І. Кіріспе
|
1 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Шаттық шеңберінде:Амандасу . Қуанамын менде, Қуанасың сенде, Қуанамыз бәріміз Арайлап атқан күнге
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрып, Қос қолымен өзін көрсету, Қос қолымен өзгені көрсетеді, Қос қолымен бәрін көрсетеді, Қол ұстасып, күн жасайды
|
Топқа бөлу
|
1мин
|
Тізбек тәсілдері жазылған кеспе қағаздар арқылы төрт топқа бөлу.І Ітоп-баяндау. ІІ-аналитикалық . ІІІ-рекурренттік. ІҮ- графиктік
|
Төрт топқа бөлініп отырады.
|
Үй тапсыр масы
|
2мин
|
Үйге берілген №188-№189 есептерді топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды.
|
Бір бірінің дәптерлерін тексереді.
|
Білу
«Қайталау–оқу айнасы»
|
7мин
|
Әр топқа сұрақтар қойылады, қойылған сұрақтарға жауап беру керек
1.Сан тізбегі дегеніміз не, берілу тәсілдері қандай?
2.Тізбектердің қайсысы өспелі,кемімелі, тұрақты тізбек болады?
а)10;9;8;7;6... в) 13;13;13;13...
б)20;23;26;29... г) 4;-8;16;-32....
3. Жалпы мүшесі сп=2п-3 формуласымен берілген тізбектің с1,с5,с9,с7 мүшелерін табыңдар.
4. Рекурренттік формуламен берілген тізбектің алғашқы бес мүшесін табыңдар. с1=4,сп+1=сп +3
|
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді Оқушылар топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
С1=2*1-3=-1 с5=2*5-3=7 с9=2*9-3=15 с7=2*7-3=11
4.с1=4 с1+1=4+3=7 с3=7+3=10 с4=10+3=13 с5=13+3=16
|
Түсіну
Жаңа сабақты түсіндіру
|
12 мин
|
Есеп: Еркін досының туған күніне ұялы телефон сатып алып бермекші болды.Ол үшін бірінші айда6300 теңге,ал келесі айларда қосымша 500 теңгеден қосып төлеп отыруы қажет. Егер Еркін ұялы телефонды жалға 6 айға алған болса,әр айда қанша теңге төлеуі қажет? а=6300;а=6800;а=7300;а=7800;а=8300 мұндай тізбекті арифметикалық прогрессия дейміз. Прогрессия –(латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды.
Анықтама.Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз. Кез-келген п натурал саны үшін аП+1= аП+d `(1)теңдігі орындалса, онда арифметикалық прогрессия деп, d санын арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды. Арифметикалық прогрессияның айырмасы үшін d=ап+1-ап(2)теңдігі орындалады. Арифметикалық прогрессияның п-мүшесінің формуласы.ап=a1+(п-1)d (3). Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесінен бастап , оның әрбір мүшесі өзімен көршілес екі мүшесінің арифметикалық ортасына теңболады.
|