырады: «кесіндіге тиісті нүкте және кесіндіге тиісті емес нүкте»
№2 (ә, б) тапсырмалар орындалады:
АВ және ОК кесіндісіне тиісті барлық нүктелерді жазып шық. ОМ кесіндісіне тиісті барлық нүктелерді жаз.
•F •G
S T M •N
Өткен материалмен жұмыс.
№3 тапсырмада оқушылар есептеулердегі қателерді тауып, мысалдарды дұрыс шығаруы тиіс.
№4 тапсырма бір-бірін тексеру арқылы орындалады.
Өзіндік жұмыс.
№5 (а, ә) есепті өзіндік жұмыс ретінде орындауға беруге болады.
№6(а). 1) 672 : 24 = 28 (тәул.) 2) 150 • 28 = 4 200 (л)
№6(ә). 1) 320 : 16 = 20 (кг) - 1 автокөлік тәулігіне шығаратын улы газ.
2) 53 • 20 = 1 060 (кг) = 1 т 60 кг - 53 автокөлік тәулігіне шығаратын улы газ.
Үй жұмысы: 5(ә), №7.
Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: кесте бойынша өрнекті мүмкіндігінше көбірек құр және олардың мәнін тап.
Сабақтың тақырыбы: Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |