Сабақтың тақырыбы Комуникативті дағдыларын дамыту ойындары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет7/17
Дата09.05.2020
өлшемі1,64 Mb.
#66854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
1 Апта жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Теңдік және теңсіздік. Теңдеу»



Мұғалімнің аты-жөні:

Мулдабекова.Г


Күні : 21.02.2018ж.

Қатысқандар саны:

Сынып: 1 «б»

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.2.3. Белгісіз азайтқышты табу туралы ережені қолда­­ нып, белгісіз азайтқышы бар теңдеуді­ шешу дағдысын қалыптастыру. Осындай теңдеуді­ шешу алгоритмін құрау.

Сабатың мақсаттары:

Барлық оқушылар:




☐ таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілейді; «белгісіз саны бар өрнек» ұғымымен танысады.

Көптеген оқушылар:

белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп таба алады;

Кейбір оқушылар:

Теңдіктегі белгісізді табу арқылы теңдеу шеше алады;

Бағалау критерийлері:

  • ☐ таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілейді; «белгісіз саны бар өрнек» ұғымымен танысады.

  • белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп таба алады;

  • Теңдіктегі белгісізді табу арқылы теңдеу шеше алады;

Тілдік мақсаттар:

Белгісіз – неизвестный – unknown

Сан – цифр – figures



Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын, орыс тілі

Бастапқы білім:

«Теңдеу»

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы:


Амандасу. Түгендеу.

Психологиялық ахуал

Математика, достарым

Ең маңызды, керекті.

Қатал да нақты пәніміз.

Ол - қызықты, сүйікті

Математика пәніміз.

Бөшкеде қанша су қалды? Оқушыларға қара­ пайым есепті шешу ұсынылады. Оқушылар есепті шешу кезінде 40 – х = 10 теңдігін құрады. Оқушылар қанша су жұмсалғанын табу үшін 40 санынан 10-ды шегереді немесе 10 санын 40-қа дейін толық­ тырады. Бірінші жағдайда оқушылар азайту амалын­ орындайды, яғни белгісіз азайтқышты табу ережесін­ қолданады. Егер оқушылар шешімнің екін­ші жолын таңдаса, онда алдыңғы сабақта алған дағдысын­ қолданады.

Жауабы:

30 литр су.


Шаттық


шеңбері

Оқулықпен жұмыс




Сабақтың ортасы:

Сабақтың соңы:



Шығарып көр.

Тапсырманы жұппен орындауды­ ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы оқып, талдайды және белгісіз азайтқышты белгілеп, 7 – х =5 түріндегі теңдеу­ құрастырып, шешу жолы туралы жалпы қоры­ тындыға келуі керек. Оларға жұппен жұмыс істеуді­ ұсыныңыз: бір оқушы теңдеуді шешеді және өзінің­ шешімін түсіндіреді. Ал екінші оқушы өзінің жолдасын­ тыңдайды да, содан соң өз амалын түсіндіре­ отырып тексеруді орындайды.

Жауабы:

2 кәмпит.



Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындауды­ ұсыныңыз­. Тапсырманы орындау үшін ресурста көр­ сетілген “сандық калейдоскоп” қажет. Дөң­гелектің ортасына қағазқыстырғыш пен қарындашты­ оқулықта көрсетілгендей етіп қоямыз. Қарындаш остьтің рөлін, ал қағазқыстырғыш остьтің айналасында қозғалатын бағдардың функциясын атқарады. Оқушылар қағаз­ қыстырғышты­ кез келген бағытта айналдырады. Қағаз­ қыстырғыш дөңгелектегі бір санның тұсына тоқтаған кезде сол сан теңдеудегі азайғыштың рөлін атқарады. Осылайша, оқушылар мүмкін болатын 8 теңдеудің 3-еуін құрастыруы тиіс.

7 – х = 3

15 – х = 3

20 – х = 3

10 – х = 3

9 – х = 3

8 – х = 3

13 – х = 3

14 – х = 3

Жауабы:


мүмкін болатын 8 теңдеудің үш нұсқасын алуға болатын сандар: 4, 5, 6, 7, 12, 17, 10, 11.

Есте сақта! Оқушылармен бірге азайтқыш амалының­ компоненттері атауын және белгісіз азайтқышты табу ережесін қайталаңыз. Айдарды оқытыңыз және оны есте сақтау қажеттігін ескертіңіз.



Сергіту сәті

Иіліп оңға бір, иіліп, солға бір.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Теңдеуді шеш. Оқушылардың белгісіз азайт­ қышты­ табу кезінде алған дағдысын бекіту қажет. Олар төрт теңдеуді шешіп, ағаштың тамы­рына жазыл­ ған жауаптары мен теңдеулерді қосу қажет. Осы тапсырма белгісіз азайтқышты табу сабағында алған дағдыны қолдануға берілген.

Сандық сәуленің көмегімен теңдеуді шеш.

Оқушылармен жеке жұмыс жасау кезінде белгісіз­ азайтқышы бар теңдеуді шешу дағдыларын бекі­ту мүмкіндігі­ туады. Оқушылар есептеу үшін сандық сәулені қолданады,­ өйткені ауызша есептеудің оннан үлкен сандарды азайту тәсілін білмегендіктен, қолдана алмайды.

Жауабы:

15, 6, 8, 13,10.


Оқулықпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс



Жұмыс дәптері



Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ереже лері АКТ құзыреттілігі



Оқушыларға математика лық терминдерді­ дұрыс қолдануға көмектесу. Шешуін тексеруге байла нысты тапсырмаларды орындауда оқушыларды толық жауап беруге және өз таңдауын түсіндіру.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай бағалау парағын беруге болады.





Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?




Бүгін оқушылар не білді?




Сыныптағы ахуал қандай болды?




Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?




Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?




Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Тексерілді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет