Сабақтың тақырыбы: Екілік ақпарат ұсыну Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата24.02.2023
өлшемі486,5 Kb.
#170065
түріСабақ
Байланысты:
5кл-11 кмж Алипбаева.С


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпаратты ұсыну

Педагогтың аты-жөні

Алипбаева Салтанат

Күні




Сынып: 5

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Екілік ақпарат ұсыну

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.2 Компьютерге арналған барлық ақпарат екілік код түрінде берілетінін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Ақпараттық екілік код түрінде берілетінін түсінеді

Көптеген оқушылар:

Екілік алфавит символдарын қолданып,кодтай алады.

Кейбір оқушылар:

Мәтіндік ақпаратты кодтауды біледі.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2. Өткен сабақты пысықтау
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

1.Мұғаліммен амандасады.
2. Сұрақтарға жауап береді
3. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады
4. Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Интербелсенді тақта /компьютер



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Көрсетілім.


Коррекция.
Эффект.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ұсыну түрлеріне қарай ақпаратты екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар:

  • Ақпаратты кодтаудың мәтіндік түрінде әріптер мен символдар сол мәтін жазылған алфавиттің символдарымен кодталады.

  • Ақпаратты кодтаудың сандық түрінде сандық ақпарат кодталады.

  • Ақпаратты кодтаудың графикалық түрінде ақпарат суреттермен, кескіндермен кодталады.

Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жәй екілік таңбалар деп те атайды. 0 және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана (00,01,10,11) кодтауға болады, ал бұл өте аз. Кез келген символды мәтінді кодтауға 200-дей символ қажет болады. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни сегіз 0 мен 1 –ден тұратын тізбекті қолдану қабылданған. Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде оның әр символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт жеп аталатын тізбек арқылы ұсынады.Нөл және бірлердің орындарын ауыстыру арқылы 8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға болады.

Символдар мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің комегімен орнатылады. Ол кесте ASCII коды деп аталады.


Көрсетілім. Оқулық §1.4, 21-бет , 2-кесте


ASCII коды кестесінен көрініп тұрғандай, әрбір символға немесе әріпке 8 биттен тұратын бір байттық код сәйкес келіп тұр.
ASCII кодтау кестесінде 16 жол, 16 баған бар. Кесте стандартты және баламалы екі бөліктен тұрады. Стандартты бөлік алғашқы 0-ден 127-ге дейінгі 128 символдық код цифрларынан, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдардан құралған.
Баламалы бөліктегі 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттерде (орыс, қазақ, тағы басқа) берілген.
Бүгінгі таңда ASCII кодымен таңбаланатын 256 символдың өзі компьютерде жапон, қытай тілдерінің алфавитін кодтауға жетпейді. Бұл алфавитте, иероглифтерде символдар саны 256-дан көп. Осы мәселені шешу үшін өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникод кодтау кестесі жасалды. Бастапқы Юникод кодтау 2 байт, яғни 16 биттен тұрды, 16 битпен 65536 символды кодтауға болады.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс: «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, екілік алфавит символдарының мысалдарымен төмендегі сызбаларды толтыру тапсырылады.





Дескриптор:
- Шифрлаудың қандай əдістерін Бар екендігін біледі.
- Ақпараттарды компьютерде қалай өңдеуді үйренеді.
-Екілік таңбаны ұғады.
.

ҚБ: жетон /4балл/


2-тапсырма.Жеке жұмыс: «Кім жылдам» әдісі бойынша компьютерде практикалық жұмыс жасайды.


Кестеде берілген екілік кодтарды пайдаланып, төмендегі кестеге сәйкес келетін бейнені анықтаңдар. Ол үшін 1 символы берілсе, ұяшықтарды қара түске бояңдар, 0 символы берілсе, сол күйінде қалдырыңдар.

Дескриптор:
- Екілік кодтау туралы түсінеді.
Екілік кодтау туралы нақты тұжырым жасай алады.
-Кодтау кестесін пайдаланып сөздерді кодтайды.
-ASCII әріптердің номері бойынша кодталған сөздерді кері кодтай алады

ҚБ: жетон /2балл/


3-тапсырма. Топтық жұмыс: «Фрайер моделі» әдісі бойынша Оқушылар екі бөліктен тұратын тапсырмаларға топ бойынша жауап береді.


1.Code, Standard сөздерін кодтаңдар
2. Computer, Internet сөздерін кодтаңдар

ҚБ: жетон /4балл/





Мұғалімді тыңдайды

ASCII коды кестесімен танысады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды




Жетон
4 балл

Жетон
2балл

Жетон
4 балл





Интербелсенді тақта /компьютер

оқулық


ASCII коды кестесі

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:

1.Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,желкенді жасыл түске боя;
2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген,желкенді сары түске боя;
3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,желкенді қызыл түске боя;

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

&6 , 1,2-тапсырма











Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет