Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»



бет5/6
Дата23.12.2021
өлшемі47,76 Kb.
#127911
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА
Compass RUS CH2, Baktorazov Kazakstan.pdf, 14. Жансейт Имангали ТПГС-19-3, 107727446116 2 макроэкон көрсеткіштер, Глоссарий Толешов Нургиса, 7.1-ресурс
Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Иллюстративті-түсіндірмелі,ынталандыру, сұрақ-жауап,сөйлеу, проблемалық іздендіру, ақпарат беру әдісі,оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Мұқағалидің өз сөзі (аудио түрінде жазылған),бейнебаян, слайд, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Ән- күй, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі .
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
-Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтеді. Біз сіздермен Мұқағали Мақатаев туралы көп мәліметтер алдық және үйге Аққулар ұйықтағанда поэмасын оқуға берілген болатын. Алған білімдеріңізді сынап, пысықтап, қорыту үшін сабағымызды бастаймыз.

1) Сұрақ-жауап (Мұқағали туралы балалардың пікірлері, жинақтаған материалдары бойынша тың деректер) видео.

2) Шығармаларына шолу жасау. Слайд (шығармаларын топтастыру) (тақырып бойынша 1-2 өлең айтқызу, оқыту). Өз даусымен айтылған өлеңді тыңдату. (аудиожазба)

Мұқағали: Қазақтың қара өлеңі- құдыреттім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз.

Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді. \М.Мақатаев шығар.жинағы 1991 ж «Мұқағали жайлы ойласам» жеген алғысөзден оқып беру\.

- Сендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір- ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын,кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың. Жақсы дүние туралы мақтау сөздің өзі - бос сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет