І. Ұйымдастырушылық кезең
|
3 минут
|
ІІ. Өткен материалды сұрау
|
10минут
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру
|
35 минут
|
ІV. Меңгерген тақырыпты бекіту
|
35 минут
|
V. Қорытынды
|
5минут
|
VІ. Үй тапсырмасы
|
2 минут
|
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.
Өткен сабақты қорытындылау. Берілген тақырыптар бойынша сұралады.
1. ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің ерекшеліктері жайында.
2. Қазақ елінің саяси жағдайын сипаттап айт.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру
Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады.
Бұл—ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың Найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда, Дулаттың.
Тасқын судай ағызып,
Шәрбәт балдай тамызып,
Торқалы топыр тойында,
Топ бас қосқан ойында,
Қасқа - жәйсаң алдында
Топ жиынды дулаттым.
Айдасаң алыс жерімді,
Алсаң ащы терімді,
Өзіне - өзі сенімді,
Тоят төс, салпы ерінді,
Топтан торай бермейтін
Тұлпар аттай қунақпын.
Қайырсыз сараң малыңды,
Еріншек есер жарыңды,
Халыққа емес сыйымды -
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Әперіп сөзбен кегіңді
Улы тілмен улаттым.
Сана құйып ойыңа ,
Қуат беріп бойыңа,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп қайғы алған,
Қайғылыны уаттым.
Жырымды менің тыңдаған
Сөз ұғатын соңғы адам,
Тыңдаудан әсте тынбаған,
Кауһардай дүрі бұлдаған,
Сарқырап аққан жылғадан
Жыр арнасы суатпын.
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген,
Жаршылардың шәйірі
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген.
Қамқа бірдей бола ма
Қаламы мата бөзбенен?
Қосылып алтын қорылмас
Мырышпенен, мыс, жезбенен.
Меруерттей сөзбен шашайын
Бойыма біткен асылын
Ақындық әсер қуаттың.
Сусағанды сулатып,
Шаршағанды қунатып,
Күзегенді туратып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мүйіс жерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай!
Азған елдің адамы
Апшыған сұмдар қадамы,
Жүйрікпін деп шабаны,
Момынға жапса жаланы,
Қулық - сұмдық табады;
Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт таяқтап ақсады...
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері
Жемтікке қонған күшіген.
Өзі тойса мәз болды,
Ел іргесін сақтамай.
Ер деп елді бұзғышты,
Сұқсыр деп сұмырай қызғышты,
Кез құйрықты лашын деп,
Кенеусізді ісім деп,
Құладынды сұңқар деп,
Жабыны шабан тұлпар деп,
Құтқармайтын құмай деп,
Төбетке қарғы таққаны.
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады.
Алдыңа түсіп томпаңдар
Жарлылардың торпағы,
Бір торпақтан он болып
Пысықтардың ортағы.
Қара шығын алымы
Бай, кедейге бірдей боп,
Шаңыраққа салығы.
Ел ұйытқысы шайқалып,
Дәулет судай аққаны
Сортаң жерге қақ тұрып
Суы ішуге келмейтін,
Сараң байға бақ тұрып
Қолынан қайыр бермейтін,
Қортиғандар бек болды
Елді теріс сермейтін...
Хронологиялық кесте
Аягөз__қайда_барасың..__Тауды_екіге_жарасың,_Тастың_қашап_арасын._Кесіп_өтіп_кезеңді,__Аягөз__қайда_барасың..'>Аягөз қайда барасың?..
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз қайда барасың?..
Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады
Тоғанменен тосылып.
Аягөз сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой
Қырың малдың кіндігі
Ойың өнім егіс қой.
Айтуға ауыз келе ме
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан қазылар
Не деп жауап береді....?
Шығарманың идеялық мазмұнын ашу үшін сұрақ-тапсырмалар беріледі.
1. Аягөз бұрын қандай еді? Ақын оны қалай суреттейді?
2. Аягөз жері неге өзгерді,оған не себеп болды?
3. Қарапайым халық тағы кімдерден зәбір көрді,оны ақын қалай суреттеді?
4. Осы қиыншылықтан шығудың жолын неден іздейді?
Ақын кімдерге өкпелі?Ақын ойын қалай қорытындылайды?
«Салыстырыңыз»
Абай мен Дулат шығармаларының ұқсастығын анықтау.
Дулат: “Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан - дағы қылықты
Майырдың алса бұйрығын,
борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады - ай...” және
“Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса
Сөз - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса...”
десе, Абай: “Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...” және
“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы...”
Достарыңызбен бөлісу: |