IV. «Сұрақ-жауап» әдісі
-Р.Рейганның мамандығы қандай?
- «Рейганомика» неліктен әйгілі болды?
- «СОИ» бағдарламасының мақсаты не?
- Клинтон кезіндегі медициналық реформалардың нәтижесі қандай болды?
- Кіші Буштың Иракқа қатысты ұстанған саясаты қандай еді?
- Б.Обаманың ең басты жетістігі неде?
|
|
V. АҚШ және лаңкестікпен (терроризммен) күрес.
Оқушылар өз топтарында ортақ қойылған мәселені талқылай келе, өз ойларын ұсынады:
-Біз АҚШ-тың лаңкестікпен әлем бойынша күрес жүргізетінін білеміз;
-АҚШ-тағы 2001 жылы 11 қыркүйектегі сұмдық лаңкестік оқиғасынан кейін, онымен күресуді белсенді және жоспарлы түрде жүргізе бастағанын жақсы түсінеміз;
-Лаңкестікпен күрестің ашық түрі- «Аль каеда» террорлық ұйымы және оның жетекшілеріне қарсы күресте түрлі қарулар мен құралдарды қолданды, нәтижесінде Бен Ладеннің өліміне әкелді;
-АҚШ-тың лаңкестікпен күресу мақсатының аясында «ISAF»-ты құрып, басқа мемлекеттерді өзіне тартып, Ирак, Ауғанстан, Сирия және т.б. лаңкестік ошақтары бар жерлерге әскер кіргізгенін әлем бойынша талдап жатыр.
-АҚШ-тың лаңкестікпен күресудің тиімді жолдары көп, оны қауіпсіздік және лаңкестіктен қорғану үшін басқа мемлекеттер де қолданып келеді. АҚШ-тың лаңкестікпен күресу жолдарын БАҚ құралдары тиімді түрде таратуда, АҚШ халқының лаңкестікпен күресі ақпараттандыру арқылы жоғары сауаттылық деңгейіне жетіп отыр;
-АҚШ-тың лаңкестікпен күресудің тиімді жолдары дүние жүзі елдеріне үлгі және АҚШ бұл мәселеде көшбасшы ел екенін талдайды.
|
Топпен жұмыс.
Топта ақылдасып, мәселені шешудің тиімді жолдарын айтады.
|