Жорықтық сап (бөлімшеге)
91. Бөлімшенің жорықтық сабы бір лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.
Бөлімшені орнында бір (екі) лекті сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір (екі) лекке – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі. Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штатқа сәйкес сапқа тұрады (16 және 17-суреттер).
16-сурет.
Бөлімшенің жорықтық сабы –
бір лекке
|
17-сурет.
Бөлімшенің жорықтық сабы –
екі лекке
|
92. Бөлімшені өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, оң-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.
93. Бөлімшені лектен өрістетілген сапқа қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, сол-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лекті бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға жарты адым жасайды.
94. Бөлімшені бір лектен екі лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, екі лекпен адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен жүреді, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен лектегі өз орнына 17-суретте көрсетілгендей тұрады; бөлімше «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасына дейін жарты адыммен қозғалады.
95. Бөлімшені екі лектен бір лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша орындалады.
Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) толық адыммен, ал қалғандары – жарты адыммен жүреді; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және толық адыммен қозғалысты жалғастырады.
96. Лектің қозғалыс бағытын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі:
«Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым-ДА», бағыттаушы «ТУРА» командасына дейін солға (оңға) бұрылады, қалғандары оның соңынан жүреді;
«Бөлімше, менің соңымнан, адым-ДА (жүгіре – БАС)», бөлімше командирдің соңынан жүреді.
3 оқу сұрағы. Взвод құрамында саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |