Сабақтың тақырыбы: Image Composite Editor программасында 3D панорамасын құру



бет1/3
Дата21.10.2023
өлшемі54,19 Kb.
#187318
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
docx1658473987


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

3D модельдеу

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Image Composite Editor программасында 3D панорамасын құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



11.2.4.2 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері
туралы айту
11.2.4.3 - бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады;

Кейбір оқушылар:

Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту:
Топтастыру: «Атомдар мен молекулалар» әдісі.
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос
жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен
араласып, әрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті.
Ал, жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты)
оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған
оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды:
өлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да
отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
Сынып екі топқа бірігеді:
1-топ: «Атомдар». 2-топ: «Молекулалар».
Сергіту: «Ән шырқау» жаттығуы.
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен
қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада
дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев
секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды («Армандастар», «Атамекен», «Өз
елім» т.б.). /Бұл жаттығу оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлайды/.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін естеріне түсіреді.
3D панораманы қандай, ал виртуалды турды жағдайда қолдануға болады?

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.

Жұлдыз
2 балл



Жұмыс дәптері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет