Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Сағат саны: 3 (100%)


Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліне тән дауыссыздар Олардың дұрыс айтылуы, жазылуы



бет3/8
Дата27.11.2016
өлшемі1,68 Mb.
#2623
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліне тән дауыссыздар Олардың дұрыс айтылуы, жазылуы.

Дауыссыз дыбыстардың жасалуында өзіндік айырма бар. Қазақ тіліне тән дауыссыздардың саны төртеу.Олар қ ,ғ ,ң ,һ. Қ фонемасы қазақ тіліндегі ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді.Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейді,сөз басында 213кірме сөзде кездессе,сөз ортасында кеңінен қолданылады.Қ дыбысы к дыбысы секілді дыбыстардың әсерінен ұяңданып айтылуға дайын тұрады. Һ дыбысы бірден-бір көмей дыбысы. Бұл мынандай сөздерде жазылады: аһ, гауһар,қаһар,қаһарман,мәшһүр т.б. Қарапайым сөйлеу тілінде һ дыбысы к,қ дыбыстарымен алмастырылып айтыла береді.



Ң фонемасын айқан кезде тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да,тез ажырайды.Ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ң сөз басында мүлдем кездеспейді.

Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,к,қ,г,ч,ц.

Ызың дауыссыздар мыналар: в,ф,с,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин( 33 %).



1-жаттығу Мына сөздердегі шұғыл, ызың дауыссыздарды атаңдар.

Айшық,ақиқат,бапкер,баспасөздік,вариант,графа,мұқаба,жабағы,жерағаш, жиһан,кәкпір,қайнаға,мұхит,падиша,шілік,халуа.



2-жаттығу Мына сөздердегі көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін бос орындарға жазыңдар,

п-б .....айдасыз, .....аласыз, ...аңдық, ....алық, са...ар, са...ақтас,са..антой

т-д ба...пақ, жа...ақ, ....омбыра,

к-г ә...е,е...ін, кө...тем, кө...ер.

с-з а..тар, а...амат,ба...тық, сү.....бе.

ш-ж ша...пау, қа...ымас, қа..шқын.



3- жаттығу Мақал-мәтелдерді оқып шығып жаттап алыңыздар.

Адам деген ардақты ат «человек –это звучит гордо», Әсемпаз болма әрнеге «На чужие кучи глаза не пучи ,не будь падким на всякую вещь», Ештен кеш жақсы « Лучше поздно , чем никогда»



11.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

10 мин( 7 %)

12. Сабақты қорытындылау. 15 мин

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау

13. Үйге тапсырма беру.

«Кітапханада » тақырыбына әңгіме жазып келу

Сабақ 9

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері. Сөз бен қосымша арасындағы фонетикалық заңдылық.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі буын және ықпал түрлерін меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Қазақ тіліне тән дауыссыздар

Дауыссыздардың жіктелуі

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып: Буын түрлері. Сөз бен қосымша арасындағы фонетикалық заңдылық.

Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады.Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын деп атаймыз. Ана,ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады:а-на,а-та. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады,өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесуінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.



  1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, ба-ла,ба-ға ,бо-са, т.б.

  2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық деп атаймыз.Мысалы: ат,от,аз, ән,әр,өс,өр,ұқ,ұт,ық,ін,т.б.

  3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, жент, көл, соқ,т.б.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз аралығында дауыссыз дыбыстардың алдыңғысы соңғысына,соңғысы өзінен бұрынғы дыбысқа бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп аталады және екіге бөлінеді

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

  1. жаттығу Сөздерге көптік жалғауын жалғап, орыс тіліне аударыңыздар.

Егеу, адам, әже, іні, тақта,ағаш,дәптер, балға, қарындаш, кітап, етікші сауыншы, су, жолдас, дос, кереует, кілем.

  1. жаттығу Көшіріп жазып, көптік жалғауларының қалай жасалып тұрғаныны анықтаңыздар.

Үлгі: институттар- корень твердый и оканчивается на глухой согласный.

Сағаттар, кереуеттер, оқушылар, сендер, сіздер, достар, әндер, дәптерлер, қыздар, жігіттер, тілдер, кісілер, адамдар, қағаздар, клубтар, зауыттар, педагогтер.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мысалдар жазып келу.



Сабақ 10

Сабақтың тақырыбы : Ілгерінді және кейінді ықпал

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі буын және ықпал түрлерін меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Буынның түрлері

Сөз бен қосымша

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып : Ілгерінді және кейінді ықпал

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз аралығында дауыссыз дыбыстардың алдыңғысы соңғысына,соңғысы өзінен бұрынғы дыбысқа бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп аталады және екіге бөлінеді

1.Ілгерінді ықпал (прогрессивтік ассимиляция) Сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы алғашқы дыбыстың соңғы дыбысқа өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал деп атаймыз. студент-тер, Қонысбек, тас бер.

2.Кейінді ықпал (регриссивтік ассимиляция) кейінді ықпал-ілгерінді ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі,игеруі. Соңғы дыбыс к,қ,п қатаңдарына біткен сөздерде дауыстыдан басталатынқосымшалар жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың әсерінен өзгеріске ұшырайды:тарағы (тарақ-ы), күрегі ( күрек-і).Регрессивті ықпал күрделі сөздердің, буындардың арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел)



10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

    1. жаттығу Сөздерге ы-і жалғауларын жалғап, сөз соңындағы қатаң дауыссыздардың өзгеру себебін түсіндіріңдер.

Бастық, есеп, еңбек, жәшік, тап, кітап, оқулық, орындық, бауырсақ, бармақ, жақ, жіп, оймақ, сағат, ағаш, дәптер, көз, бор, адам, қарындаш,қалам.

    1. жаттығу Қазақ тіліне аударыңыздар және сұрақтарға жауап беріңіздер.

Мынау (анау) не (кім) ?

Его брат, тарелка, его тетрадь, её бабушка, её дедушка, его учебник, его книга, его бумага, её ручка, её карандаш, его мать, её отец, её сесттра.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мәтінмен жұмыс жасау.



Сабақ 11

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық қызмет көрсету орнында. (Әмбебап дүкенде, базарда ) .Ассимиляция, диссимиляция заңдылықтары.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі ассимиляция, диссимиляция заңдылықтарын меңгерту . Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

Кейінді ықпал дегеніміз не ?


  1. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Лексикалық тақырып : Тұрмыстық қызмет көрсету орындарында ( Әмбебап дүкенде, базарда)

Тұрмысқа қажетті заттарды біз көбінесе әмбебап дүкеннен немесе базардван аламыз. Біздің қаламызда да осындай қажетті заттар сататын орындар көп.

Тауке хан көшесінің бойында Орталық әмбебап дүкен орналасқан. Онда іздеген заттың барлығын табуға болады. Ондағы заттардың орналасуы, тазалық, сатушылардың қызметі жоғарғы деңгейде.

Грамматикалық тақырып : Ассимиляция, диссимиляция заңдылықтары.

Ассимилияция ( латынша- ұқсау деген сөз ) сөздің ішінде немесе сөз бен сөз арасындағы дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жағынан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Мысалы: басшы-башшы, жанбады-жамбады т.б. Оның үш түрі бар : ( ) ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

Диссимилияция (латынша ұқсамау ) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимилияцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимилияцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі Олар бір-бірімен қатар және араға басқа дыбыстар салып тұруы мүмкін. Бұл әдеби тілде сирек құбылыс, көбінесе диалект сөздерде қарапайым сөйлесу тілінде кездеседі Мысалы: маңлай- маңдай, түңлік- түндік, Жанбота – Жамбота,көзсіз-көссіз.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1- жаттығу Асты сызылған сөздерге арнаулы сұрақ қойыңыз.

Үлгі : Адамдар базарға көкөніс, жеміс-жидек алу үшін барады.- Адамдар көкөніс, жеміс-жидек алу үшін қайда барады?

1. Адамдар базарға көкөніс, жеміс-жидек алу үшін барады. 2. Жексенбі күні базарда адам көп болады.3. Базардың іші ығы-жығы халық. 4. сөрелерде көкөніс, жеміс-жидек үйіліп жатыр.5. Базардың іші мен сыртында қауын, қарбыз, асқабақтан аяқ алып жүре алмайсың. 6. Көкөністің бағасы әр түрлі. 7. Ірілері қымбат, ұсақтары арзан. 8. Құлпынайдан маған 2 килогшрамм керек. 9. Асқабақтың бағасы арзан. 10. Менің қарбыз алғым келеді.11. Сатып алушылар сатушылармен саудаласып жатыр. 12. Сатып алушы картоптың бағасын сұрап жатыр. 13. Бәріміз бірге базарды аралап жүрміз.

2-жаттығу Кестедегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Адамдар базарға не үшін келеді?

Овощи, фрукты, картофель, свекла, вишня, груша,арбуз, помидор, перец малина, тыква, дыня лук, черешня


Сіз жидектерден нені жақсы көресіз?

Вишня,смородина, крыжовник,арбуз,малина,клубника, черешня......


Көкөністен не алмақсыз ?

Капуста, морковь, свекла, помидор, огурец,зеленый горошек, чеснок, тыква,редис......


Сіздің жемістен не алғыңыз келеді?

Груша, яблоки, персик, урюк, дыня, чернослив.........


Көкөністің, жемістің, жидектің бағасы қанша ?

Дорогая, высокая, низкая, дешевая, хорошая, приемлемая, 120 тенге, 80 тенге,

3- жаттығу Тексту оқып, ондағы сөздердің екпінін көрсетіңдер.

Күз түсті. Күн салқындады. Ағаш жапырақтары сарғайды. Жапырақтар түсе бастады. Дала гүлдері солды. Күз айы -молшылық айы . Бақшада көкөніс пісті.Колхозшылар шөп шауып алды.Биыл күз жылы, жаңбыр аз жауды.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



15. Үйге тапсырма беру.

Ассимилияция және диссимилияцияға бірнеше мысалдар жазып келу.



Сабақ 12

Сабақтың тақырыбы : Екпін. Тасымал

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі екпін, тасымал, сөздердің көп мағыналылығы мен кәіби сөздерді меңгерту меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Ассимиляция заңдылығы.

Диссимиляция дегеніміз не ?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып : Екпін. Тасымал.

Екпін деп сөздегі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылуын айтамыз.



  1. Қазақ тіліндегі екпіннің орны тұрақты. Ол көбінесее сөздің соңғы буынына түседі. Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады. 
    Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады. 
    Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады. 
    Екпін түспейтін буындар 
    1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз. 
    2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа. 
    3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман. 
    4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

Тасымал деп сөздің бір жолға симай қалуынан екінші жолға бөлініп жазылуын айтамыз. Тасымалданған сөз буын жіктері арқылы бөлініп жазылады. Бір буынды сөздер, қысқарған сөздер, адамның аты-жөні тасымалданбайды


Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздің соңғы буындары дефис (-) арқылы төмендегі тәртіп бойынша тасымалданады.

1. Екі я одан көп буынды сөздер буын жігімен тасымалданады. Мысалы: Рес-пуб-ли-ка-мыз-да, құр-мет-ті, әке-лік т. б.


2. Бір гана дауысты дыбыстан тұратын буынды жол соңына калдыруға да, жаңа жолга тасымалдауга да болмайды. Мысалы: өзі-міз-ге (ө-зімізге емес), ара (а-ра емес), аю (а-ю емес) т. б
3. Екі дауысты дыбыстың ортасында й, у дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, (жау-ап емес), қа-йың (қай-ың емес), са-уын (сау-ын емес), ке-йін (кей-ін емес) т. б.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.


- Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек - сызба жасайық...
.....................................бір сөздің
.....................................бір буынның 
Екпін............................бір дыбыстың ..............................................көтеріңкі , күшті айтылуы 
.....................................бір тіркестің 
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Сөз екпіні
Дыбыс екпіні
Ой екпіні
Тіркес екпіні
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: Екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.

Орыс тілінде


Замок - құлып
Замок – қорған
Мука - азап
Мука - ұн
Қазақ тілінде
Оқу
Оқушы
Оқушылар
Оқушыларға

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет