Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Абай жолы»



бет3/3
Дата05.06.2022
өлшемі23,2 Kb.
#146028
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№38-39 сабақтар
№51, №47, Физика формула (1)
«Оқапта» деген төртінші тарауда Есқожа аулының ерке қызы, сәнді сұлу, әнші Үмітей Көкше Қаратайдың туысы Дүтбайға ұзатылмақшы. Тойда Құдайбердінің ұлы Әмір бастаған сал-серілер өнер көрсетеді. Той үстінде Үмітей Әмірге бұрылып кетеді. Ашуға булыққан Құнанбай Әмірді үйіне алғызып, еңкейіп сәлем бере бергенде, қылқындырып, өлтіре жаздайды. Әкесінің мінезін білетін Абай дер кезінде жетіп, Әмірді арашалап қалады.
Абай Шәке, Ербол, Баймағамбет сияқты бір топ туыс-достарымен аңға шығып, ақ түтек боранда жолдан адасып кетеді. Сол жолы Мотыш руының Аққозы деген жігітіне ұзатылып кеткен ғашығы Тоғжанға кез болады.
«Асуда» деген бесінші тарауда ертегіші, әңгімешілдігімен атағы шыққан Баймағамбет Абай аулына келеді. Ол сюжетін Абай айтқан немесе басқа ел аузындағы оқиғаны баяндағанда жұртты аузына қаратады. Баймағамбет келіпті дегенді естігенде, әңгімесін тыңдауға ел адамдарымен қатар Абай балалары да келеді. Үйде Ақылбай, Әбіш, Мағаштар бар. Қаладан келе жатқан Жидебайдағы үлкен ауылдың көршісі Асылбай Абайға Михайловтың хатын тапсырады, Ресей патшасы өлтірілгенін хабарлайды. Орнына Александр ІІІ отырады.
Абай мен Баймағамбет ертеңіне Семейге жол тартады. Жазушы Абайды Евгений Петрович Михайловпен ұзақ сөйлестіріп, оның өмір тарихынан сыр шертеді. Чернышевский туралы да айтылады. Дәркембай бастаған жатақтардың егінін Тәкежанның малы таптап, жеп кетеді, жеті жылқысы қолды болады.
«Тарауда» деген алтыншы тарауда Балқыбекте сияз болады. Арыз-шағым көп түскендіктен, тағы Лосовскийдің өзі келеді. Тіпті жер мәселесіне байланысты ақын Көкбай Жанатайұлының да үстінен түскен арыз бар. Абай арыз-шағымды өзі тексеріп, кімнің сөзі рас, кімдікі өтірік екенін басын ашып, айтып береді. Көкбайды ақтап алады (Абай алғашқы өлеңін осы ақынның атынан жариялаған. Көкбай Әуезовке Абай туралы мағлұмат беріп, өзі де естелік жазған).
Дәркембайдың отыз қаралы малын қайтартқызады. Салиқа мен Байгөбектің мәселесін шешеді. Ертеңінде сыбан, керей, уақ, тобықты, сақ-тоғалақ, арғын бастатқан екі дуан бас қосқан сияз болады. Болыстардың бәрі төбе би болудан үміткер.
Абай төбе билікке өз туыстарын емес, халық өкілі Асылбекті сайлатқызады. Осы
арқылы қалың ел арасында Абай турашылдығы аңызға айналады. «Абай – адам
да, азамат та» деген сөз тарайды. Абай балаларын орысша оқуға бере бастайды. Өзі
шығармашылыққа біржола ден қояды.
«Биікте» деген жетінші тараудың «Татьянаның сахарадағы әні» деген
тағы бір аты бар. Бұл тарауда Абайдың А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» поэмасының елдегі әсері сөз болады.
Эпилогта Татьянаның әні жұрт арасында кеңінен тарайды. «Алда – өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз… бір қуаты, бір үміті бар… Қуаты – ақындық, үміті – халық»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет