2 жұп №1.Теңдеу құрып, оны шығарыңдар:
а) p – 20 және 4p + 4 өрнектерінің мәндері тең;
b) 50a + 10 және 2a - 3 өрнектерінің мәні қарама қарсы сандар;
c) x - 1 өрнегінің мәні 3х – 5 өрнегінен 1-ге кем;
d) 2y + 1 өрнегінің мәні у өрнегінен 2 есе кем.
№2. Бірінші себетте екінші себетке қарағанда 5 есе артық алма бар. Егер бірінші себеттен 8 кг алманы екінші себетке салатын болсақ, онда екі себетте алмалар саны тең болады. Алғашында әр себетте қанша алмадан болған?
№3. Екі себетте алмалар саны бірдей. Егер бірінші себеттен 2,8 кг алманы алсақ, онда екінші себетте бірінші себетке қарағанда 2 есе көп алма болады. Алғашында әр себетте қанша килограмм алма болған?
№4. Саяхатшылар жол бойымен 4 км/сағ жылдамдықпен, ал тас жолмен 6 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олар тас жолмен жүргенде жолмен жүрген уақытқа қарағанда 3 сағат аз жұмсады. Саяхатшылар тас жолмен қанша уақыт жүреді, егер жол бойымен және тас жолмен жүретін жолдар тең болса?
Есеп шығаруда мына кестені пайдалан: