Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
10-сынып курсы бойынша шолу жасау
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Электрмагнит сөзі нені білдіреді?
Тербелмелі контур мағынасы жайлы не білеміз?
Конденсатор, заряд, энергия физикалық құралы мен шамалары жайлы не білеміз?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау» (10 минут)
1. Тізбекте өздік индукция ЭҚК ненің әсерінен туындайды?
Сыртқы магнит өрісі әсерінің артуынан
Магнит ағынының өзгеруінен
Магнит ағыны әсерінің кездейсоқ өзгеруінен
Сыртқы магнит өрісі ағынының кемуінен
Жауаптардың дұрысы жоқ
2. Периоды Т=5*10-3 с тербелістер ұзындығы λ= 7,175 м толқындар туғызады. Дыбыс толқының судағы жылдамдығы қандай?
A) V=1435 м/с. B) V=143,5 м/с. C) V=14,35 м/с. D) V=1,435 м/. E) V=0,1435 м/с.
3. Магнит индукциясының ағынының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?
А) 1Вб= 1Тл*м2.В) 1Вб= 1 Тл /м2.С) 1Вб= 1Вт*м2. Д) 1Вб= 1Вт/м2. Е) 1Вб= 1м2/Тл.
4. Индуктивтіліктің өлшем бірлігін көрсетіңіз.
А) Гц (Герц). В) Вб (Вебер). С) Гн (Генри). Д) В (Вольт). Е) А (Ампер).
5. Тоғы бар катушканың энергиясы қай жерде шоғырланған?
А) Катушканың өткізгіштерінде. В) Катушканың ішіндегі кеңістікте.
С) Жалғастырғыш сымдарда. Д) Анықталмаған.
Е) Катушканың өткізгіштерінде және жалғастырғыш сымдарда.
6. Контурдағы өздік индукция ағыны қандай өрнекпен анықталады?
Ф=BS sina
Ф=Blcosa
Ф=Blsina
Ф=LI
Ф=q2Blsina
7. .Магнит ағыны қандай өлшем бірлікте өлшенеді?
А) [Ф]=Гн*А. В) [Ф]=Ф*Гн. С) [Ф]=В*с.Д) [Ф]ТлЕ) [Ф]Гн*Тл.
8. 0,5 секунда контурдан өтетін магнит ағыны 1 ден 3 Вб артты. Контурдағы индукциялық ЭҚК неге тең.
А) 8В. В) 6В.С) 4В.Д) 2В.Е) 10В
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
|