10.Қазақстанның Қызыл кітабына енген дәрілік өсімдік
а)Қызғалдақ
ә)Дермене жусан
в)Адыраспан
Қорытынды :
Шөлейт зонасы- дала мен шөл арасындағы өтпелі зона. Қазақстан аумағының 10,8℅-ын алып жатыр.Шөлейт зонаның климаты құрғақ, шұғыл континентті. Бұл зонаның жануарлары- ашық кеңістікті мекендеушілер.Әсіресе кемірушілер үшін қолайлы. Негізінен мал жайылымы үшін пайдаланады, егіншілік тек суармалы жерлерде дамыған.
Шөл зонасы- республиканың 44℅- алып жатыр.Шөлдер үшін қары аз қыс және құрғақ ыстық жаз тән.қазқастанда құмды, сазды және тасты шөлдер кездеседі.Шөл зонаның көркі-қара және ақ сексеуіл, жантақ,шеңгел сынды өсімдіктерінің жапырақтары майда, тамырлары ұзын болады, бойында ылғалды ұзақ сақтау үшін. Қаратау бөктерінде «дермене жусан» өседі одан ішек құрттарын түсіретін сантонин дәрісі жасалады
Сабақты аяқтау.
Табиғатты бабамыз аялай білген секілді.
Даналықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, деп Қ.Мырза Әлі жырлағандай табиғаттың сұлулығын жырлай отырып, қоршаған ортамызды аялауды ұмытпайық.
Үйге тапсырма:
Шөлейт және шөл табиғат зоналарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кесте құру арқылы жазып келу.