Сабақтың тақырыбы: Өндірістегі шығындарының және өндірістің жіктелуі Дәріс : Өндірістегі шығындарының және өндірістің жіктелуі



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,52 Kb.
#96234
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

  1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

Q Q = өндірілген өнім саны.

  1. АС = ТС ,

Q АС – орташа жалпы шығындар.

  1. АҒС = ҒС , АҒС- орташа тұрақты шығындар.

Q

  1. АVС =  , АVС – орташа өзгермелі шығындар.

Q
Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.
Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.
Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады.
Яғни MC=minAC
Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі – зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет