7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансиясының Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.1.4- «Экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория»
ұғымдарын қолдана отырып тауар ақша қатынастарының дамуын түсіндіру.
Сабақ мақсаты
Барлығы: Апиын соғыстарының мәнін түсінеді;
Цинь үкіметінің осыған байланысты ұстанған саясатын біледі;
Көпшілігі:Апиын соғыстарының зардаптарын анықтайды;
Кейбірі: европалықтармен жасалған келісім шарттардың Қытайды күштеп «ашуының» салдарлары екендігін тұжырымдайды.
Еуропалықтардың отаршылдық экспансиясының Шығыстың дәстүрлі
қоғамдарына ықпалын анықтайды
Тілдік мақсаттар
Оқушылар Апиын соғыстарының себеп-салдарын, зардабын, отар елге айналу барысын түсіндіреді; шетелдіктердің Қытайды отарлауы- ның қоғам дамуы үшін маңыздылығын бағалайды
Негізгі сөздер мен тіркестер: Апиын соғыстары, шетелдік экспан- сия, жартылай отар, Гунхан монополиясы; Нанкин,Тяньцзинь, Айгунь келісім-шарттары
Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер: Ағылшындарға Қытайға апиын әкелу ............................тиімді болды.
Сыртқы сауда тек Гунхан арқылы жүру себебі.................................. .
Қытай үшін Нанкин келісімінің маңызы ........................................... Апиын соғысының осы күнге дейін қытай халқының есінде қалу себебі............................................................деп ойлаймын.
Талдауға арналған тармақтар: Қытайды күшпен ашу, әділетсіз келісім-шарттар, жартылай отар ел, экономикалық тәуелділік
Жазылым бойынша: «1 минуттағы ой», «Аяқталмаған сөйлем»,
«Тоғыз гаухартас» ойыны, кестемен жұмыс, жүйелік органайзер, терминмен жұмыс, т.б