Сабақтың тақырыбы Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#89004
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
doc1545499525
doc1545499525
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-3 мин

4-9 мин


10-12 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату.

Әрбір оқушы келесі оқушыға дауысты дыбыстан басталатын комплимент айтады. Мысалы: Бүгін сен ең «ақылдысың», «алғырсың», «әдемісің»...

  1. Білімнің өзектілігін арттыру мақсатында оқушыларға карточкалар беріледі, белгілі бір қасиеттер фигураға сәйкес келген жағдайда , «+» белгісін қою қажет. Оқушылар сәйкестікті анықтағаннан кейін, олар бір-бірімен алмасып, мұғалімге дұрыс жауаптар береді

Егер сәйкестік бар болған жағдайда,«+» белгісін қойыңыз




Параллело
грамм

Тіктөртбұрыш

ромб

квадрат

Қарама қарсы қабырғалары тең













Барлық қабырғалары тең













Қарама-қарсы бұрыштар тең













Барлық бұрыштар бірдей













Диагональдар қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді













Диагональдары тең













Диагональдары перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисалары болып табылады















Төртбұрыштардың қасиеттерін слайд бойынша қайталаймыз: ромб, квадрат, параллелограмм, тікбұрыш.
Бағалау критерийлері:
Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс көрсетілген
Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс қолданылған
Төртбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дұрыс анықталған.

Мұғалім төртбұрыштың қасиеттерін көрсете отырып, орындалған тапсырмаға кері байланыс жасайды.



  1. Проблемалық жағдаятты жасау

Екі қабырғасы ғана паралель болатын ABCD төртбұрышын сызыңыз.
ABCD төртбұрышының паралель қабырғалары туралы не айтасыз?
ABCD төртбұрышының екі паралель емес қабырғаларын қалай атар едіңіз?
Екі қабырғасы ғана паралель болатын басқа да төртбұрыштарды сызыңыз.

  1. Сабақ мақсатын қою. Оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын айқындау:

  • трапецияның анықтамасын қарастыру;

  • тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін сипаттау;

  • трапецияның қасиеттерін төртбұрыштардың қасиеттерімен салыстыру.




Сабақтың ортасы

13-25 мин

26-28 мин
28-30 мин

31-38 мин



  1. Мұғалім теңбүйірлі және тікбұрышты трапеция ұғымдарын енгізеді. Ақпаратты ұғыну барысында оқушылар оны сызба түрінде талдап, біріктіреді.

Трапеция анықтамасы:


Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу Сыныпты шағын топтарға бөліп, тапсырма беру
1. Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу.
2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу. Зерттеудің нәтижелерін тыңдау, пікірталасу, дәптерге, тақтаға жазу.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері:
1. Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең



АВСЕ – параллелограмм. СЕ = АВ = СD.
 СЕD – теңбүйірлі.  .
СЕ АВ,  ,  .

2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең


AB = CD, BC –,  .
 .
AC = BD


Теңбүйірлі трапецияның белгілерін зерттеу
Топтарға тапсырма:
- Теңбүйірлі трапецияның қасиеттеріне қарама қайшы анықтаманы тұжырымдап, оның шынайылығын айқындаңыз.
Зерттеу нәтижелерін тыңдап, пікірталас жасап, дәптерге, тақтаға қорытынды жазу керек.
Теңбүйірлі трапецияның белгілері
1. Егер трапецияның табан бұрыштар тең болса, онда ол теңбүйірлі трапеция

СЕ АВ.
АВСЕ – параллелограмм. СЕ = АВ.
 .  CED – теңбүйірлі.
CE = CD
2. Трапецияның диагоналдары тең болса, онда ол теңбүйірлі трапеция.
Бағалау критерийлері :
- трапецияның анықтамасын білу;
- трапецияны салады;
- трапецияның түрлерін біледі.
Оқу әлеуеті төмендеу оқушыларға параллелограмм мен үшбұрыштың қасиеттерін т қайталау түрінде көмек көрсетіледі.



  1. Т рапецияны өмірде қай кезде қолданамыз сұрағы арқылы, оқушыларды пікірталасқа тарту керек. Трапецияны қалай қолдануға болады?






  1. Оқу мақсатына жету деңгейін «Құмырсқаның илеуі» жаттығуының көмегімен бағалау. Оқушылар стикерде оларға жаңа тақырып бойынша түсініксіз болып қалған сұрақты жазады. Егер де оқушыларда қиыншылықтар кездеспесе, олар өзінің сыныптастарына қызықты сұрақтар ойлап табуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жауап деңгейіне байланысты кері байланыс жүргізіледі.




  1. «Автобус аялдамасы» стратегиясы. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әрі қарай әрбір «аялдамада» 5 минуттың ішінде тапсырма орындайды. Кейіннен, жауап парақтары тақтаға ілініп, оқушылар бір бірін тексереді.

Тапсырма1. Трапецияның бүйір қабырғасы үш тең бөлікке бөлінген, және осы нүктелер арқылы екінші бүйір қабырғасынан өтетін және трапеция табандарына паралель болатын кесінділер өткізілген. Трапеция табандары 2 м және 5 м болса, осы кесінділердің ұзындықтарын табыңыз.
Жауабы: 3м, 4м.
Тапсырма 2.Трапеция қарама қарсы жатқан бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан бұрыштарын табыңыз
Жауабы: 700, 1100.
Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан жүргізілген биіктік үлкен табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөлсе, трапецияның табандарын табыңыз.
Жауабы: 42 см, 30 см.
Тапсырма 4. Теңбүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1м және олардың арасындағы бұрышы 600 –қа тең. Кіші табанын табыңыз.
Жауабы: 1,7 м.
Тапсырма5.Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.
Тапсырма 6.Трапецияның кіші табаны бүйір қабырғасына тең, ал диагональ бүйір қабырңасына перпендикуляр. Трапецияның бұрыштарын табыңыз.
Жауабы: 300, 1500.

Оқушылар өз жұмысын дәптерде тексереді.


Бағалау критерийлері:
- трапецияның түрлерін біледі
- суретті дұрыс салады ;
- трапеция қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс қолданады.
Кері байланыс:
Қандай тапсырмалар қызықты болды?
Қандай тапсырмалар қиыншылықтар тудырды?
Қиындық неден туды ?




Сабақтың соңы
39-40 мин



8. Рефлексия
Мұғалім оқушылардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады. Сабақты ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
- не білдің, не үйрендің;
- қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды;
-қандай бағытта жұмыс жасау керек?
Сұрақтар жазбаша немесе ауызша талқылауға болады. Оқушылар өзінің және сыныптастарының жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалай алады.






Дифференциация – қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Материалды қайталау кезеңінде оқушылар оқу материалын баяндаудың өз деңгейін таңдап, топтарға бөлінеді: білім, түсіну және қолдану (сурет), талдау (анализ және суреттерді салыстыру). Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі типтеріне сәйкес оқу ақпараты ұсынылады. Бекіту кезеңінде білім деңгейі төмен оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріледі.

Мақсат қою кезеңіндегі диагностикалық бағалау жақын даму аймағын анықтау негізінде жүргізіледі.
Түсіну кезеңінде оқушылар салыстырылатын объектілердің дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады.



Оқушылар сыныпта топтық жұмыс кезінде және «Құмырсқаның илеуі» жаттығуларын орындағанда қозғалыс барысында қауіпсіздікті сақтау шараларын қадағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет