«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының



бет9/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring

4. Есептілік

67. ЖБҚБ есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-күніне дейінгі мерзімде осы Ережеге №18 қосымшаға сәйкес қайырымдылық көмекті пайдалану бойынша шоғырландырылған есеп қалыптастырылады:


- пайдаланушы жүзеге асыратын жобалар бойынша - мақсатты пайдалану туралы есеп және пайдаланушы ұсынған қайырымдылық жобасының тиімділігі туралы есеп негізінде;
- Корпоративтік қор бастамашылық ететін жобалар бойынша - осы Ережеге №13 қосымшаға сәйкес құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
68. Пайдаланушылар ұсынатын қайырымдылық жобаны ақпараттық сүйемелдеу жоспарын орындау жөніндегі, сондай-ақ Корпоративтік қор бастамашылық жасайтын және жеке іске асыратын қайырымдылық жобалар бойынша есептердің негізінде ЖБҚБ есепті айдан кейінгі екінші айдың 10-күніне дейінгі мерзімде осы Ережеге №19-қосымшаға сәйкес қайырымдылық жобаларын ақпараттық сүйемелдеу жоспарын орындау бойынша шоғырландырылған есеп қалыптастырылады.
69. Комплаенс-офицер уәкілетті тұлға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қайырымдылық жобалары бойынша дерекнаманың мониторингін жүзеге асырады.
Мониторингке арналған дерекнаманы комплаенс-офицер іріктемелі әдіспен анықтайды.
70. Мониторинг нәтижелері уәкілетті органға және бас директорға ішкі рәсімдерге сәйкес есеп түрінде ұсынылады.
71. Қордың Қайырымдылық бағдарламасының орындалуы туралы жылдық есепті Корпоративтік қор басқарма қарауына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынады.
5. Құжаттарды мұрағатқа тапсыру.

72. ЖБҚБ жауапты қызметкері аяқталған қайырымдылық жобалар бойынша құжаттардың ішкі тізімдемесін жасайды, оған қол қояды және ЖБҚБ директорына келісуге жібереді.


73. Қалыптастырылған дерекнама қабылдау-тапсыру актісі бойынша мұрағатқа беріледі.
ЖБҚБ мұрағатқа жауапты қызметкері ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес құжаттардың бар-жоғын тексереді және өзіне ізделетін ақпаратты қамтитын қайырымдылық жобалар бойынша құжаттардың электрондық тізілімін қалыптастырады:
- пайдаланушының атауы;
- жоба атауы;
- жобаның сомасы;
- парақтар саны;
- құжаттардың реттік нөмірі;
- томдардың сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет