Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Менің атым Қожа» повесінің мазмұны мен идеясымен танысу; повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету;
ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту;
б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Міндеттері:
Оқушылар мәтінмен таныса отырып сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуді үйрету.
Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға, пікір алмасуға дағдыландыру.
Оқушылардың сөздік қоры артады, сөйлеу тілі дамиды, өз ойын сын тұрғысынан білдіруге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, флипчарт (АctivInspire), маркер, А4 форматты қағаз, суреттер, бағалау парағы, қосымша әдебиеттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Күтілетін нәтиже:Оқушылар Б. Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесі туралы білімдерін кеңейте отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Сабақтың барысы:
Деңгейлер
Уақыт
Модуль
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
1 мин
«Шаңырақ» ойсергегі
Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Шаңырақ» ойсергегін өткізу.
- Бұл неге ұқсайды? (Ленталардың үстіне шаңырақтың суреті қойылады)
- Ал енді ше?
- Сәлеметсіз бе!
Ойсергектің ережелері:
2 оқушыдан келіп, түрлі-түсті лентаның бірін таңдап , шеңберге тұрады. Оқушылар ленталардан "жұлдызша" жасайды.
- Жұлдызша, күннің көзі, ұлпа қар, т.б.
- Шаңыраққа.
Бір шаңырақтың астында тұрып, бір-біріне тілек
айтады.
1 мин
Топқа бөлу.
Қызыл, жасыл түсті лента - І топ
Сары, көк лента - ІІ топ. Топ ережесі, бағалау парағы таратылады
Оқушылар ленталардың түсіне қарай 2 топқа бөлінеді. Топтың атын қояды, топ басшысын, топ мүшелерін (спикер, тайм-кипер, хатшы, сыншы, бақылаушы) сайлайды.
І топ «Шаңырақ»
ІІ топ «Болашақ»
Үй тапсырмасын тексеру
3 мин
"Сұрақтар иерархиясы"
Кластер толтыру
Үй тапсырмасын тексеру мақсаты-мен оқушы ларға Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойыша сұрақтар қойылады, кластері толтырылады . Мұғалім оқушыларды қосымша әдебиеттермен таныстырады.
Оқушылар «Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына үйден жазып келген мәліметтері бойынша кластер толтырады.
Мұғалім смайликпен бағалайды
I деңгей – Білу.
2 мин
Бейнежазба
Тақырыпқа шығу мақсатында «Менің атым - Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетіледі.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Оқушылар не түсінгенін, сабақтың тақырыбы қандай екені туралы өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.
Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парағына
II деңгей – Түсіну.
5 мин
"Сөз-қоржын" әдісі
Мұғалім тақтадан 2 контейнердің суретін көрсетеді. Оқушыларға тапсырманы
түсіндіреді.
Әр топтан 1 оқушыдан шығып кезек-кезегімен "қоржыннан" шыққан сөздерді тиісті контейнерлерге орналастырады.
III деңгей – Қолдану.
5 мин
«Микромінездеме»
әдісі
Мұғалім оқушылардың алдына карточкалар таратады
Оқушылар негізгі кейіпкерлерге мінездеме береді
Кейіпкер
Микромінездеме
Дәйексөз
Қожа
3 мин
«Семантикалық карта»
Интербелсенді тақтадан тапсырманы көрсетіп, түсіндіреді