Сабақтың тақырыбы І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. «Құлагер» поэмасы



бет1/3
Дата20.01.2023
өлшемі45,99 Kb.
#166004
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№ 1 І.Жанс гіров « лагер» поэмасы


Күні: 17.01.2022

Сынып: 9

Бөлім. Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. «Құлагер» поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
9.2.2.1 Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі роліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

Ақынның- өзіндік қолтаңбасын, стилін анықтай отырып, автор бейнесінің роліне талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Өз ойлары мен көзқарастарын білдіреді, мәселелерді логикалық және әсерлі күйде дамытады.

  • Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданады.

  • Тапсырманы орындауға қызықты тәсілді, тиісті ұстанымды қолданады, аудиторияны жандандыра біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.

  • Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сыныпты жылқы малына қатысты мақал -мәтелдермен 5 топқа бөлу.
1.Жақсы аттың артынан құнан ереді,
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.
2.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді.
3.Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
4.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.
5.Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.
Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.

Оқушылар азарын сабаққа аудару.
Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.



Қалыптастырушы бағалау
«Қамшы»

Жақсы орындалған тапсырмаларға қамшы беріледі.

І. Жансұгіров «Құлагер» поэмасы

Сабақтың ортасы



Қызығушылықты ояту кезеңі.
ЖЖ. Тек бір минут
Жұптарда оқушылар «Тек бір минут» тәсілі арқылыпоэманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады
Мағынаны тану кезеңі.
Үш бәйтерек деген кім? І.Жансүгіров туралы не білеміз?
Оқушылармен ой бөлісу.
1- тапсырма. Оқушылар топ болып тарих пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып, «Құлагер» поэмасы мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап жазады.
1-2-топтар мен 3-4-топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.
Сұрақтар:
1.Ақан сері Ермеймен тауының етегіндегі кімнің асына келді?
2.Осы кезде бәйгеге қанша ат жарысқа түсті?
3.І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасын қай жылы жазды?
4.Поэма неше бөлімнен тұрады?
5.Құлагерге өз бағасын берген кім еді?
6.Жүйрікті жарыста қай жерде мерт қылады?
7.Құлагерді Ақан қай көлдің жағасына арулап көмеді?
8.Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім?
9.Саған шығарманың қай тұсы үлкен ой салды?
Жауапты тақтаға стикерге жазып, аттың суретінің жанына жапсырады.
Соңғы сұрақты дәптерлеріне 2-3 сөйлеммен жазып, пікірлерін айтады.
Дескрипторлар:

  • Сұрақ мазмұнын түсінеді;

  • Сұраққа нақты жауап береді





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет