Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет4/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Дамытушылығы:дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей білуге

дағдыландыру;



Тәрбиелігі:өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, бірлікке,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:аралас сабақ .

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

"Қайтып кірер есікті қатты жаппа" тақырыбы бойынша білімдерін тексеру

Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. Айтыс дегеніміз не екен?
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе.Шөже атығай – қарауыл елін аралап жүргенде, жұрт айтыстыру үшін Орынбай ақынды Шөженің үстіне алып кіреді. Екі көзі бірдей су қараңғы Шөже Орынбайдың келгенін сезіп, сөз бастапты...

2. Оқулықпен жүмыс:

айтысты іштен, рөлмен, жалғастырып оқу. Әр шумақта не жайлы айтылғанын талдау.


ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады? Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың? Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады? Шөже қандай мақал айтты?



2. Сергіту сәті.
Ү. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім? (Шөже). Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады?(шешендер). Шөже өздерін біз кімбіз деді? (мен сезімтал, сен көреген). Саған бұл айтыс ұнады ма?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу.
ҮІІ.Бағалау

Күні: 16 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Буын үндестігі. 23-29 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз

болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай

білуге үйрету;

Дамытушылығы:сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін

дамыту;



Тәрбиелігі: еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

22-жаттығуды тексеру. Ереже бойынша білімдерін бағалау



Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Көркем жазу

б) оқулықпен жұмыс

23- жаттығуда

Мақалды оқып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Түбір сөздің соңғы буынындағы және қосымшадағы дауысты дыбыстар бір-бірімен үндесіп тұрғанын түсіндір.Буын үндестігі дегенді қалай түсінесің?

24 -жаттығудағы

Мәтінді көшіріп жаз. Жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын- бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сыз.Қосымшалар бірде жуан, бірде жіңішке болып жалғану себебін түсіндір.


Сергіту сәті
ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі.

25-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талда. Түбірдегі дауысты дыбыс пен қосымшадағы дауысты дыбысқа назараудар. Не байқадың?

26-жаттығу

Сөздерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.

Ү. Қорытындылау

а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?



ҮІ. Үйге тапсырма: 28,29- жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі ойды анықта. Соңғыекі сөйлемді сөз құрамына талда.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 18. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Жұмбақ айтыс.

Мақсаты:

Білімділігі:халық ауыз әдебиетінің бір түрі жұмбақ айтыс туралы айта отырып,

мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету;



Дамытушылығы:дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей білуге

дағдыландыру;



Тәрбиелігі:өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, тапқырлылыққа,

сөздің түбіне жете білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі :аралассабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету кезеңі

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі:оқулық, сызба, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: .

-Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады?

-Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың?

-Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады?

-Шөже қандай мақал айтты?

Үй тапсырмасын қорыту:

-Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім?

-Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады? Шөже өздерін біз кімбіз деді?

-Саған бұл айтыс ұнады ма?

Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Сонымен айтыстың қандай түрлерімен таныстық? (жан – жануарлар айтысы, ақындар айтысы). Бүгінгі сабақта сол айтыстың бір түрі «Жұмбақ» айтысымен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кітаппен жұмыс: айтысты іштен, рөлмен, жалғастырып оқу. Әр шумақта не жайлы айтылғанын талдау.

2. Сөздік жұмыс:

Несібе – сыбаға, ризық, үлес.

Болсын тамам – бітсін, аяқталсын.

-Сапарғали мен Нұржанның айтысы айтыстың қай түріне жатады? (жұмбақ айтысқа). 3.Сергіту сәті:


ІҮ. Жаңа сабақты қорыту:

1. Жұмбақ айтысының дәстүрлі (жай) жұмбақ айтып, шешуден қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма ? (ақындар арасындағы бір – біріне сөз жарыстыру арқылы жұмбақтауы).

2. Сапарғалидың бірінші жұмбағының шешуін тауып, дәптеріңе жаз.




Жұмбақ

Бұл не?

Жансыз бір аяқ

Қалам

Теңіз

Қағаз

Сайрап жатқан жол

Жазу


ҮІ. Қорытындылау:
-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Сапарғалидың екінші жұмбағының шешуінің суретін сал.




Әйнегі, есігі жоқ бір үй бар. Ішінде несібі бар. Жанды, жансыз болады.

(жұмыртқа, құс)


ҮІ. Үйге тапсырма:. Түсініп оқу, мазмұнын айту.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 18 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушылардың алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға мүмкіндік жасау; Дамытушылығы:байланыстырып сөйлеу тілін, дұрыс жазу, дұрыс оқу қабілеттерін

дамыту;



Тәрбиелігі: адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі:Білім,білік, дағдыларды бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1.36-жаттығу тексеру, оқу

2.Жан-жақты білімдерін тексеру



«Жеміс жинау» ойыны алмаларды тиісті сауытқа салу.

Біз қандай дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, оқуға үйрендік? Олар қандай дыбыстар?


Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Өзіндік жұмыс:

а) Кіріспе сөз

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

1-жаттығу. Бір дыбысын өзгерту арқылы сөз тізбегін жаса.Дыбыс сөз жасауда қандай рөл атқарады деп ойлайсың?

2-жаттығудағы Сөздреді екі қатарға бөліп жаз:1- қатарға дыбысы мн әрпі бірдей сөздер, 2- қаратға әрпінен дыбыстарының саны көп сөздер жазылсын.

3-жаттығудағы Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, өлеңді көшіріп жаз.

4-жаттығу. Бір буыннан тұрып, тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз.

5-жаттығу. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз. Қатесіз дұрыс жазып шыққаныңа көз жеткізу үшін оқулықпен тексеріп шық. Соңғы сөйлемнің қарамен жазылған сөздерін сөз құрамына ажырат

6-жаттығу. Оң жақ бағанада қандай сөздер жазылатынын тап. Жазғандарыңның дұрыстығын тексер.

7-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.



Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар тарату.

№1 Ф әрпі бар 4-5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

№2 Х әрпі бар 4-5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

№3 Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?

№4 Халық сөзі бар 2 мақал жаз

. №5 Ц әрпі бар 4 сөз жаз оларға дыбыстық талдау жаса.



Ү. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма: 8-жаттығу .

ҮІІ.Оқушыларды бағалау

Күні: 18. 09.2015 ж.

Пәні: Матемтика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Мақсаты:

Білімділігі:Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп

таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту;



Дамытушылығы:ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер

шығара білуге үйрету.



Түрі: аралассабағы.

Типі: Жаңа білімді үйрету кезеңі

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену,салыстыру.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру: № 6.

Білімін тексеру: Математикалық диктант. (әр оқушыға таратылып беріледі)




Сандарды жаз

Жауабы

1

З мыңдық 2 жүздік 5 ондық 4 бірлік

3 254

2

28 жүздік

28 000

3

9 мыңдық 6 ондық 2 бірлік

9 062

4

1 мыңдық 5 жүздік 6 бірлік

1 506

5

Екі мың үш жүз жетпіс екі

2 370

6

Бір мың бес жүз алты

1 506

7

Үш мың қырық сегіз

3 048

8

1 000 000 санының алдындағы санды жаз

999 999

9

899 999 санынан кейінгі санды жаз

900 000

10

Миллион санын жаз

1 000 000


ІІІ.Жаңа сабақ:

Разрядтағы цифрлар неше бірлік, ондық, жүздік, біклік мың, ондық мың, жүздік мың бар екенін көрсетеді және осы сан шығу үшін оларды қосу керек.

62

6 ондық

2 бірлік



60 +2

362

3 жүздік

6 ондық


2 бірлік

300 + 60 + 2

1 362

1 мыңдық

3 жүздік


6 ондық

2 бірлік


1 000 + 300 + 60 + 2

71 362

7 ондық мың

1 бірлік мың

3 жүздік

6 ондық


2 бірлік

70 000 + 1 000 + 300 + 60 + 2


ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:

Оқулықпен жұмыс.


  • Бірліктердің жалпы санын анықтау үшін, барлық санды атайды.

  • Ондықтардың жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан бір цифрды ойша бөліп алады (10 санында бір нөл)

  • Жүздіктердің жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан екі цифрды ойша бөліп алады (100 санында екі нөл)

  • Мыңдықтардың жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан үш цифрды ойша бөліп алады (1 000 санындаүш нөл)және тағы сол сияқты.



123 456 789 бірлік







123 456 78 ондық




123 456 7 жүздік







123 456  бірлік мың




123 45 ондық мың

123 456 789




123 4 жүздік мың




123  бірлік миллион



12 ондық миллион



1 мыңдық миллион

№ 2. (а). Сандарды оқы.

230 145; 4 780 000; 450 198; 324 471 142; 450 000 000.

(ә). Берілген сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, біклік мың, ондық мың, жүздік мың бар екенін ата.

(б). сандар қатарын кему ретімен жаз.

450 000 000; 324 471 142; 4 780 000; 450 198; 230 145.

№ 3. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оны шығар. (3 топқа бөлініп)

Ш: 35 ∙ 5 = 175 Ж: барлығы бөлке нанға 175 теңге төледі

Ш: 55 ∙ 4 = 220 Ж: барлығы батон нанына 220 теңге төледі

Ш: 30 ∙ 6 = 180 Ж: барлығы күлше нанға 180 теңге төледі

Сергіту сәті

№ 4. Есепті түсіндіріп шығару.

Ш: 240 : 2 = 120 (тг) 1үлкен қойындәптер

120 – 80 = 40 (тг) 1 кішкентай қойындәптер

40 ∙ 5 = 200 (тг) төлеу қажет Ж: 200 тг төлеу қажет.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

№ 5. Теңдеуді шешу. (4 оқушы тақтада). Өздік жұмыс. № 6.

470 000 = 400 000 + 70 000 400 020 = 400 000 + 20

Ү .Қорытындылау.

Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс. № 8



(180 – 120) ∙ 4 + 350 : (400 : 80) + 210 – 4 ∙ 40 =360

ҮІ. Үйге тапсырма: № 7. 26 бет.

ҮІІ. Бағалау




Сандарды жаз

Жауабы

1

З мыңдық 2 жүздік 5 ондық 4 бірлік




2

28 жүздік




3

9 мыңдық 6 ондық 2 бірлік




4

1 мыңдық 5 жүздік 6 бірлік




5

Екі мың үш жүз жетпіс екі




6

Бір мың бес жүз алты




7

Үш мың қырық сегіз




8

1 000 000 санының алдындағы санды жаз




9

899 999 санынан кейінгі санды жаз




10

Миллион санын жаз








Сандарды жаз

Жауабы

1

З мыңдық 2 жүздік 5 ондық 4 бірлік




2

28 жүздік




3

9 мыңдық 6 ондық 2 бірлік




4

1 мыңдық 5 жүздік 6 бірлік




5

Екі мың үш жүз жетпіс екі




6

Бір мың бес жүз алты




7

Үш мың қырық сегіз




8

1 000 000 санының алдындағы санды жаз




9

899 999 санынан кейінгі санды жаз




10

Миллион санын жаз








Сандарды жаз

Жауабы

1

З мыңдық 2 жүздік 5 ондық 4 бірлік




2

28 жүздік




3

9 мыңдық 6 ондық 2 бірлік




4

1 мыңдық 5 жүздік 6 бірлік




5

Екі мың үш жүз жетпіс екі




6

Бір мың бес жүз алты




7

Үш мың қырық сегіз




8

1 000 000 санының алдындағы санды жаз




9

899 999 санынан кейінгі санды жаз




10

Миллион санын жаз





Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет