Сыныбы: 4 «В»
Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаныс. Мен және төтенше жағдайлар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1- наурыз Азаматтық қорғаныс күні екенін айта отырып, қауіпсіздік шаралармен, сақтану жолдарымен таныстыру, білдіру.
Азаматтық Қорғаныс — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады.
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы.
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді: Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Өрт Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
Автокөліктен шыққан жалынға;
Күн күркірегендегі найзағайларға;
Майланған материалдың үйкелісіне; Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Видеоролик: «Апатты жағдайлар» Орманда жүргенде есіңізде болсын: Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз, ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ: СУ Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
белгі қойылған жерден аспаңдар!
рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
суда бұзықтық жасамаңдар;
өтірік дабыл көтермеңдер; өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер; таныс емес жерде шомылмаңдар.
Қорытынды. Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсатына сәйкес азаматтық қорғаныс яғни төтенше жағдайлар туындаған кезде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін және де қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп өттік. Алдағы уақыттарда осы өткен қауіпсіздік ережелерін әрқашан есімізде сақтап, алдын-алу шараларын үйренгеніміз жөн.