Сабақтың мақсаты: Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі негізінде аңыз әңгімелер жайлы ұғым қалыптастыру арқылы таным түйсігін дамыту. Сабақтың міндеттері:
А) аңыз туралы алған білімдерін кеңейте отырып, сөйлеу тілін дамытады, сұрақ қойып жауап бере білуге үйренеді. Ә) оқушылардың тіл байлықтары артып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге үйренеді, тілдерін дамиды. Б) аңыз әңгімелер арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіреді. Ізденімпаздықты, ұйымшылдықты үйренеді. Сабақтың типі: қорытынды сабақ. Сабақтың түрі: білімдерін бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: АКТ, СТО стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, автор орындығы Көрнекілігі: прензентациялық слайдтар
Құралдары: маркер, стикер, А3 формат қағаз.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Топқа бөлу
Түстер – қызыл, сары, жасыл, көк.
Әдебиет жанры – ертегі, аңыз, мақал-мәтелдер, жұмбақ.
Кейіпкерлер - Жалпақ, Бала би, Ана, Кейкі.
Әдебиет теориясы – пейзаж, портрет, теңеу, сюжет.
Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері» Сабақ оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуінен басталады.
Бағалау парағы
№
Топ мүшелері
Балл (0-3)
1 (оң)
2 (сол)
Бағалау парағы
Топ аты: _________________________________________________________
Шығарманың арқауы дегеніміз – оқиға желісі, оның дамуы.
Сюжетті шығармалар дегеніміз - батырлар жыры ертегілер, әңгіме, хикаят, романдар.
Сюжетсіз шығармалар - көңіл күйге байланысты өлең. Аңыз - эпостың көне түрлерінің бірі .Бұл да миф (Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі) секілді, әсіресе, қиял араласқан фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті, өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар, аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.