Сабақтың тақырыбы: «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?» Сабақтың мақсаты



Дата02.04.2022
өлшемі25,63 Kb.
#137637
түріСабақ
Байланысты:
«Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың


Білім беру ұйымының атауы

Р.Смаилов атындағы орта мектеп

Пәні:

Сынып сағаты

Бөлім:

II. Рухани – адамгершілік тәрбие

Педагогтің аты-жөні:

Макашева Жанар

Күні:

01,10,2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?»

Сабақтың мақсаты

Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

Бекіту
Кері байланыс



Қайырлы күн! Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы қонақтар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар,ұстаздар мерекесімен тоғысқан күнімен құттықтаймыз!
Ұйымдастырылуы
1.Қонаққа ауыл қарттарын шақырып, қарсы алу
2.Құттықтау сөз кезегі
3..Өлең жолдары оқылады
4.Қарияларымызға сұрақтар қойылады
5. Концерттік бағдарлама 

Мұғалім:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,


Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап

Сынып сағатының қонақтары : Мейірқұл ата, Баян апа, Әбен ата, Құрамыс аталарға сөз кезегін береміз


Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз с Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлыұлттық қасиеттеріміздің бірі.
Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққажолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді.
өздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие.

Қорытынды: Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым аман сау жүрші…


Сарқылмас асыл қазынам, қарттарым аман-сау жүрші»
Жасай бер қазыналы қарттарым!



Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім? Әрине, қарттарымыз.
«Сағындым әжем» әні
Тоғжан:Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда
Ахметжан: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
1-оқушы: Дарын
Х ош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауһазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-оқушы: Нұрай
Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мерекешашулары.
3-оқушы: Гүлімай
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
4-оқушы: Әзиза
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
5оқушы: Ақниет
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Мақал-мәтелдер:
1.Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
2.: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
3. Ақылды қария – ағып жатқан дария.
4. Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
5.Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»
6. «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»
13- оқушы: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»
7. «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»
8. Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет